400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ашық сабақ. Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

18 қазан

Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі, Икенова Тилектес Дуйсенбековна

9-сынып

Қатысқандар: 24

Қатыспағандар:

Қазақ тілі

7-бөлім. Бұқаралық ақпарат құралдары

1-сабақ. Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Т/А1.5.1. Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыда баға беріп айту.

9.ӘТН4.4.3. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойды анықтайды. Сабақта құрмалас сөйлемдерді мәтіннен табады.

Оқушылардың көпшілігі мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар мәтіндегі айтылған ойға сыни тұрғыдан баға береді, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийлері

- Мәтіннен негізгі ойды анықтайды;

- Мәтін мазмұнына өз көзқарасын білдіреді;

-Мәтінде айтылған ойға сыни тұрғыда баға береді;

- Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін біледі, қызметтерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнына өз көзқарастарын білдіреді, сыни тұрғыда баға береді. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратады, жасалу жолдарын біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғаламтор, желі, қолжетімді, тінтуір, пернетақта, компьютер, планшет, ұялы телефон т.б.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: электрондық пошта, байланыс жасау, электрондық кітап, саясаттанушы, мәдениеттанушы, фиолсоф, ғаламторшыл бала, демократиялық өлшем, академиялық кітапхана т.б

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ғаламтор деген не?

- Сендер ғаламтор жүйесін қаншалықты қолданасыңдар?

- Ғаламтор қолданудың пайдасы мен зияны қандай?

  • Не себепті ғаламторды пайдалану тиімді деп ойлайсыңдар?

Ишара: қол шапалақтау, қолдау, құптау

Пәнаралық байланыс

«Информатика», «Ағылшын тілі» пәндері

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – «Индустрияландырумен иновацияларға негізделген экономикалық өнім». Білім алушыларды әлемдік жаңашыл идеяларды қабылдауға бағыттау, тәрбиелеу.

Алдыңғы оқу

Ғаламтор және әлеуметтік желі түрлерін біледі, ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу жұмыстары

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ұйымдастыру. Радио мен теледидар туралы білімдерін қорытындылау.

  • Бүгінгі таңда байланыстың тағы қандай түрлері бар? Сендер бір-біріңмен қандай байланыс түрлерін қолданасыңдар?

«Мозайка» әдісі. Әлеуметтік желілер атаулары арқылы топқа бөлінеді.

І топ. «Почта Mail.ru»

ІІ топ. «WhatsApp»

ІІІ топ. «Instagram»

IV топ. «Facebook»

  • Осы айтылған байланыс түрлері не арқылы жүзеге асырылады? Ғаламтор дегеніміз не?

Қызығушылығын ояту. «Топтастыру» әдісі.

«Ғаламторды қандай мақсатта қолданып жүрміз?» деген сұраққа арқылы тақырыпты болжату.


Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 6

Овал 1

ғаламторррр





Прямая со стрелкой 4









Мозайка






Сабақтың ортасы

12 минут

Мәтінмен жұмыс.

1-тапсырма. ТЖ. «Броундық қозғалыс» әдісі.

  • Мәтінді оқу, түсіну, негізгі ойды анықтау;

  • Қосымша мәліметтер жинау;

  • Пікір білдіру.

Дескриптор:

- Оқылған мәтіннен негізгі ойды анықтай алады;

- Оқылған мәтіннен негізгі ойды анықтай алады;

- Мәтінде өз ойларын еркін, ашық білдіре алады.

Қалыптастырушы бағалау

АКТ құралдарының суреттері атқаратын қызметіне қарай жүргізіледі.

Компьютер – өте жақсы, мәліметтер толық;

Планшет – жақсы, жауабын толықтыру керек;

Ұялы телефон – қанағаттанарлық, қайталау қажет.



Мамаева М. Мұқашева Ж.

«Қазақ тілі»

9-сынып

Алматы

«Мектеп» баспасы 2019 ж.

84-85 б.б







5 минут





















13 минут


2-тапсырма. Ж. «INSERT» әдісі.

«Ғаламтор желісінің мүмкіндіктері» мәтінінен өзіне керекті тұстарын түртіп алады.


«V» білемін

«+» жаңа мәлімет

«-» білмеймін

«?» сұрақ туды





Дескриптор:

- Мәтіннен нақты жаңа мәліметті таба алады;

- Туындаған сұрақты нақты көрсете алады;

- Жауабын іздестіреді.

Қалыптастырушы бағалау

«АКТ құралдарының суреттері» арқылы жүргізіледі.


3-тапсырма.ТЖ. «Бірге ойлаймыз» әдісі

  • Ғаламтор желісінен тың ақпараттарды табу;

  • Өз жауаптарын планшетке жазу;

  • Өзара ақпараттарды бөлісу.


І топ. Ғаламтор желісінен мүмкіндіктері (мұнай компаниялары мен өнімдер жайлы ақпаратты табу);

ІІ топ. Ғаламтордың пайдалы жақтарын санамалап айту (білім, ғылым саласында қандай көмек беретіні туралы);

ІІІ топ. Ғаламтордың зиянды жақтары (адам өміріне зияны туралы деректер келтіру)

IV топ. Ғаламтордың бизнес дамытуға қандай ықпалы бар

Дескриптор:

-Тақырыпты ғаламтор желісінен іздеп таба алады.

-Тақырыптың өзектілігін аша алады.


Қалыптастырушы бағалау

«АКТ құралдарының суреттері» арқылы жүргізіледі.







Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «Тазалық» әдісі. Білім алушылар «Чемодан», «Қоқыс жәшігі», «Еттартқыш» суреттеріне стикерді қолданып, бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.



Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Сабақ барысында білім алушыға пайдалы ресурстар (сөз тіркестері, тірек сөздер, сөздіктер) ұсынамын.

Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды күрделендіріп түрлендіремін.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Білім алушыларды қалыптастырушы бағалаумен бағалаймын. Қалыптастырушы бағалауда «АКТ құралдарының» атқаратын қызметіне қарай бағаладым, ондағы мақсатым сабақ тақырыбымен байланысты болғандықтан және оқушының ынтасын арттыру.


Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерді АКТ – мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері сақталады. «Ағылшын тілі» пәнімен байланыстырдым, өйткені АКТ құралдары, әлеуметтік желілер туралы мәліметтер ағылшын тіліндегі терминдермен берілген. АКТ пайдалану жолдары «Информатика» пәнімен тығыз байланысты. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы - білім алушыларды әлемдік жаңашыл идеяларды қабылдауға бағыттау, тәрбиелеу.

Рефлексия.

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаттарынан туындаған сабақ мақсаттары шынайы. Бүгінгі тақырып білім алушылар үшін өте қызықты болады. Олар күнделікті қолданыстағы ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін жақсы біледі, сондықтан тақырыпты меңгереді.Сыныптағы білім алушылардың қызығушылық, бір-біріне деген достық ахуал қалыптасады.

Әлеуметтік желілер атаулары арқылы топқа бөліну, тақырыпты болжату, «Топтастыру» «Броундық қозғалыс», «Бірге ойлаймыз» әдістері сабақтың мағыналы, мазмұнды өтілуіне тікелей ықпал етеді.

Бағалау АКТ құралдарының суреттері арқылы жүргізіледі, әр тапсырмадан кейін қорытынды жасалады.

Кері байланыс «Тазалық» әдісімен жүреді. Мөлшерлеген уақыт ішінде жоспарда көрсетілген жұмыстар толық орындалады. Тиімді жасақталған жоспар өз нәтижесін береді.







ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАМДАУ

  1. Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  • Білім алушыларды әлеуметтік желілер туралы материалды меңгеруде «Броундық қозғалыс» әдісі ұтымды болды.

  • «Бірге ойлаймыз» әдістері тиімді болады.

  1. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  • Ғаламтор мүмкіндіктері туралы бейнефильм көрсетілсе;

  • Таныстырылым жұмысын дайындау тапсырмасы берілсе, сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөніндегі келесі сабағыма қажет мүмкін қандай ақпарат білдім?

Сынып бөлмесі ақпараттық құралдармен жабдықталса, әлеуметтік желілерді пайлалануға қолжетімді болса, ғаламторды мүмкіндіктерін меңгеруге жақсы септігі тиер еді. Жұптық жұмысты жүргізу қажеттілігін білдім.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
2667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі