Ашық сабақ "Ғарыш дегеніміз не? "

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғарыш дегеніміз не? "

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:________________________

Оқу ісінің меңгерушісі: Дүйсегалиева Г.Н.


Бастауыш сынып апталығы. Ашық сабақ.


Сынып: 1 «Б» Пән: Жаратылыстану. Сабақ реті: 4

Педагогтің аты-жөні

Шопликова Эльмира Орынбаевна

Күні:

21.01.2021 жыл Уақыты: 13:50 – 14:30

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім:

Жер және ғарыш.

Сабақтың тақырыбы

Ғарыш дегеніміз не? (1 сағаты)

Оқу мақсаттары

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ширату тапсырмасы.

Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтын тақырыбын анықтау

Жұмбақтар:
*Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)


*Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)


*Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз
(Зымыран)


*Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
(Ай)


Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен. /Ауа/.


-Жарайсыңдар балалар! Олай болса зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасқан? Дұрыс.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Ендеше біз бүгін аспан әлемі ғарыш туралы білетін боламыз.

- Ғарышқа саяхат жасағыларын келе ме? -Олай болса бізге қандай көлік қажет болады?


-Жұмбақ

шешуін

тауып

айтады.

-Жаңа

сабақтың тақырыбын болжайды.












-Аспан

әлемінде орналасқан.

ҚБ.

мадақтау

Айтылым

Күн, аспан, жұлдыз, ай, ғарышкер, зымыран суреттері тақтаға ілінеді









Өз

фотосы бар

зымыран суреттері оқушыға

үPicture 3 йлестіріп беріледі беріледі


Ортасы

Белсенді оқу тапсырмалары

Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда әртүрлі аспан денелері бар. Аспан денелері мен қозғалысын зерттейтін ғылым -Астрономия деп аталады.Грек тілінен аударғанда «Жұлдыздар заңы» ұғымын білдіреді)

Бақылау

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп ойлаған.

Ежелгі астрономия

-Жыл мезгілінің өзгеруімен байланысты көшіп,жайылымдық жерді ауыстыру үшін;

-Бағыттарды анықтау үшін; т.б. жұлдыздарға қарап,оларды бақылаған.

Зерттеу

-Бақылап,зерттеу арқылы алғашқы күнтізбелерді құрастырды.

-Кейбір жұлдыздар бір-біріне жақын орналасқан. Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталады. Адамдар кейбір шоқжұлдыздарды аңыз кейіпкерлерінің аттарымен атаған. Ол туралы көбірек келесі сабақтарда білетін боламыз.

Ғарышқа саяхат.

-Ғарышкер деген кім?

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, сондықтан арнайы скафандр киімі көмектеседі.Ол ауасы бар, ыстық пен салқыннан қорғайтын ғарыш кеңістігінде жүруге болатын киім. (суреті көрсетіледі) Ғарышкерлерге жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта : шай, су беріледі.

Белсенді оқу тапсырмасы


-Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды

ғарышкер дейміз.

Орыс азаматы

Юрий Гагарин . Қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров

Талғат Мұсабаев Айдын Айымбетов


Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан.


-Денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.




Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмалатрын орындау


ҚБ. мадақтау


Оқылым

Бет 50-51



















ТыңдалымВидеоролик қарау «Зымыран»


Скафандр

суреті


Ғарышкер- лер суреті


Жазылым

33 бет ,

31-жұмыс парағы.

(ғарыш суретін бояу, карточканыжапсыру)

Соңы

Қорытындылау. 
-Біздер қандай ғаламшарда тұрамыз? 
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім? 
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер? 
-Ғарышқа киетін киімді не деп атаймыз?

-Ғарыш дегеніміз не? Т.б.

Жер ғаламшары

Ю.Гагарин

Тоқтар Әубәкіров

Талғат Мұсабаев

Айдын Айымбетов

мадақтау


Сұрақ-жауап әдісі

Кері байланыс

«Рефлексия» кері байланыс.

Зымыранды бағдаршамның үш түсіне қарай бояу.Жер планетасына жапсыру

Picture 3


Сабақтан алған әсерлерін зымыран суретін бояп, тақтаға іледі.


мадақтау


Сабақ басында алған зымыранды, түрлі түсті қарындаш-пен бояу.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы; 
Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді; 
Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2024
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі