400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғарыш дегеніміз не ? 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажет сабақ жоспары. ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді; шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 26.01.2017

Сынып: 1 Ә сынып

Мектеп: Үшарал қазақ гимназиясы

Мұғалім: Г.Т.Ахмедиярова

Пәні: Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы

Жер және ғарыш

Ғарыш дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар:

ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;

шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, математика, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым

Тілдік құзыреттілік

Жер-Земля-Land;Ғарыш-Космос-Space

Ресурстар:

жұлдызды аспанның картасы;

ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері. Интернет-ресурстар:

астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, https://www.youtube.com/watch?v=X-0Lzezbwmc;

астрономияның нені зерттейтіні туралы таным­ дық мультфильм, мысалы, https://www.youtube. com/watch?v=GI0OEuDqrE8&index=1&list=PLlnx ylws3Ecdcw9Tw13eBOnLzwN3nRMLX.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру













Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.









Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған

Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)

Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)

Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына ерекше назар аударуға болады.

Ғаламшарларға байланысты таныстырылып, топқа бөлу.

І-топ «Жұлдыз»

ІІ- топ «Ай»

ІІІ- топ «Жер»

ІҮ- топ «Күн»




Сен білесің бе?

«Астрономия» сөзі гректің «астрон» (жұлдыз),

«номос» (заң) деген сөзінен шыққан.

Ол «жұлдыздар заңы» деп аударылады.

Астрономия-аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым

Ежелгі астрономия

Ежелгі астрономия жайлы суретке қарап оқушылардың өз ойларын айтқызу.

Темірқазық шоқжұлдызы әр уақытта солтүстік бағытты көрсетіп тұрады.

Оқушылар өздері білетін ғаламшарларды атайды.

Күн, ай, жұлдыз, марс, нептун, шолпан.













Оқушылар оздерінің таңдаған ғаламшар суреттеріне байланысты топқа бөлінді.












Ежелгі заманда жұлдыздарға қарап тұстарды бағдарлаған, жұлдызнамалар құрастырған, егінді себу уақыты мен жинау уақытын анықтаған, шоқжұлдыздарды зерттеген.





Сабақтың ортасы



Дәптермен жұмыс: Ғарышта қандай аспан денелері бар?

Ғарыштағы аспан денелерін жазады.

Жер серіктері, ғаламшарлар, жұлдыздар, кометалар, астероидтар

Сергіту сәті

1 минут

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.


Қызықты тапсырма


Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.

-Қалған әріптерден қандай сөз шығады?

Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?”

-Жұлдыздардағы әріптерден ғаламшар сөзін шығарады.

-Қалған әріптерден ғарыш сөзін шығарады.





Оқушылар жұлдыздардың белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы соған байланысты болатыны туралы айтып бере алады.




Ойлан, тап!”

«Ғаламшар» сөзінен жаңа сөздер туындату


Қосымша мәліметтер

Қазақстан ғарышкерлері туралы бейнефильм көрсету.

Үш топқа бірдей сөз беріледі. Әр топ жазған сөздерін оқып,санап қорғап шығады.


-Қазақстанның ғарышкерлері туралы өз ойларын ортаға салады.

Сабақтың соңы














Қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау

Ғарыш әлеміне саяхат

Әр топқа суреттер беріледі, ішінен ғарыш денелерін ғаламшарларды,жұлдыздарды алып, орындарына жабыстыру.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


-Ғарыш денелерін атайды.

-Ғарыштық денелерді сипаттайды.

-Ғарыштық денелердің атауын жазады.














-Ғарыш денелерін табады.







Бас бармақтары арқылы көрсетеді.

Бағалау


  1. Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.

Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойша ғарыштамыз­ деп елестетуді өтіну. “Айналадан не көріп тұрсыңдар?”. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш туралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін білу үшін: “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұрау.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі