400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Ғарыш әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың таныс әріптермен дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, дыбыстарды дұрыс айта білуге, одан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құру дағдыларын одан әрі жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы; « Ғарыш әлеміне саяхат».


Білім саласы; «Қатынас»

Түрі; Сауат ашу.

Сабақтың мақсаты:

1.Балалардың таныс әріптермен дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, дыбыстарды дұрыс айта білуге, одан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құру дағдыларын

одан әрі жетілдіру.

2. Жұмбақ, ребус шешу арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, жазу арқылы саусақтарын дамыту.

3. Шыдамдылыққа, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, көркем әдебиет, тәл дамыту.

Көрнекі құралдар: Ғарыш әлемі бейнеленген тақта, әріптер, суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Шаттық шеңбері.

Балалардың назарын ғарыш әлемі бейнеленген тақтаға аудару.

  • Балалар, қараңдаршы , бұл-ғарыш әлемі. Араларыңда ғарышкер болғысы келетін балалар бар ғой, ғарышқа ұшқыларың келе ме?

Ғарышқа немен ұшамыз?

  • Ғарыш кемесімен.

  • Ендеше барлығымыз ғарыш кемесіне отырып, ұшуға дайындалайық.

  • Балалар:

Біз-ақылды баламыз

Оқып білім аламыз.

Тоқтар, Талғат ағалардай,

Біз ғарышқа ұшамыз! Ш-ш-ш.

  • Балалар, мінеки біз ғарыш әлеміне келдік. Қандай тамаша!

Балаларды ғарыш әлеміндегі ғаламшарлармен таныстыру.

  • Жұлдыздар қандай әдемі! Оларды алғыларың келеме? Жұлдыздарға тек білімді балалар ғана қол жеткізе алады. Жұлдыздардағы тапсырмаларды орындау.



  1. ТShape1 апсырма.

  • Неше жыл мезгілі бар?

  • Жыл мезгілдерін ата?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыста неше ай бар?

  • Қыс айларын ата?

  • Қыстың айырмашылығы неде?

Shape2

  1. Тапсырма.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

Shape3


  1. Тапсырма.

  • Мынау қандай әріптер?

  • Осы әріптерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?

А. Т. П. Н. Ғ. Р. Л. У. Ш. Й. О. Қ. Д. М. Б. С. Ы. Ж. Ұ. ң. Е. К. І. Ә. И. З. Ө.


Shape4

  1. Тапсырма.

Буындарды оқыңдар.

Буындардан сөз құраңдар.

  • Па,-са, -ма,-та, -на, -ға, -ра, -ша, -ла.


Shape5

Shape7 Shape6

5. Тапсырма.

Ребустың шешімін табыңдар. на т



Shape8

+






шы

Shape9 6. Тапсырма.

Заттардың аты қандай әріптен басталса ,

сол әріпті тор көзге жаз.

Сөйлем құрау. Схемасын сызу.






Shape10

Shape12 Shape11








Shape14 Shape13

Shape15




Қорытынды:

  • Балалар, біз қайда жүрміз

  • Ғарыш әлемінде.

  • Ғарыш әлемінде біз нелерді көрдік, не істедік

  • Жұлдыздардың тапсырмаларын орындадық.

Енді барлығымыз ғарыш кемесіне отырып, қайтайық.

Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз данамыз.

Қол бұлғап бәріміз,

Сау болыңыз айтамыз.

Мадақтау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі