Бекітемін:
М.Өскенбаев атындағы балалар
саз мектебінің оқу ісінің
меңгерушісі
_____________ Батыров М.Т.
07 ақпан 2019ж
Ашық сабақ.
Оқытушы: Төлен Б.Қ.
Оқушы: Баринов Арыстан 2 сынып.
Пәні: Арнаулы аспап домбыра-прима.
Күні: 07 ақпан 2019ж.
Тақырыбы: «Гамма, этюд арқылы оқушының прима аспабында
ойнау техникасын дамыту».
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Оқушының музыкаға деген ынтасын арттыру.
Гаммада әртүрлі штрихтарды,
әдіс-амалдарды қолдану;
Тәрбиелік: Оқушыны адамгершілікке, жақсылыққа
ұмтылуға, өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.
Дамытушылық: Гамма, этюд арқылы оқушының прима аспабында
ойнау техникасын дамыту. Күрделі шығармалар
ойнауға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аспапта ойнап көрсеру.
Сабақты өткізу әдісі: а) Оқушыға әртүрлі штрихтарды меңгерту.
б) Фортепиано аспабымен қосылып ойнау.
Пәнаралық байланыс: Сольфеджио, музыка әдебиеті.
Пайдаланған әдебиет: А.Я.Александров. «Школа игры на
трехструнной домре»
Кіріспе сөз.
Қазақтың ұлы академигі, ком-р А.Қ.Жұбанов алғаш ұлт-аспаптар оркестрін құрғанда домра-прима аспабын илюстратор есебінде қолданған. Содан бастап ұ. А. Оркестрінде домра-прима ойналып келеді. Бертін келе прима аспабы қазақ аспабы ретінде қолданылып келеді. Приманың дауысы өз алдына ерекше, оркестрге қандайда болмасын музыкалық орындалуында ерекше әсер беріп отырады.
Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығындағы биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма деп аталады.
Ал арпеджио-аккорд дыбыстарының бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі.
Гамма мен арпеджионың қандай аспап үшінде мәні зор. Гамма мен арпеджионы меңгеру оқушының сол қолының техникасының қалыптасуына және оның саусақтарының жылдам ала білуіне үлкен әсер етеді. Гаммаларды, арпеджиоларды меңгеру күнбе-күн дайындалуды талап етеді. Гамма,арпеджиомен жұмыс істегендегі басты мәселе, ол дыбыстың тазалығы және сапасы. Гамманың барлық дыбыстарын біркелкі ойнау шеберлікті талап етеді.Гамма мен арпеджио барлық аспаптарда ойналатын барлық қағыстарды меңгеруге көп септігін тигізеді.Әртүрлі қағыстармен ойнау оң қолдың білезік буынының жылдам қозғалысын қалыптастырады. Гамманы әртүрлі ырғықтық өлшемдермен және әртүрлі қағыстармен ойнауға болады. Гамма ойнап бастамас бұрын жаттығу ойнап қол жургізіп алу керек.
Гаммаға міндетті түрде аппликатура қойылады. Аппликатура-аспапта ойнаған кезде перне басатын саусақтардың орналасу тәртібі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы зор.
Позиция дегеніміз берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы. Приманың мойнындағы бір позицияның көлемі /1-4саусақтар аралығы/ кварта интервалын құрайды.
Гамма Фа мажор
Бір ішектен екінші ішекке ауысқанда дыбысты үзбей ауысу керек. Оң қолдың білезік буыны бос болса, дыбыс әдемі естіледі.
Фа мажор гаммасын әртүрлі штрихта ойнау.
-
пvпv
-
пvп
-
пv
-
п
Гамманы үзік ырғақпен (пунктирный ритм) ойнау үлкен жаттығуды қажет етеді. Бұл ырғақты ойнаудағы қиындық –бірінші нүктелі сегіздік нота төмен қағыспен жәй ойналса, оналтылық нота жоғары қағыспен қысқа ойналады.
Үзік ырғақтың екінші түрі – алдыңғыдан керісінше, бірінші оналтылық нота төмен қағыспен қысқа ойналса, екінші сегіздік нүктелі нота жоғары қағыспен жәй ойналады.
Тремоло қағысы. Гамманы тремоло қағысымен ойнаудыңда пайдасы көп. Тремолоның жиі шығуы оң қолдың білезік буынының қысқа да жиі қозғалысына байланысты. Тремоло қағысы ТР әріпімен немесе нотаның жоғарғы жағына қысқа сызықша қою арқылы белгіленеді. Тремоло қағысы жиі болған жағдайда өте әдемі естіледі. Оң қолдың қысқа да жеңіл қозғалысы примада ойнау техникасына үлкен әсер етеді.
Арпеджио. Гамма ойналғаннан кейін міндетті түрде арпеджио ойналады. Оқушы арпеджионы өте асықпай, жәй екпінде меңгергені дұрыс. Мұнда аса көңіл бөлетін жай- бұл аппликатураны жақсы меңгеру және сол қол саусақтарының дұрыс жылжуын қамтамасыз ету.
Гамма мен арпеджио оқушының орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі.
Гамма Ре минор
Натуралдық
Гармониялық
Мелодиялық
Арпеджио. Гамма бір октавада ойналса, онда оның арпеджиосын аккордпен ойнауға болады. Арпеджионы аккордпен ойнау, күрделі шығармаларда кездесетін аккордтарды оңай, әрі тез оқып, жеңіл ойнауына көп пайдасы бар.
Аспапта ойнау техникамызды дамыту үшін гаммалар мен қатар этюдте қолданылады. Этюд – қандайда болмасын музыкалық аспаптарда ойналатын сол қол мен оң қолдың техникасын өсіру үшін тартылатын жаттығулар. Яғни, оқушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдауға арналған шығарма.
Күй толғау С.Харесов
Қорытынды.

Сабақ жүрісі.
Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Гамма Фа мажор.
Гамма Ре минор.
С. Коняев. «Этюд»
В. Евдокимов. «Этюд»
Қорытынды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Гамма,этюд арқылы оқушының прима аспабында ойнау техникасын дамыту

шағым қалдыра аласыз