400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АШЫҚ САБАҚ «ҒАРЫШҚА САПАР. Ғ ДЫБЫСЫ МЕН ƏРПІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариаланып отырған материал бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне өте пайдалы деп ойлаймын. Бұл ашық сабағымда мен сыныпты сабақтың тақырыбына сай тапсырмалар беру арқылы сабағымды қызықты өткізуге тырыстым.Осы сабақтың нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары,белсенділіктері артып,ойлауы дамып,өзіне деген сенімділігі жоғарылағанын байқадым.Сондай-ақ оқушылардың білім сапасы артып,өз бетімен ізденушілік қабілеттері дами бастағанын пайымдадым.Сабақты өту кезінде жеткен жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.Яғни барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Автор: Сүлеймен Күлбада Исатайқызы

Қарағанды облысы, «Қарағанды қаласының №54 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Мектепке дейінгі даярлық тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Ғғ дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл» әдісі, сұрақ-жауап, логикалық ойын дамыту, әңгімелеу.

Оқу іс-әркетінің көрнекіліктері: аспан денелердің суреттері, зымыран мен ғаламшарлардың суреттері, дидактикалық материалдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.


«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.

  1. Йй дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

  2. Қандай текшемен белгілейміз?

  3. Йй дыбысы кездесетін сөздерді ата

Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірінің қолынан ұстайды. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.






Допты беру арқылы сұрақтарға жауап беру.



Ұйымдастыру-іздестіру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

  1. Тақтада қандай суреттер көріп тұрмыз?

  2. Аспанда нелер болады?

  3. Зымыран бізге не үшін керек?

  4. Зымыранда кімдер ұшады?

  5. Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?

  6. Ғарыш сөзі қай әріптен басталады?

-Жарайсыңдар демек біздің бүгінгі өтетін әрпіміз Ғғ әрпі.

-Балалар сендер осы ғарышты зерттеген ғарышкерлеріміздерді білемез бе? Олар кімдер?
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
- Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
- Олай болса, біздер бүгінгі сабақта Тоқтар ағамен бірге «Ғарышқа сапар»саяхатқа шығып, қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни Біз ғарышкерлер боламыз.


Ғғ дыбысы мен әрпінің жазба және баспа түрлерімен таныстыру.


Кітаппен жұмыс.

1-тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Ғ дыбысының орнын тап.


2-тапсырма. Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарай заттарды бір-бірімен сызып қос. Таңдаған сөзге дыбыстық талдау жаса.

3-тапсырма. 9-бет (2 оқушыны тақтаға шығарып сызып көрсетеді.)





Сергіту сәті:

Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.



3-тапсырма. (Т) Әр топқа домино тастары таратылады. Ғ əрпінің бейнесін пішініне қарап отырып, домино тастарынан жасайды. Қатты қағазға берілген уақытта жапсырып болады.

Тақтаға аспан денелердің суреттері ілінеді.

Picture 3

Сұрақтарға жауап береді.


Ғарышкерлердің суреттері





Ғғ дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк текшемен белгілейді.

8 бет 2 тапсырма.


9 бет 5 тапсырма.


Сергіту сәтін жасайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды. Балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылау.Бағдаршам әдісі бойынша балалардың сабаққа түсінген түсінбегендігін анықтау.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлеріне қарай бағдаршам түстерін таңдап, бағдаршам көздеріне жапсырады.

Егер саған ұнаса саусағыңды тырсылдат,

Егер саған ұнаса аяғыңды тарсылдат.

Егер саған ұнаса шапалақта жарыса

Егер саған ұнаса айтайықшы «ТАМАША!»



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Ғғ дыбысы мен әрпін, дауысты дыбысқа жатады.

Нені игереді:

  • Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;

  • Ғғ дыбысы кездесетін сөздерді;

Нені біледі:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі