Материалдар / ашық сабақ Ғарышка саяхат балабақшаға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Ғарышка саяхат балабақшаға

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешісіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2018
672
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректі ауылының балалар бақшасының тәрбиешісі Секенева Бакытгуль Ауганбековна

Мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Санаты: I

«Күншуақ» тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» , «Шығармашылық», «Таным», «Қатынас»

Тарауы: Қоршаған ортамен таныстыру,жапсыру,математика,тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Мақсаты:

Білімділік:Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін зейіндерін,көріп-тану қабілеттерін дамыта отырып,дүниетанымдарын кеңейту,қиялдарын шарықтату.

Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға,батылдыққа,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау,көңіл-күйді көтеру,ойша ғаламға саяхат,ойын.

Билингвиальды компонент: Ғарышкер-космонавт,ғарыш-космос,зымыран-ракета.

Алдын ала жүргізілген жұмыс : Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.











Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Танымды оятушылық











Ұйымдастыру-ізденушілік

















































































































Таңғажайып сәт:









































































































































































































































Рефлексивті түзету:



































Білу керек:

Игеру керек:



Үйрену керек:





































































































































































































































































































































































































Рефлексивті түзету:



































Білу керек:





Игеру керек:



Үйрену керек:























































































































































































































































































































































































Рефлексивті түзету :































Білу керек :





Игеру керек :



Үйрену керек :





























































































































































































































































































































































Рефлексивті түзету:














Армысың,қайырымды аспан-ата

Армысың,мейірімді жер-ана

Армысың шұғылалы нұрлы -күн

Армысың мейірімді жер-ана

Армысың балабақша,дос-жараң Армысыздар,құрметті қонақтар!



-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?



-Қазір қай мезгіл ?

-Сәуір айында қандай мейрам бар?

Мен сендерге жұмбақ жасырайын:





Ұшқыш емес бірақ та ол

Аспанда қалықтап ұшады

Оны кім деп ойлайсыңдар?



-Ия,дұрыс айтасыңдар!Бүгін біз ғарыш әлемі,ғарышкерлер туралы әңгімелесеміз.

-Балалар,ғарышкер дегеніміз-ғарышқа ,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Ғарышкерді орысша –космонавт дейді.

-Қандай ғарышкерлерді білесіңдер ?

-Иә ,ең бірінші болып Ресей азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ұшты. Сонан соң Қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров ағаларымыз ұшты.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары

-Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттаған едік қой,қане, есімізге түсірейікші.



Көкке ұшамын

Ұшқыш болар баламын

Сонынан ерем ағаның

Ер ғарышкер боламын



Батыр боламын

Көк аспанды сүйемін

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін



Тоқтар менен Талғат

Ғарышқа ұшты самғап

Өлең жазды ақындар.

Екеуіне арнап



Аспан,аспан,арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын

/Тәрбиеші тақпақты оқиды/

Мақтанады өзіңмен

Бүгінгінің баласы

Мүмкін олар ертең-ақ

Ізбасарын болады



-Балалар,ғарышкер қандай болу керек?

-Иә,дұрыс айтасыңдар !

Ғарышқа кез-келген адам ұша бермейді,ол үшін денсаулығы мықты,ақылды,арнайы білімі бар,батыр адам қажет.



Осы кезде есікті тоқылдатып, ғарышкер аға кіреді.

Ғарышкер : -Сәлеметсіңдер ме балалар,сендер мені таныдындар ма ?

Бүгін «Күншуақ» тобында ғарышкердер туралы сабақ өткізіп жатыр деген соң сендерге қонаққа келіп тұрмын.

-Келіңіз,жоғары шығыңыз.

-Балалар,ғарышқа ұшатын ғарышкерлердің арнайы киімдері болады.Оны – скафандр дейді.

Ғарышкер : -Иә, бұл киім – скафандр деп аталады.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ , көлеңке жақта қатты суық ,күн түсіп тұрған жақ-өте ыстық болады,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.

Ғарышкер :- Ал балалар ,менің қайтатын уақытым болды.Сау болыңдар !



-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер ?

-Иә, дұрыс айтасыңдар !

Мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.Осы жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар ғана ,не жапсыратынымызды білетін боласыңдар.



Аспанда бір алып құс

Ызғып ұшып барады

Қарап тұрсаң ғажайып

Сонында із қалады

Ол не ?

-Иә,балалар,бүгін біз зымыранды жапсыруды үйренеміз. Зымыранды орысша –ракета деп айтады.Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі дейміз.Зымыран- жер мен аспан арасында ең тез ұшатын көлік. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер аспан әлеміндегі ерекшеліктерді суретке түсіріп , ондағы ауа мен топырақты зерттейді, оны жерге хабарлап отырады.

-Балалар ,зымыранды жапсырмас бұрын бәріміз ғарышқа саяхат жасайық.

-Біз қай ғаламшарда тұрамыз?

-Иә, дұрыс айтасыңдар! Біз жер ғаламшарында тұрамыз.

-Балалар, мынау- Жер.Жердің пішіні қандай?

Мынау-Күн.Күн жүйесін айнала көптеген ғаламшарлар қоршап тұр. Мынау-Юпитер.Оның сыртында сақинасы бар.Мынау-Марс. Марс ғаламшарының түсі қандай?

-Иә,Марсты- қызыл ғаламшар деп атайды.

-Балалар ,Жер үнемі айналып тұрады .Күн жаққа айналып келгенде бізде таң атып ,күн шығады. Ал Ай жақ бетке келгенде қараңғылық басып ,түн болады екен.Ал күндіз Ай бізге көрінбейді.Оны жарықта «телескоп» деген құралмен көре аламыз.

-Балалар, қай ғаламшарға саяхатқа барғыларың келеді?

Ғарыш әуені естіледі:

«Күншуақ» тобының болашақ ғарышкерлері !

Ғарыш әлеміне саяхат жасауға дайындалыңдар !

Қауіпсіздік белдіктеріңді тағып ,ғарыш тәртібін сақтаңдар !

-Қане ,ұшуға дайындаламыз.

3 , 2 ,1 . Ұштық !

Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.

-Қане ,қонуға дайындаламыз .

3 ,2 ,1 . Қондық !

-Біз қай ғаламшарға келіп қондық?

-Балалар ,біз «Таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне ,қараңдаршы ,бұл ғаламның суы да,талдары да бір түрлі екен.

-Мынау не ?

-Иә ,бұл құcтың ұясы, ол төменде жатыр. Ал көбелектер қайда ұшып жүр ?

Талдардың жапырақтары да жоқ екен.

-Иә ,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.

-Қане ,бұларды өзіміздің жеріміздегідей ,әр нәрсені өз орнына орналастырайық.

Ойын : «Өз орнын тап»

-Жарайсыңдар ,балалар !

-Қане ,ұшуды жалғастырайық.Міне, тағы да бір ғаламға жақындап қалдық,қонамыз.Мынау кім балалар?

-Иә ,біз роботтар ғаламына келген екенбіз.

Осы кезде Робот келеді,қолында телескоп бар.

Робот : -Сә-ле-мет-сің-дер-ме ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-нан кел-дің-дер ?

Робот :Сен-дер-дің жер-лер-ің қа-лай ата-ла-ды?

Робот: Мен сен-дер-ге бір-не-ше тап-сыр-ма алып кел-дім:

-Мына гүл-дің ішін-де не-ше үш-бұ-рыш жа-сы-рыл-ған?

Адас-қан сан-дар-ды та-бың-дар .

-Жа-рай-сың-дар! Сен-дер бі-лім-ді екен-сің-дер.Мен сен-дер-ге сый-лық-қа жұл-дыз-ша-лар бе-рей-ін.

Робот : Сен-дер-дің адам-дар-ың осы жер-де жұ-мыс іс-тей ді. Мен де осы жер-де жұ-мыс іс-тей –мін .Ал ба-ла-лар ме-нің жұ-мыс-ым көп .Сау бо-лың-дар !

-Балалар ,біздің қайтатын уақытымыз болды .Осында көргенімізді жердегі достарымызға , апайларымызға айтып берейік.

-Қане ,ұшуға дайындаламыз.

3 ,2 ,1 . Ұштық !

3 ,2 ,1 . Қондық !

-Балалар ,біз қайда ұшып бардық ?

-Біз немен ұштық ?

Өзімізге осындай зымыран жасасақ қайтеді ?

Зымыранның дене бөлшектері қандай геом. пішіндерден тұрады ?

Ендеше , мына үстелде әр түрлі пішіндер бар ,соларды мына тақтадағы үлгіге қарап,құрастырып,жапсырайық.

Міне, біздің зымыранымыз дайын болды.



-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік? Кімдер туралы білдік ?

Сабақ сендерге ұнады ма?

-Егер ұнаса,көңіл-күйді білдіретін смайликтерді көрсетіңдер.

-Жарайсыңдар ,балалар!

Мынау сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін ғарышкер ағаларың сыйлыққа зымыранды сыйлады.



Қол ұстасып тұрайық

Біз шеңберді құрайық

Көріскенше күн жақсы

Аман-есен болайық!







Күтілетін нәтиже:

Ғарыш әлемі ,Қазақстан ғарышкерлерімен танысып,атай біледі

Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді

Ғарышкерлерді ажырата біледі,ойын шартын түсініп,ойнай білді.
















Балалар қимылқозғалыспен көрсетіп қайталайды.









-көктем



Қар еріп,күн жылынды.



-Сәуір

Ғарышкерлер мейрамы











-ғарышкер















-Ю.А.Гагарин,Т.Әубәкіров,

Т.Мұсабаев





















Саян









Азиз









Сабыржан











Нұртай













Ақылды,білімді,еңбекшіл













-Иә, сіз ғарышкер ағасыз

























Сау болыңыз,ғарышкераға!





-Ұшақ, тікұшақ,зымыран





















-Зымыран























-Жер ғаламшарында





-дөңгелек





-қызыл















-Марсқа













-иә, дайынбыз!

Балалар белдіктерін тағады.







-Марс ғаламшарына







-Құстың ұясы



-суда ұшып жүр









Балалар әр нәрсені өз орнына қояды.









-Робот







-Сәлеметсіз бе?

-Жер ғаламынан



-Қазақ елі





-бес үшбұрыш бар

-екі және бес сандары



-Рахмет!







-Сау болыңыз!













-Аспан әлеміне

-зымыранмен

-иә



Үшбұрыш,төртбұрыш,

дөңгелек











-Ғарыш әлемі,ғарышкерлер туралы.



-иә

Смайликтерді көрсетеді













Балалар шеңбергетұрып,қимыл -қозғалыспен көрсетеді .







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!