Ашық сабақ "Ғарыш туралы түсінік"4-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ғарыш туралы түсінік"4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл дүниетану пәнінен ашық сабағымды бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебі






Дүниетану 4-сынып


Тақырыбы: Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі.









Өткізген: Гумарова Лаззат Елемесқызы

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі






Гумарова Лаззат Елемесқызы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Дүниетану 4-сынып

Тақырыбы: Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі.


Мақсаты: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен таныстыру; танымдық қызығушылықтарын, бақылау білу, талдау, қорытынды жасау білу дағдыларын дамыту; ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.


Көрнекіліктер: Глобус, ғаламшарлар мен күннің макеті, интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер, сызбалар, ауа райын бақылайтын дәптерлер.


Сабақтың түрі: зерттеу - ойын сабағы.



Сабақ барысы:

1) Психологиялық дайындық:

Әрбір адам – туысың, досың, жұрағат.

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.


2) Үй тапсырмасын тексеру. Вассерман кестесін толтыру.

1.- Шалғында қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді?

2. – Далалы жерлерде қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді?

3. – Шөлде өсетін өсімдіктердің ерекшелігін айт және ол жерде қандай жануарлар бар?

4. – Орман-тоғайда қандай жануарлар тіршілік етеді?

5. – Тауларда қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді?

6.- Суқоймада қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекендейді?

7. – Адамдар табиғатты қалай қорғайды?

Ауа райын белгілейтін күнделікпен жұмыс.

  • Өткен аптадағы ең суық күнді атаңдар.

  • Өткен аптадағы ең жылы күнді атаңдар.

3) Жаңа тақырыпты меңгеру.

-Сонау-сонау алысқа жүзсің десең кемелер

Тылсым сырлы ғарышқа ұшсың десең денелер

Жасау үшін бәрін де дүниетану пәні де

Ең маңызды ғылым бұл, сондықтан да,

Сондықтан да, ғылымның тілін біл!

Слайд № 1

- Бүгін біз ғарышқа ұшамыз! Ол үшін не керек? (-Скафандр)

- Скафандрларыңызды киіңіз! (-Құп болады!)

- Белдіктеріңізді тағыңыз! (-Құп болады!)

- Ұшуға әзірсізбе?

(Бәрі бірге) -5,4,3,2,1,0! Старт!

- Біздер қазір галактикадамыз! Отырыңыздар!

Слайд № 2


- Бүгінгі тақырыбымыз – «Жер –ғарыштық дене »


Слайд № 3

Түнде аспанға зер салсақ, көп жұлдыздар көреміз. Олар жарқырап, сәуле шашып тұрады. Олар аспан денелері, жерден алыс орналасқандықтан, бізге кішкентай болып көрінеді. Адамдар жұлдыздарды шоқжұлдыздарға топтастырады. Барлығы 88 шоқжұлдыз бар. Оларға атау берілген. Ең танымал шоқжұлдыздар –Жеті қарақшы мен Кіші жетіқарақшы – оның ең жарық жұлдызы – Темірқазық (Поляр жұлдызы)

Түнгі аспандағы жұлдыздарды бақылайтын адамды «жұлдызшы» деп атаған, кейінірек оларды «астроном» дейтін болды.

Жұлдыздар өз алдына бөлек жүйелерге бірігеді. Бырлық жүйелер галактикаға топтасады. Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, «Құс жолы» деп аталатын галактикаға кіреді. Әлемде ондай галактикалар көп.

Ғарыш денелерінің арақашықтығын километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұл арақашықтар жарықтық жылдамдығымен өлшенеді. Өйткені, ол – ең үлкен жылдамдық. Жарық Жерге 1секундтан аса бере, Күннен 8 минуттан аса уақытта жетеді.

Слайд № 4





Сөздік жұмыс.

Астрономия – ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. «Астр» - «жұлдыз» деген сөз. Шоқжұлдыз, Галактика, Күн жүйесі, Әлем.

Слайд №5

-Саяхатшылар мен теңізшілер сол бойынша бағдарды анықтаған. Солтүстік жақта орналасқандықтан, темірқазыққа қарап , солтүстікті табады.

Жер, Ай, Күн – Ғарыштық денелер. Жер –шағын ғаламшар. Оның диаметрі 1274 километр. Ең үлкен ғаламшар –Юпитер. Оның диаметрі Жердің диаметрінен 11 есе үлкен, ал массасы біздің ғаламшарымыздың массасынан 318 есе үлкен.

Күнді 8 ғаламшар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып тұрады.

Күн – күн жүйесінің орталығы. Ғалымдар шағын ғаламшар Плутонды жұлдыздар қосты. Барлық ғаламшардың пішіні шар тәрізді, ал көлемі әртүрлі, бірақ олардың барлығы Күннен бірнеше есе кіші.




4) Дәптермен жұмыс. Галамшарлардын атауларын жазу.

Сергіту сәті.

-Жоғарға қарап жұлдыздар көрдік,

Төменге қарап Жер-ғаламшар көрдік,

Оңға қарап, солға қарап

Галактиканы көрдік

Слайд № 6

5) Интербелсенді тақтамен жұмыс. Флипчарт

Слайд № 7

- Көп нұктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз!


Күн – Жерге жақын орналасқан ... .

Бұл жанып жатқан – орасан зор ... .

Күннің пішіні ... тәрізді.

Жердің диаметрі ... километр.

Күн жүйесі басқа жұлдыздармен қосылып, «...» деп аталатын галактикаға кіреді.

Күн Жерден ... миллион километрге жуық қашықтықта орналасқан.




6) Тесттік жұмыс


1. Күн дегеніміз не?

А.ғаламшар

Б. Жұлдыз

С. Ғарыштық дене

2. Жер сегеніміз не?

А.ғаламшар

В.Жұлдыз

С. Ғарыштық дене

3.Қүннің температурасы қандай?

А.бірнеше мың градус

В. бірнеше миллион градус

С. 0 градусқа тең

4.Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?

А. Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Меркурий, Сатурн, Уран, Юпитер

В. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

С. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер ,Уран, Нептун, Сатурн.

5) Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?

А. 3

В.4

С. 8

6) Күн жүйесіндегі галамшарды кім зерттейді?

А. Географтар

В.Астрономдар

С. Экологтар

7) Юпитер – бұл ...

А. Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар

В. Күнжүйесіндегі кішкентай ғаламшар

8)Жердің серігі бар ма?

А. Бар, біреу

В. жоқ

7. Оқулықпен жұмыс

8. Қорытындылау. Кестемен жұмыс

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?




- Кім ғарышкер болғысы келеді?

Өлең оқу

Тоқтар аға секілді

Ұшқыш болсақ жарасар.

Ұшқыр кемем не түрлі

Жұлдыздармен таласар

Ғарышкерлер ғарышқа

Байқоңырдан ұшады Қазақстанның құшағы

Қарсы алады оларды.

9. Бағалау. Вассерман кестесіне қарап.

10.Үйге тапсырма: 68-69 бет.

-Үйге қайтайық! 5,4,3,2,1,0! Жерге қош келдік! Белдіктерді шешіңіз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.12.2017
1399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі