400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғажайып саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қоллануға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

28.02.2020ж

Сабақтың түрі:

Топтық – Салаватова Алина, Шарипкалиева Марал, Шамгонов Ерқанат, Рыскалиев Сұлтан, Гадылова Айсезім, Уразтаев Тамерлан



Сабақтың тақырыбы

«Ғажайып саяхат»

Сабақтың мақсаттары

а) Түзете - дамыту: Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы сурет салу арқылы суретке деген қызығушылықтарын ояту, қол моторикаларын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту. Қайшымен қию дағдысын дамыту үшін суреттер қидыру. Оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын дамыту және ептіліктері мен жылдамдықтарын арттыру мақсатында «Жұлдызқұрт», «Кім зерек», «Көңілді аяқтар» ойындарын ойнату.

б) Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ептілікке және топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Міндеттер

  • Психологиялық дайындық, сергіту сәті, тапсырмаларды орындату, ойындар ойнату, топтық жұмыстар.

Күтілетін нәтиже

  • Балалармен қарым – қатынастары орнайды;

  • Ойын іс – әрекеттері қалыптасады;

  • Шығармашылық қабілеттері артады;

  • Түстерді дұрыс қолдануға үйренеді;

  • Топпен жұмыс істеуге машықтанады;

Сабақта қолданатын әдістер мен тәсілдер

түсіндіру, ойындар, тапсырмалар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар қолдану.

Маман аралық байланыс

педагог – психолог, олигофренопедагог, логопед, музыкалық ырғақ педагогы, ЕДШ нұсқаушысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

1 – сабақ

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Салембердік біз,

Саламатсыздарма?!

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады)

Жылулық шеңбері





Сабақтың ортасы

25 минут

Балалар бүгін бізга сабаққа көп қонақтар келіпті қане амандасайық. Қане балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап кү жасайық. Балалар мынау ненің суреті? (күннің). Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Қане біз де қайырлы таң тілейік.

Арайлап таң атты,

Нұрлы сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Күлімдейді күніміз.

Жарайсыңдар балалар бүгінгі күніміз жақсы болсын. Ендеше біз сабаққа көңілді, сергек қатысайық. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып саяхат» атап тұрғандай біз бүгін сабақта сурет салып, бояймыз, әртүрлі қимылды ойындар ойнаймыз. Дайынбыз ба, сабаққа балалар? Ендеше кірісейік. Балалар мен сендерге құр қол келмемдім. Мына шарларды ала келдім.

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

  • Төрт мезгіл. Қане атап шығайық (қыс, көктем, жаз, күз)

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай? (ақ). Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. Қыста жер қандай болады? (ақ)

Сары шарды көрсету. Бұл түс қандайжыл мезгілін білдіреді? (күз). Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Ағаштар бүршік жара бастайды (көктем).

Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады? (жаз)

1. Тұзбен сурет салу әдісі.

2. Күн. Қайшымен суреттер қидыру.

Сергіту сәті (әуен арқылы):

Шарты: мен айтамын, балалар мимикамен орындайды.

1. Құс болып ұшу

2. Алма жинау

3. Суға шомылу

4. Қар лақтырып ойнау

5. Қояндай секіру

6. Аюдай қорбаңдау

7. Ұйқыдан керілу.

Жарайысыңдар, балалар сергіту сәтін орындап, бір сергіп алған сияқтымыз. Келесі балалар ғажайып алаңда қимылды ойындар ойнайтын боламыз. Балалар ойынымыз көңілді,әрі қызықты болу үшін екі топқа бөлініп алайық.

1. Ойын: «Жұлдызқұрт»

Мақсаты: жылдамдықты, дәлдікті дамыту.

Шарты: түрлі-түсті доптарды жұлдызқұрттың түсіне сай лақтырып шеңберге допты саламыз.

2. Ойын: «Кім зерек»

Мақсаты: математикалық қабілетін, санауды үйрету, түстерді ажыратуды үйрету.

Шарты: берілген кубиктерді лақтырып,соған сәйкес банкілерін толтырады.

3. Ойын: «Көңілді аяқтар»

Мақсаты: суреттерді ажыратуға, түстерді атап, ажыратуға, жылдамдыққа үйрету.

Шарты: аяқты басу арқылы суреттерді, түстерді атау.

Балалар әр тапсырманы өте жақсы орындадыңыздар, сіздердің денсаулықтарың мықты болып, күш жинап тағы да бір сатыға бойларың өсті деп ойлаймын. Рахмет сіздерге, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін менің сіздерге сыйлығым бар. Балалар қонақтармен қоштасып, сабағымызды аяқтайық. Келеген қонақтармен қоштасайық. Көріскенше күн жақсы, сау саламат болайық!

ойынға қажетті құралдар, суреттер, көрнекілік

тер, түрлі-түсті қағаздар, желім, қағаз,сүлгі, үнтаспа, слайд

Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақты көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету арқылы өз-өздерін бағалау.

Смайликтер

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар тапсырмалар ұнады ма?

  • Не үйрендік?

  • Ойындар ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі