400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғаламшарлар қалай орналасқан? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға,жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімі:Жер және ғарыш


Күні: 13.02.2020

Сынып: 2


Мектеп: Алғазы ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанбекова Г.Р

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.2.1.Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ғаламшарлардың атауларын біледі. Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтайды.

Көптеген оқушылар: ғаламшарлардың қасиеттерін салыстырады ,талдайды.

Кейбір оқушылар: ғаламшарларды зерттейді, сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу ретін анықтайды.

Жұлдыз бен ғаламшарлардың атауларын жазады.

Ғаламшарлардың қасиеттерін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар сипаттарына сәйкес ғаламшарлардың орналасу тәртібін талқылап, қорытындылау.

Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою: Ғаламшарлар қандай тәртіппен орналасқан? Оларға қандай ортақ атау беруге болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылық саралап оқыту барысында жүзеге асады. Сабақ барысында, оқушылардың белсенділіктерінде еңбек және шығармашылық құндылықтары байқалады.

Пәнаралықбайланыстар

Әдебиеттік оқу - сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын дамыту, математика - ғаламшарларды санап, атау, қазақ тілі - ғаламшарларды сипаттау.

АКТ қолдану дағдылары

Шығармашылық таныстырылымды таныстыруда интербелсенді тақтаны пайдаланылады.

Бастапқы білім

Жер ғаламшарының көрінісі

Жердің шар тәрізді екенін айта алады

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.(Ұ) Оқушылар шеңберге жиналады. Ал балалар тұрайық Үлкен шеңбер құрайық . Жақсы оқып сабақты Білімді оқушы болайық

Айналамыздан нелерді көріп тұрмыз. Жұлдыздардың ерекшеліктері неде? «Өз жұлдызыңды таңда» жұлдыздарды таңдап жұлдыздардағы сандардың ретімен топтарға бөлініп

тұрамыз. Жасырын суретті көру үшін бұлттардағы сұрақтарға жауап береміз.

1топ Серік деген сөзді қалай түсінесің?

2топ Жердің табиғи серігі не? 3топ Неліктен Айды Жердің табиғи серігі деп атайды? 4 топ Ғарыш денелерін ата? Қандай сурет көріп тұрсыңдар?

Күн қандай дене?

2.Күннің қандай пайдасы бар?

Алтын күнмен сәлемдесейік.

Амансың ба, алтын күн Амансың ба, жер ана. Амансың ба, достарым Арайлап атсын әр таңым. 1 топ Ай 2 топ Жер 3 топ Күн 4 топ Жұлдыз



Күн шуағы






Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3


Сабақтың ортасы

5 минут













3 минут









5 минут
















































3 минут











5 минут














2 минут







5 минут








"Ғаламшарлар" бейнеролигін тамашалау Бейне фильмнен не көрдіңдер?

(Т)«Жедел жауап» әдісі бойынша топтар сұрақтарға жауап береді.

1Күн жүйесіндегі орталық жұлдыз қалай аталады?

2.Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?

3 Жер ғаламшары күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар?

4.Күнге жақын орналасқан ғаламшар қалай аталады? Қ Б: жұлдызша тарату Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта өтеді? Ғаламшарлар қалай орналасқан? Сабағымызға қандай мақсат қоямыз? Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Жаңа сабақ түсіндіріледі. Слайдпен жұмыс ғаламшарларды таныстыру Оқулықпен жұмыс 1.Топпен жұмыс. " Ойлан. Пікірлес."

1 топ Қай суретте ғаламшарлар дұрыс орналасқан?

2 топ Екінші суретте ғаламшарлар қалай орналасқан?

3 топ Күн мен ғаламшарға қандай ортақ атау бересің?

4 топ Ғаламшар деген не?

Дескриптор:

-Суреттерді салыстырады;

-Айырмашылығын табады.

- Ортақ атау береді.

-Ғаламшарларды атайды.

Қ/Б Топтық жұмыста суреттерді салыстырып, айырмашылығын табуда белсенділік танытқан оқушыларды "Жұлдызшалар" арқылы бағалау.

(Т) Зерттеу жұмысы. «Ойлан тап» тәсілі.

Ғаламшарлардың аттарын Күннен алыстау реті бойынша қалай есте сақтауға болады? Арнайы сөз тіркестерін ойлап табу.

М-

Ш-

Ж-

М-

Ю-

С-

У-

Н-

Дескриптор:

*Ғаламшарлар орнын анықтайды

*Орындарын есте сақтау үшін сөз тіркесін ойлап табады

ҚБ: “Жарайсыңдар!”,”Тамаша", “Жақсы". Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру.

Оқушылар 8 доппен тұрады. Санамақ айтқанда шығып тұрады. Күнді айналып шеңбер жасайды.

Ғаламшармен ойнап көрсең санамақ

Есте сақтау оңай-ақ

Санауды күннен бастасақ,

Нептун қалар соңында-ақ

Бір дегенім- Меркурий

Екі дегенім-Шолпан

Үш дегенім-Жер

Төрт дегенім-Марс

Бес дегенім- Юпитер

Алты-дегенім-Сатурн

Жеті дегенім-Уран

Сегіз дегенім- Нептун

Есте сақтайық

Күн жүйесінің ғаламшарлары Күннен алыстау реті бойынша орналасады .Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,Сатурн, Уран, Нептун.

Сен білесің бе?

-Бұған дейін Күн жүйесінде тоғыз ғаламшар бар деп есептеліп келді.2006 жылдан бастап Плутонды ғаламшарлар қатарынан алып тастады. Неліктен олай болғанын айта аласыңдар ма?

(Оның өлшемдері ғаламшардан кішкентай.)

Балалар ойланайықшы Жер Нептунның орнында болса,ол қазіргідей болар ма еді? Нептун күн жүйесінен алыс орналасқандықтан ең суық ғаламшар.

Жерде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері тіршілік ете алмайды.

Сергіту сәті

«Ғарыш әлеміне саяхат» Аспан - аспан арайлым
Қызыға саған қараймын
Сені көзбен шоламын
Көктің жүзін барлаймын

«Қарқын»тәсілі

. Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді

Дескриптор

-Күн жүйесі ғаламшарларының қатарын толықтырады.

- Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін анықтайды.

Қ/Б өзін-өзі бағала

Интербелсендітақта.










.

















































Жұмыс дәптері

Бояу қарындаштар






Ғаламшар атаулары жазылған доптар
































Сабақтың

Соңы

5 минут


















2 минут











(Ұ)Галлерияны шарлау

Оқушылар сынып ішінен ғаламшарлардың суретін жинап, ғаламшарды күн жүйесіне орналастырады.

Дескриптор:
-  Ғаламшарларды орналастыра алады
-  Ғаламшарларды басқа ғаламшарлардан ажыратады.
Қ/б: жұлдызшалар таратылады.

Жұлдыздарды санау « Ыстық ғаламшар» сұрақтарға жауап береді.

1.Күн жүйесі деген не?

2.Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді?

3.Ғаламшар деген не?

4.Қай ғаламшар күнге жақын орналасқан?

5. Қай ғаламшар күннен қашық орналасқан?

6. «Орналасу» деген не?

7.Күн қандай дене? 8.Біз қай ғаламшарда тұрамыз? Рефлексия «Зымыран»

Сабақта барлығы түсінікті болса зымыранды жасыл түске бояу.

Тапсырма бойынша сұрақтар туындаса, сары түске бояу.

Мұғалімнің көмегі керек болса, қызыл түске бояу.

Зымыран терезесіне суреттерін жапсырады. Зымырандарды ғарыш әлеміне ұшырамыз.

Жер ғаламшарына ұшырады. Неге жер ғаламшарын таңдадыңдар? Жалғыз тіршілік көзі бар ғаламшар.

Тапсырма; 58-59 бет оқу Жұмыс дәптерін орындау Ғаламшарлар туралы деректер жинап келу.



Ғаламшарлар суреті































Зымыран

Түрлі түсті бояу


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралаудың "Қарқын" тәсілі арқылы оқушыларға жекелей бақылай отырып, , әр оқушының мықты және әлсіз жұмыстары бойынша нұсқау беру.

Оқушыларды ынталандыру, қолдау мақсатында "Тамаша", "Жарайсың", "Өте жақсы" , "Керемет" сөздерін қолдану.

"Жұлдызшалар" арқылы бағалау, жауаптарын толықтыру.

Топтық бағалау.(Критерийлер арқылы)


Сергіту сәті кезінде ептілікпен қимылдау, кедергі келтірмеу.

Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:. Әр түрлі ресурстарды пайдаланып , ғаламшардың моделін жасау.

2. Бейнежазбадан ғаламшар туралы түсінік беру

2Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Критерийалды бағалау

2: Белсенді әдіс жұмыстары

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі