жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Ғарышқа қалай ұшады? 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Жаратылыстану Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жер және ғарыш Күні: 14.03.2019 Сынып: 3 |
Мектеп: «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Мұғалімнің аты-жөні: Тлеужарова А.Е Қатысқандар саны:18 Қатыспағандар саны:0 |
||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Ғарышқа қалай ұшады? |
||||||||
Оқу мақсаты |
3.4.2.1. ғарышты игерудегі кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу. 3.4.2.2. адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру. |
||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді. Көптеген оқушылар: Ғарышты игеруді және оның маңыздылығы жайлы деректерді жинап, талқылайды. Кейбір оқушылар: Ғарышты игерудегі кейбір айтулы оқиғаларды және адамзат дамуындағы ғарыштың маңыздылығын зерттейді.
|
||||||||
Бағалау критерийлері |
Ғарышты игерудегі кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді. Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіреді.
|
||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады: Жер пішіні, ғаламшар, зымыран жайлы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Реактивті қозғалтқыш. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1. Реактивті қозғалтқыш деген не? 2.Зымыран қалай ұшады? 3. Ұшу апараттарының қайсысымен аспанға ұшуға болады? 4. Ғарышқа кімдер ұшады?
|
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелеу
|
||||||||
Пән аралық байланыс |
АКТ, математика |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет , видеоролик
|
||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтіні-мізді біледі. Жалпы ғаламшар жайлы мағлұматтарды біледі.
|
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы
2 минут
3 минут
|
« Психологиялық ахуал» Аспан, аспан арайлым, Саған жиі қараймын. Сені көзбен шоламын, Мен ғарышкер боламын.
Шеңбер бойында тұрған оқушыларды күн, ай, жұлдыз суреттері арқылы топтарға бөлінеді. 1 топ – Күн 2 топ – Ай 3 топ – Жұлдыз
Топ ережесімен таныстыру: 1. Сабақта бір – бірімізді сыйлаймыз 2. Уақытты үнемдейміз. 3. Нақты, дәл жауап береміз. 4.Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.
(Ұ) Өткенді қайталау. «Ыстық орындық» әдісі 1. Жер пішіні қандай? 2. Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың? 3.Күн адамға не береді? 4.Күн жүйесінің ғаламшарларын ата? 5.Айдың қозғалысы ғаламшардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді? 6.Астраномия нені зерттейді.
|
Тақтаға іліп қою
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді бағалау.
|
|||||||
|
2 минут
3 минут
7 минут
7 минут
|
Ширату : «Галереяны шарлау» әдісі. Оқушылар сыныпта жасырын тұрған суреттерді табады.Олардың ортақ қасиеттеріне қарай бүгінгі сабақтың мақсатын анықтайды.
Қалай ойлайсыңдар , бүгінгі біздің мақсатымыз қандай болмақ?
Сабақтың мақсатын айту.
(Ұ) 1 – тапсырма. Бейне-ролик «Адамның ғарышты игеруі» «Серпілмелі сауал» әдісі арқылы бейне – роликті талдау. Доп лақтыру арқылы сұрақ қою.
1. Зымыран қалай ұшады? 2. Ұшу апараттарының қайсымен аспанға ұшуға болады? 3.Ғарышкерлер жайлы не білісің? 4. Реактивтік қозғалтқыш деген не? 5. Ғарыштағы айтулы оқиғаларды ата?
ҚБ: «Планеталар» әдісімен бағалау
Жарайсың! Орташа Талпын
(Т) 2 – тапсырма: «Постер» , «Коллаж», «Пазл» әдістерін қолдану.
«Күн» тобы: Ғарышқа игерудегі кейбір айтулы оқиғалар жайлы «Постер» құрау
«Ай» тобы: Ғарышқа ұшудың маңыздылығын көрсету. «Коллаж» жасау.
«Жұлдыз» тобы: Ғарышкерлердің ұшу жылдарына байланысты «Пазл» құрау және қорғау.
ҚБ . «Жарық жұлдыз» әдісі.
Өте жақсы Жақсы Ерінбе
(Ұ) 3 – тапсырма. «Модельдеу » әдісі Зымыранды модельдеп аспанға көтерілу үшін не қажет екенін зерттейді.
ҚБ: «Қалықтау» әдісімен бағалау
Жарайсың Жақсы Талпын
|
Зымыран, ғарышкерлер, ғаламшар жайлы суреттер.
Видео көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Стикерлер, маркер, плакат, суреттер қолдану.
|
|||||||
Сабақтың соңы
5 минут
1 минут
|
(Т) 4 – тапсырма. «SWOT» әдісі
ҚБ: «Зымыран» әдісімен бағалау
Жақсы Орташа Талпын
Кері байланыс : «Күн сәулелері» әдісі Оқушылар күн сәулелеріне орналастыру арқылы кері байланыс жасайды.
Сұрағым бар
|
|
|||||||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? 1- тапсырма. Дереккөздер: - адамның ғарышты игеруі жайлы тұжырым жасау мақсатында, дереккөздерді пайдалану арқылы саралау.
2-тапсырма Дереккөздер: - бұл материалдарды пайдалана отырып, ауқымды деректер көлемін тапсырма орындауда пайдалануға мүмкіндік тудыру. Жіктеу: Топ ішінде ұйымшылдықпен жұмыс жасау мақсатында сараланады.
3 – тапсырма Қортынды: - Сабақта алған білімдерін арқылы әртүрлі тапсырмалар жасай алады.
4 – тапсырма Саралау: Қарқын: -кейбір оқушылар берілген тапсырмаларды басқаларынан қарағанда жылдам қарқынды орындайды. |
Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
1 – тапсырма. ҚБ: «Планеталар» әдісімен бағалау
2 – тапсырма. ҚБ . «Жарық жұлдыз» әдісі.
3 – тапсырма. ҚБ: «Қалықтау» әдісімен бағалау
4 – тапсырма. ҚБ: «Зымыран» әдісімен бағалау Кері байланыс : Екі жұлдыз, бір тілек. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
|||||||
|
|
|
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген