400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғаламшар ғажаптары" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру; - қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру; - қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғаламшар ғажаптары

Сынып: 7

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ізгі қарым-қатынас

Оқыту технологиясы: СТО, АКТ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: тұжырымдамалық карта,әңгімелеу,пазл әдісі, синквейн әдісі, еркін әңгіме әдісі, жуан-жіңішке сұрақтары

Пән аралық байланыс: психология, астрономия

5Т: тәртіп, талап, ыныштық, татулық, тазалық

Мақсаты: оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік бере отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мағынасын ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

  • қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

  • қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсініктері қалыптасады.

Ресурстар: интерактивті тақта, музыка, дәптер, постер, смайлик, стикер, сурет қиындылары

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру іс-әрекетті

Оқушылармен амандасып, түгелдеп, тыныштық сәтін өткізіп, оқушылардың көңіл күйін көтеру. «Теңіз түбіне саяхат»


І. Қызығушылықты ояту кезеңі

  1. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасына оқушыларға жұлдыздар туралы мәліметтер ізденіп келу тапсырылған. «Автор орындығы» стратегиясы пайдаланылады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.


  1. Дәйексөз

Оқушыларға дәйексөз оқылады. Дәйексөздің мағынасын ашу тапсырылады.

Ғаламды тану – адамды тану

Ш.Айтматов


ІІ. Мағынаны тану кезеңі

  1. Әңгімелеу

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушыларға постерге «Ғалам» сөзіне түйінді идеяларды жазып шығу және қорғау тапсырылады.

«Еркін әңгіме» стратегиясы пайдаланылады.

  1. Жұлдызды түндері аспанға қарағанда қандай сезімде боласың?

  2. Өз ғаламшарын, қоршаған ортаны сүю дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Жердің дөңгелек екенін алғаш рет естігенде қандай күйде болдың?

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы «Адам мен ғалам» мәтінің оқып, талдау тапсырылады. Оқушыларға төмедегі сұрақтар қойылады.

  1. Адам неліктен ғарышты тануға талпынады?

  2. Ғаламды танудың өзін-өзі танумен қандай байланысы бар?

  3. Ғаламды тани отырып, адам сезімі әлемінқалай нәрлендіруге болады?

«Жуан-жіңішке» сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

Оқулық

  1. Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Shape3 Shape1

ІІ топ

Болмыс

Shape2

ІІІ топ

Ғарыш

І топ

Ғалам





Әр топқа әртүрлі тапсырма бөлініп беріледі.

І топ: Сурет қиындыларын құрастырып, постерге өз ойларын жазып, қорғау тапсырылады. «Пазл» әдісі пайдаланылады.

ІІ топ: Сурет қиындыларын құрастырып, бес жолды өлең шығарп, қорғау тапсырылады. «Пазл» әдісі, «Синквейн» әдісі пайдаланылады.

ІІІ топ: Сурет қиындыларын құрастырып, постерге өз ойларын жазып, қорғау тапсырылады. «Пазл» әдісі пайдаланылады.

«Ғарыш әлемі» ойыны ұйымдастырылады.

Бейнежазба. «Ғарыш ғаламаты»

Бейнежазба бойынша өз ойларын айту тапсырылады.

«Бас бармақ» арқылы бағалау

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

  1. Топпен ән айту.

Оқушыларға Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін топпен айту тапсырылады.

Көк тудың желбірегені -

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.


Көк тудың желбірегені -

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес,

маған керегі-

Көк тудың желбірегені.


  1. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасына оқушыларға оқулықтағы «Адамның ғаламмен байланысы» мәтінін оқып, мәтін бойынша өз ойларын жазу тапсырылады.

күнделік

  1. Соңғы тыныштық сәті

Енді көзді жұмып осы сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп, барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырамыз.
































Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гиназиясы















Ашық сабақ

Ғаламшар ғажаптары













Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Әбдуалы Ш. Ә.















Тараз қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі