400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ ""Ғаламшарлар қалай орналасады? 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Бисенова А.Т. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Мектеп: Достық ЖОББМ

Сабақ тақырыбы: Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Күні: 27.01.2020 ж.

Мұғалімі: Хайдарова А.С.


Сынып: 2 Б

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

2.4.2.1.Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау

Сабақ мақсаттары

Күн жүйесінің ғаламшарларымен танысу, олардың орналасу тәртібін анықтау;

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Барлық оқушылар: ғаламшарлардың атауларын біледі.

Көптеген оқушылар: ғаламшарлар тобын күн жүйесіндегі орнын анықтайды, талдайды.

Кейбір оқушылар: ғаламшарларды қасиеттерін салыстырады, зерттейді, сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Оқушылар сипаттарына сәйкес ғаламшарлардың орналасу тәртібін талқылап, қорытындылау.

Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою: Ғаламшарлар қандай тәртіппен орналасқан? Оларға қандай ортақ атау беруге болады? Бұл ғаламшарларды қалай орналастырар едіңдер? Неліктен екендігін айта аласыңдар ма? Себептерді түсіндіру.

Терминология: Ғаламшар, орналасу

Сөз тіркестері: Ғарыш денесі, күн жүйесі, ғарыш денелері

Құндылықтарды дарыту

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыстарды қолдану;

- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығы;

- сын тұрғысынан ойлау;

-жанашыр болу құндылықтарын бойларына сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу - сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын дамыту, математика - ғаламшарларды санап, атауда, қазақ тілі - ғаламшарларды сипаттағанда.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайд

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Ай -жердің табиғи серігі екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

7минут






































Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал туғызу

Жарқырап кү де ашылды

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз-білім алу

Міндетіміз-еңбектену

Алдыңғы сабақ: М: Жұмбақты шеше отырып, алдыңғы сабақты есімізге түсірейік, қайталайық.

Жұмбақ шешу:

Күндіз әйнегі сынады,

Түнде орнында тұрады. (Ай)

Жер серігі. Жердің табиғи серігі. Айдың жерді айнала қозғалысы.

1-қатар: «Қар лақтыру» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау.(ақ қағазға пән бойынша сұрақ жазып, бір-бірне лақтырады)

2-қатар: Жұптық жұмыс, берілген сұрақтарға жауап беру.

- айды біз көре аламыз ба?

-айда тіршілік барма?

-жер серігін неге ай деп атаймыз?

-ай жерден неше есе кем? (6 есе кем)

-ай мен жердің арасы неше км? (384400км)

3-қатар: Оқулық бойынша түсінгендерін айтады.

Ой ашу:

-Ай қайда орналасқан?

-Аспанда айдан басқа тағы нелер бар?

Слайдтағы ғаламшарларды көрсете отырып, сұрақтар қою.

Бұлар нелер?

Олар туралы не білесіңдер?

Ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)

Сақинасы бар ғаламшар? (Сатурн)

Ең қатты жел соғып тұратын ғаламшар? (Нептун)

Ең суық ғаламшар? (Уран)

«тірі» ғаламшар? (Жер)

Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы? (Оқушылардың жауабы)










Күн жүйесі, ғаламшарлар суреттері
























Ортасы

10 минут























1 минут










10 минут














2 минут

Мағынаны тану. Білу және түсіну. «Білім ленд» (бейнетаспа)

(бейнетаспадан алған білімдерін оқушылар ортаға салып талқылайды)


Оқулықпен жұмыс:

Екі суреттегі ғаламшарларды салыстырады

Дескриптор:

*Суреттерді салыстырады;

*Айырмашылығын табады.

ҚБ: басбармақ әдісі арқылы бағалау

Ортақ атау – Күн жүйесі.

Күн жүйесі-күнді айнала қозғалатын ғарыш денелері. Күн жүйесінің құрамына 8 ғаламшар кіреді..

Есте сақта! Ойлан Сен білесіңбе?- оқушылар оқулықтан оқып, ауызша талдайды.










Күн жүйесінің суреті, оқулық.














Сергіту сәті:

Тереңдет ойыңды

Тік ұста бойыңды

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап


Саралауға арналған тапсырмалар

1-қатар: Жұптық жұмыс

1-жұп: сатурн, шолпан ғаламшарларын тап

2-жұп: жер, уран ғаламшарларын тап

3-жұп:меркурий, марс ғаламшарларын тап

4-жұп:юпитер, нептун ғаламшарларын тап

2-қатар: Жеке жұмыс

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Жұлдыз бен ғаламшарлардың атауын жаз. (тақтадан көрсетіп айту)

3-қатар: Топтық жұмыс

планеталарды ретімен жазу

Дескриптор:

*Ғаламшарлар орындарын анықтайды;

ҚБ: бағдаршам әдісі арқылы бір-бірін бағалайды


Қосымша мәлімет:

Ғаламшарлар ішкі күн жүйесі және сыртқы күн жүйесі болып бөлінеді (интербелсенді тақтадан түсіндіремін)













Соңы

10минут


«Орыныңды тап» ойыны арқылы сабақты бекіту.

Әр оқушы ғаламшар бойынша өз орындарын тауып орналасады, күнді айналады.

ҚБ: шапалақ әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Қорытынды:Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, сұрақтарға жауап беріп көрейік.

  1. Ғарышты зерттейтін құралды не дейміз? (телескоп)

  2. Ғарыш денелерін зерттейтін ғылым қалай аталады? (астролог)

  3. Күнге ең жақын орналасқан планета қалай аталады?

  4. Жерге жақын: Күн немесе Ай? (ай)

  5. Ғарышкерлерді ата?

  6. Жерді не қоршап тұр?

  7. Ең үлкен планета қалай аталады?

Кері байланыс: (оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, смайликтерге жапсырады)








































Достық жалпы орта білім беретін мектебі











Shape1

















Пәні: Жаратылыстану

Сыныбы: 2 «б»

Мұғалім: Хайдарова А.С.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі