400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ғажайып қыс" әлеуметтік бейімделу тобы.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып қыс" ашық сабақ ерекше оқытуды қажет ететің балаларға арналған. Қыс мезгілі , жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту, зейінің сабаққа аудару.Танымдық қабілеттерің, есте сақтау қабілеттерің , жалпы қол моторикасын дамыту, ойынға қызығушылықтарын арттыру.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіну, көзбен көру, қолмен ұстау. Ұкыптылыққа, әдемілікке , жинақылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бағдаршам» әлеуметтік бейімделу тобы

Пәні: Қоршаған орта
Тақырыбы: Ғажайып қыс
Мақсаты:

Түзете-білімділік: Қыс мезгілі , жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту, зейінің сабаққа аудару.Қыста болатын өзгешеліктерді айту.

Түзете-дамытушылық: Танымдық қабілеттерің, есте сақтау қабілеттерің , жалпы қол моторикасын дамыту, ойынға қызығушылықтарын арттыру.

Түзете-тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезіну, көзбен көру, қолмен ұстау. Ұкыптылыққа, әдемілікке , жинақылыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Қыс көрінісі, мазмұнды суреттер, аққала, қысқыштар, шырша.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарға
Сәлем беріп алайық.

Табиғат бұрышы:

Сурет бойынша жұмыс.

Өткен сабақты қайталау:

Сурет бойынша киімдерді көрсету.

- Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
- Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Бұл киімдерді, біз тек қыста ғана киеміз, жылы киімдер деп аталады.
Жаңа сабақ:
-Ендеше балалар, мен сендерге осы қысқа байланысты өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
- Қыс мезгілі

-Дұрыс,осы қысқа байлаңысты жаттығу жұмысын жасап жіберейік.
Қимыл – қозғалыс жаттығуы:
-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
-Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
-Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
-Жарайсыңдар балалар!
- Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Ендеше балалар таза ауаға шығайық.

Сергіту сәті:

Балалар, енді біз таза ауаға шығып ойнап келейік.

Балалар қараңдаршы қандай ғажап қыс. Айнала ақ тонға оралған.
Жапалақтап қар жауып тұр.
- Аққала неден жасалады?
- Қардан

Тәжірибелік жұмыс:
-Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
-Қардың түсі қандай?
-Ақ
-Қар суық па, жылы ма?
-Суық
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Үш бөліктен тұрады
-Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
-Дөңгелек

Олай болса ,аққала жасайықшы балалар.

Жарайсыңдар балалар, аққаламыз қандай әдемі болды. Енді ішке

кірейік ,тоңып қалған шығарсыңдар.

«Шырша жасау» д/о

Мақсаты: Жалпы қол моторикасын дамыту, ойынға қызығушылығын арттыру.

Шарты: Қысқыштарды қолданып шырша жасау.

Балалар қыста қандай мереке бар, барлық бала жақсы көретін?

- Жаңа жыл

Сабақты қорытындылау: Ғажайып сәт.

/Осы кезде Аяз ата келеді/
- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Келіңіз төрлетіңіз, сіз туралы айтып отыр едік. Балалар,

қонаққа кім келді?
- Аяз ата

Аяз ата:Мен сендердің хаттарыңды алып, сұраған шыршаларыңды әкелдім.

Ойын: «Шырша әсемдеу»

Енді шыршаға ойыншықтарды іліп,әсемдейік.

Қандай әдемі шырша болды!

- Балалар дайындаған жаттауларын болса айта қойыңдар.

(Балалар жаттауларын айтады)

  • Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Ал енді бәріміз шыршаны айнала ән айтып, би билейік.
Жақсы балалар, ал енді мен сендермен қоштасамын,

келесі жыл кездескенше сау болыңдар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі