Материалдар / Ашық сабақ "Ғарыш әлемі" 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ғарыш әлемі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағат жоспары,көрнекіліктерімен 1 сынып оқушылары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2024
144
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: 12 cәуір - Ғарышкерлер күні.

Мақсаты: Оқушыларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін қалыптастырып, ұшқыш және ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу. Сыйластыққа, табандылыққа және шыдамдылыққа үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.

Тәрбиелік: Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Өткізілу формасы: Танымдық сағат.

Өткізілетін орны: “№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені ” КММ, 26 кабинет

Мерзімі: 08.04.2024

Уақыты: 10.20-11.00

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, бейнетаспа, фондық музыка, декорациялар, таратпа материалдар, ғарышкерлердің суреттері, пазл суреттері, т.б.

Қолданылатын әдебиеттер: Интернет ресурстары

Тәрбие сағатының құрылымы:

А).Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Cәлеметсіздер ме, оқушыларлар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар тәрбие сағатымызды бастамас бұрын “Ғарышкер қозғалысы” әдісі арқылы бір-бірімізбен амандасып алайық.

Психологиялық ахуал: “Ғарышкер қозғалысы” барлығымыз үстел үстіндегі стакандарды алып, басымызға қоямыз және менің іс-әрекетімді қайталаймыз.

Алақанды соқ, соқ, соқ,

Шапалақ, шапалақ

Алақанды соқ, соқ, соқ,

Шапалақ, шапалақ.

Оң жаққа біз қараймыз,

Қолымызды бұлғаймыз!

Сол жаққа біз қараймыз,

Қолымызды бұлғаймыз! – Жарайсыңдар, балалар!

Жұмбақ шешу

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.

(зымыран)


Ұшқыш емес, бірақ ол,
Аспанда қалықтап ұшады.
Оны кім деп ойлайсыңдар?

(Ғарышкер)


Қызыл күлше тау асты,
Ыстық нұрын шашады.

(күн)



Сұрақ-жауап

- Оқушылар зымыран, ғарышкер, күн бұнын бәрі немен байланысты деп ойлайсыздар?

- Ғарышпен байланысты.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем.

-Көктемнің неше айы бар? Оларды атап айтыңдаршы. - Наурыз, сәуір, мамыр.

-Дұрыс, ал қазір көктем мезгілінің қай айы? – Сәуір айы.

Иә, дұрыс айтасыңдар. Балалар сәуір айында үлкен бір мереке бар. Бұл мереке бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы “12 сәуір – Ғарышкерлер күні”.

Б). Негізгі бөлім

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру

(Презентация арқылы түсіндіру )

- Балалар, біз бүгін жаңа мамандық иесімен танысамыз. Ол – ғарышкер мамандығы. Ғарышкерлер дегеніміз кімдер? Олар – ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын, арнайы дайындалған мамандар.

- Ғарыш – табиғаттың бір бөлшегі. Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Ғарышкерлер ғарышқа зымыранмен ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарышқа ұшатын Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр өзіміздің Қызылорда обылысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол - скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады.

Ғарышқа ең алғаш нелерді ұшырып еді?

- Ғалымдар ең алғаш ғарышқа жіберуге адамдарды емес, кішігірім иттерді таңдаған екен. Өйткені мұндай иттер өте төзімді. Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 4 қазан 1957 жылы ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Бірақ өкінішке орай Лайка атты ғарышкер итіміз ғарыштан жерге қайтып келе алмады.

- Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен бірге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Белка мен Стрелка бірінші рет орбитаны сәтті айналып, Жерге аман-есен оралды.

Ғарыштағы алғышқы адам

- 1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді.

Ең алғашқы қазақ ғарышкерлері

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы. 1991жылы 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен 8 тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1991ж 10 қазан ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

- Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім?

-Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер.

1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

3 ғарышкеріміз – Айдын Айымбетов 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37 Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесімен ұшты.

Ғаламшарлар туралы мәлімет

Күн жүйесінде 9 үлкен планеталар бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

-Оқушылар, ғаламшарлар туралы көбірек мәлімет алу үшін бейнежазба зер салайық. ( ғаламшарлар туралы бейнежазба қосылады)

Тосын сәт.

(Хат келді)

-Оқушылар, бізге Ғарыш әлемінен қонаққа Робот досымыз келіпті. Бірақ ол келе жатып зымыранын соғып, сындырып алған екен. Ол біздің сыныпқа көмек сұрауға келді. Оған көмектесеміз бе? – Иә. Онда робот досымызды байланысқа қосайық.

(Робот байланысқа шығад)

-Cәлеметсіздер ме, балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар мен жадымды зақымдап алдым, сол себепті зымыранды қалай жасауды ұмытып қалдым. Зымыранымды жасау үшін маған сіздердің көмектеріңіз қажет. Сіздер менімен бірге тапсырма орындап, ойын ойнағанда, мен жадымды қайта қалыпқа келтіріп, зымыранымды жасайтын боламын.

Алғашқы ойынымыз Ғарышкерлер деп аталады.

Дидактикалық ойын: Ғарышкерлер

Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеріп, қиялын дамыту.

Ойын барысы: Сендер – ғарышкерсіңдер, ғарышқа сапарға аттануға дайын тұрсыңдар. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ғарыш кемесі - зымыранға отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Жер ғаламшарынан асып, барлық планеталар аралап, зерттеу жасап жүрсіңдер. Ғаламшарларды көріп, оларды санап жатырсыңдар. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 ғаламшар санадық. Ал, енді жер ғаламшарына қайтатын уақытта жақындады. Өздеріне ұнаған ғаламшардан естелікке бір зат алып, зымыранымызға отырып, Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).

В).Бекіту кезеңі:

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»

1-топ

Үлестірмелі материалмен жұмыс: “Зымыран” құрастыру.

Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.

2-топ

Қима материалмен жұмыс: “Күн жүйесін” сәйкестендіру.

Күн жүйесіндегі ғаламшарларды қиып құрастыру.

3-топ

Пазл” әдісі арқылы Ғарыш әлеміндегі өмір суретін құрау.

Сурет бойынша әңгімелеу.

4-топ

Ұшқан зымыран суретін бояп, қима қағазды құрастыру.

(Хат келді)

-Оқушылар, сіздер тапсырмаларды жақсы орындап, робот досымызға көмек бердіңдер. Оның жады қайта орынына келді. Робот досымыз зымыраның жасап, Аспан әлеміне ұшып кетті. Ол сіздерге алғыс ретінде тәтті сыйлық қалдырып кетіпті.

(Сыйлық оқушыларға беріледі)

Сергіту сәті

Ән: “Мен ғарышкер боламын”

Көрдім көк аспанды,

Жұлдызы жарқырайды.

Қарадым қайран қалып,

Қандай әлем ғажайып!

Қайырмасы:

Ендігі, ендігі,

Ендігі ғарышкермін!

Ұшып келем аспанға

Құпиялы жұлдызға

Жұлдызға!

Ғарышкер ақылды,

Ержүректі, білімді.

Өмірдің бар сиқыры

Ай жұлдыздың әлемі.

Г).Қорытынды бөлім:

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан ең алғаш ұшқан орыс азаматы кім?

-Қазақ елінің ғарышкерлерін атап беріңдерші?

Рефлексия: Балалар бүгінгі тәрбие сағаты



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!