400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Осы шақ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 7 сынып қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2


Мектеп: №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектеп

Күні: 15.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Пернебаева Индира Оралбекқызы

СЫНЫП: 7

Қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

ҒАЛАМТОР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Cабақтың тақырыбы

Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Осы шақ

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

7.О1 Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

7.ӘТН4.1.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. (Осы шақ, түрлері)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: мәтіндік ақпаратты интерпретациялайды.

Оқушылардың көпшілігі: графиктік ақпаратты интерпретациялайды..

Оқушылардың кейбірі: Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды.

Бағалау критерийі

Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады

Ақпараттар бойынша өзіндік тұжырым жасайды

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында дұрыс қолдана алады

Ойлау деңгейі

Қолдану

Құндылықтарға баулу

Ғаламтордың пайдасы мен зиянын саралау, шегін білу, тәуелді болмау

Пәнаралық байланыс

Информатика, өзін-өзі тану, психология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ғаламтор, әлеуметтік желі, мәтіндік және графикалық ақпарат

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері, уақыты


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

І. Қызығушылығын ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа қатысты қима ғағаздарды ұқсастық бойынша құрастыру арқылы топқа бөлу. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.


  • Сабақ тақырыбын ашу

  • Сабақтың мақсаты анықтау, нақтылау

1. Балалар, суреттерден не байқадыңыздар?

2. Осы мәселе жөнінде қайдай ой айтар едіңіздер?

3. Бүгінгі таңда белең алған осы жағдайды қалай түсінесіздер?

4. Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

ҚБ: Үш шапалақ



қима қағаздар







слайд 1

Сабақтың ортасы


8 мин






















15 мин




































































































3 мин






4 мин






1 мин

1- тапсырма Жеке жұмыс

Осы шақ туралы ережені оқыңыз. Түсінгеніңіз бойынша графиктік сызба жасаңыз. Графиктік сызбаңыз диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте үлгісінде болуы тиіс.

Осы шақ және нақ осы шақ

Дескриптор

Білім алушы:

1. Ереже бойынша осы шақ және нақ осы шақ туралы ақпарат алады;

2. Графиктік сызба жасайды (диаграмма, сызықтық, шеңбер, кесте)


2-тапсырма

Топтық жұмыс. Постермен жұмыс

Постерге қойылатын критерий:

1. Оқушыларға түсінікті болу;

2. Эстетикалық талғамға сай болу;

3. Ақпараттың толық қамтылуы;


1-топ Ғаламтор туралы түсіндіріп өту

Интернет - бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. 
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. 
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».  Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2- топ Адамзатқа ғаламтордың пайдасы

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.

3-топ Адамзатқа ғаламтордың зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.       Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.

Жастардың көбісі күні-түнімен алтын уақыттарын ғаламторда өткізгенді әдет қылып алды. Ол адамның өмірінің бір бөлігі секілді. Таң атқаннан кеш батқанға дейін ғаламтормен бірге өмір сүретін адамдар да аз емес. 2018 жылғы статистика бойынша әлем халқының төрттен бірі ғаламторды пайдаланады екен. Ол дегеніңіз 1,5 млрд. адамды құрайды. Ғаламтордың негізгі көзі «Google»-ге кірмеген адам жоқ шығар. Қазіргі жастар үшін білімнің көзі кітап емес, осы «Google». «Іздегенің алдыңан, қиналмай-ақ табылар» деген ұранмен керектің барлығын тауып ала алады. Бірақ сол үшін ойламаған ақпараттарға қалай кіріп кеткенін, жын-шайтандардың басын қалай айналдырып алғанын байқамай да қалады. Арбауына алданып, жолынан шатасады.

Бағалау.

Топ мүшелері бір- бірінің жұмыстарын критерийге сүйене отырып, ықылас белгілері арқылы бағалайды.

Сергіту сәті «Блиц кездесу»

Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы әлеуметтік желілердің суреті көрсетіледі. Ортаға шыққан оқушыға басқа оқушылар тұспалдап жеткізіу арқылы суреттің атын табу керек.


3- тапсырма. Жазылым тапсырмасы

2-жаттығу Көп нүктенің орнына керекті осы шақтағы сөздерді қойып, нақ осы шақтарды атаңдар. Олардың қай жақта тұрғанын ажыратыңдар.


Үй тапсырмасы

4-жаттығу Берілген сөздерді қатыстырып, нақ осы шақта тұрған сөйлем құраңдар;


7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

142-бет












плакаттар, маркер, смайликтер















































































































7- сынып «Қазақ тілі» оқулығы 143-144- бет

Соңы

Кері байланыс

4 мин.


Рефлексия.

Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жетті ме? Соны жазып, толтыру үшін стикерлер тарату;





Барлығы түсінікті Ойым басқа жақта Мүлде түсінбедім

стикерлер

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс –

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі).

Сыныпта барлық оқушыларға қолдау көрсету мақсатында бәріне бірдей тапсырмалар берілді. Қабілетті оқушылар постермен жұмыс барысында өз белсенділіктерін көрсетті.

Мадақтап отыру;

Шапалақ арқылы бағалау;

«Табыс критерийі» арқылы ықылас белгілерімен;

Информатика, өзін- өзі тану. Оқытуды жақсатру үшін АКТ қолданылды. Мақсаты: оқушыларға дайындалған тапсырманы көрсету үшін интербелсенді тақта пайдаланылды. Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысқан және қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?










Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі