Материалдар / Ашық сабақ «Ғажайып сурет, көркем еңбек әлемінде» сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Ғажайып сурет, көркем еңбек әлемінде» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйретуге, елестетуге және қабілеттерін, шығармашылығын арттырудан жалықпайтын ұстаздар қауымына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
4191
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғажайып сурет, көркем еңбек әлемінде» сайысы


Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам, балға, балта, ара, шеге, ағаштар.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінен 5 - 6 сынып ер балалар арасындағы «Ғажайып сурет, көркем еңбек әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер. Осы сайысты өткізгендегі мақсатымыз жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, оқушыларды бейнелеу өнеріне, көркем еңбекке баулу, қоршаған ортаны, табиғат өмір шындығы туралы өрісін кеңейту, оқушылардың туған өлкеге деген сүйіпеншілігін арттыруға негізделген. 
Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сонымен сайысымыздың шарттары: 
1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру
2. Сөздерден түс аттарын шығару.
3. Қолөнер сайысы (топпен жұмыс).
4. Сурет сайысы (топпен жұмыс)

5. Жұмбақ шешу.

6.  Бейнелеу сайысы (топтық жұмыс)
Топтарымыздың сурет және көркем еңбек өнерін қаншалықты игергендігін бағалайтын, жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. Сайыс 3,4,5 балдық жүйемен бағаланады. 

  1. _______________________________________________________________

  2. _______________________________________________________________

  3. _______________________________________________________________

  4. _______________________________________________________________

  5. _______________________________________________________________

  6. _______________________________________________________________


Ортамызда екі топ сайысқа түскелі отыр. Ендеше сайысымызды бастаймыз.
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық. Қазір ортаға «Таныстыру» сайысы бойынша 5-6 класс оқушыларының «Суретшілер» және «Шебер қолдар» топтарын шақырамыз, қарсы алыңыздар. 1-ші «Суретшілер» тобымен танысайық. 

1.Таныстыру. 
5 - класс. Топ мүшелері:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

«Суретшілер» тобының топ басшысы: 

Ау, халайық, халайық! 
Бәріңе жар салайық. 
Сәлем жолдап баршаңызға, 
Суретшілер кеп тұр бүгін ортаңызға. 

6 - класс. Топ мүшелері:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

«Шебер қолдар» тобының топ басшысы: 
Қолда шеге, балғаммен, 
Алмаймын мен бір тыным 
Жасаумен тек боламын, 
Бұйымның мен түр-түрін. 

І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

Суға тез еритін бояу. (Акварель)

Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

2 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫЛТҚЫЗ (ҚЫЗҒЫЛТ)

3 кезең. Қолөнер сайысы (топпен жұмыс). (Қауіпсіздік ережесін міндетті түрде айтып кету)

Екі топқа қатты қағаз, қарандаш, көшірме қағаз, өшіргіш, тақтай, шегелер, сымдар, басқатырма (копированный бумага және ақ қағаз), балға беріледі. Тақтайға сурет салынған қағазды желімдеп, сымды суреттің контуры бойынша балғамен шегелерді қағады.
4 кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс)

Екі топқа өтірік өлең жолдары беріледі. Мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреді. Топ басшылары шығып түсіндіреді.

І топқа.

Масаға мініп сирақты, 
Моторын «гүр» еткіздім. 
Адасып жүрген жирафты, 
Орманға лезде жеткіздім.

ІІ топқа.

Құмырсқа көлге шомылып, 
Құмға аунады жағада. 
Жазда қарға көміліп, 
Аққала соқты далада.

5 кезең. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.


Тоққа қоссаң зырылдйды,

Бiр бағыттан бұрылмайды.

Жуан жұмыр темiрдi,

Қырнап, жонып кемiрдi,

Өлшеп берсең кеседi,

Керек етсең теседi,

Артық болса қашайды,

Қажет тетiк жасайды.    (Станок)


Қарасаң,

Жай зат сияқты күшi кем,

Бiрақ та,

Бұтiндi қақ бөледi тiсiмен.  (Ара)



Аяғы үшкiр,

Басы доғал.

Ұрсаң шөгедi,

Ұрмасаң обал.   (Шеге)


Қалпақты шымырды,

Төбесiнен ұрады.

Түзетуге қыңырды,

Дәйiм дайын тұрады.  (Балға)



Қыздырып соқсаң иленедi,

Балға мен төстен именедi.   (Темiр)


Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)


6 - кезең. Бейнелеу сайысы (топтық жұмыс)
Экранда екі топқа өлең жолдары көрсетіледі және әні ойналады. Оларды тыңдап, мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреміз. Топ басшылары ортаға шығып түсіндіреді. Әділқазы алқасы суретшілердің жылдамдығына суреттің сапасына қарайды.
I топқа: А. Құнанбаевтың өлеңі «Күз» әні ойналады.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. 

Енесіне иіртіп шуда жібін, 

Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, 

Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен. 

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, 

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, 

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. 

Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,  

Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы. 

Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. 

От жақпаған үйінің сұры қашып, 

Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы


II топқа: Қ. Нұртастың орындауында «Жаса Қазақстан» әні ойналады.
Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген
Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген
Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген Қазақстаным, Қазақстаным  
Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы
Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы
Арманға бастаған бұрылған көп қаласы Қазақстаным, Қазақстаным  
 
[Қайырмасы:]
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.  
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.  
 
Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар
Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар
Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар Қазақстаным, Қазақстаным  
Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым
Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған
Елбасы тарихы болсын мәңгі дастаным Қазақстаным, Қазақстаным  
 
[Қайырмасы:]
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.  
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.
 
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.  
Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім. 

Қорытынды.
Жас мұраты білім, тәлім талабы
Өнер – оқу жастық қару жарағы – демекші бүгінгі өнер туралы «Ғажайып сурет, көркем еңбек әлемінде» атты сайысымыз аяқталды.
Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топты анықтап, марапаттайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!