Тобы: «Қарлығаш» ересек тобы
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Ғарышкерлер күні»
Мақсаты: Балаларға ғарыш,ғарышкер туралы түсінік беру Күнделікті
өмірмен тығыз ұштастыра отырып балалардың ой қиялын дамыту,сөздік
қорын,тілін байыту,қызығушылықтарын арттырып,Отанын,елін,жерін
сүйуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Зымыран,ұшқыш,планета.
Билингвальды компонент:Ғарыш-космос
Көрнекі
құралдар: Зымыран,ғарышкерлердің суреттері.
Жылулық
шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жайнай түссін қаламыз
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң,
апай!
Тәрбиеші:- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп
жатырмыз?
Балалар:-Жер - біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ
үйіміз.
Тәрбиеші:Ал жоғарыда біздің үстімізде не
бар?
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер
ме?
- Сендерге ұнай ма?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші:Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!
(Есік қағылып, хат тасушы хат әкеліп
береді)
Тәрбиеші:Балалар,
қараңдаршы бізге хат келіпті,қане оқып көрейін ішінде не жазылған
екен?
-Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын
тауып көреміз бе?
Жұмбақтар:
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар!Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда
орналасқан?
Балалар:Аспан
әлемінде.
Тәрбиеші: Балалар.бүгінгі
біздің сабағымыз өте қызықты болмақ,өйткені біз аспан әлемі,ғарыш
туралы әңгімелесетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш
деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен
зерттеп болған жоқ.
Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?
Балалар:Ғарышкер
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.Біздің Талдықорған қаласының,Өтенай ауылының тұрғыны,жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.
(суреттері көрсетіледі)
Тәрбиеші:Балалар ғарышкер болу үшін қандай болу
керек?
Балалар:Денсаулығы мықты,өзі батыл, әрі білімді болуы
керек.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!
Дидактикалық Ойын: «Ұшты-ұшты»ойыны
Тәрбиеші:Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?
Балалар:Зымыран
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «зымыран» қажет.Зымыран ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан ұшады.
Билингвальды компонент: Ғарыш-космос
Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Сұрақ-жауап арқылы
ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау.
-Ғарышкер деген кім?
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер
кімдер?
-Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Мақтау
мадақтау.
- Күтілетін нәтиже:
Біледі:Зымыранды білу керек
Игереді:Ғарыш,зымыран түсінік болу керек
Меңгереді:Балалар Отанын елін,жерін
сүйуге
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. "Ғарышкерлер күні"
Тобы: «Қарлығаш» ересек тобы
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Ғарышкерлер күні»
Мақсаты: Балаларға ғарыш,ғарышкер туралы түсінік беру Күнделікті
өмірмен тығыз ұштастыра отырып балалардың ой қиялын дамыту,сөздік
қорын,тілін байыту,қызығушылықтарын арттырып,Отанын,елін,жерін
сүйуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:Зымыран,ұшқыш,планета.
Билингвальды компонент:Ғарыш-космос
Көрнекі
құралдар: Зымыран,ғарышкерлердің суреттері.
Жылулық
шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жайнай түссін қаламыз
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң,
апай!
Тәрбиеші:- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп
жатырмыз?
Балалар:-Жер - біздің тұрып жатқан мекеніміз, ортақ
үйіміз.
Тәрбиеші:Ал жоғарыда біздің үстімізде не
бар?
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер
ме?
- Сендерге ұнай ма?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші:Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!
(Есік қағылып, хат тасушы хат әкеліп
береді)
Тәрбиеші:Балалар,
қараңдаршы бізге хат келіпті,қане оқып көрейін ішінде не жазылған
екен?
-Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын
тауып көреміз бе?
Жұмбақтар:
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар!Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда
орналасқан?
Балалар:Аспан
әлемінде.
Тәрбиеші: Балалар.бүгінгі
біздің сабағымыз өте қызықты болмақ,өйткені біз аспан әлемі,ғарыш
туралы әңгімелесетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш
деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен
зерттеп болған жоқ.
Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?
Балалар:Ғарышкер
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.Біздің Талдықорған қаласының,Өтенай ауылының тұрғыны,жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.
(суреттері көрсетіледі)
Тәрбиеші:Балалар ғарышкер болу үшін қандай болу
керек?
Балалар:Денсаулығы мықты,өзі батыл, әрі білімді болуы
керек.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!
Дидактикалық Ойын: «Ұшты-ұшты»ойыны
Тәрбиеші:Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?
Балалар:Зымыран
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «зымыран» қажет.Зымыран ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы қалада орналасқан ғарыш айлағынан ұшады.
Билингвальды компонент: Ғарыш-космос
Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Сұрақ-жауап арқылы
ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау.
-Ғарышкер деген кім?
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер
кімдер?
-Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Мақтау
мадақтау.
- Күтілетін нәтиже:
Біледі:Зымыранды білу керек
Игереді:Ғарыш,зымыран түсінік болу керек
Меңгереді:Балалар Отанын елін,жерін
сүйуге
шағым қалдыра аласыз


