400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы мен əрпі" ,мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариаланып отырған материал бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне өте пайдалы деп ойлаймын. Бұл ашық сабағымда мен сыныпты 4 топқа бөлу арқылы сабағымды қызықты өткізуге тырыстым.Осы сабақтың нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары,белсенділіктері артып,ойлауы дамып,өзіне деген сенімділігі жоғарылағанын байқадым.Сондай-ақ оқушылардың білім сапасы артып,өз бетімен ізденушілік қабілеттері дами бастағанын пайымдадым.Сабақты өту кезінде жеткен жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.Яғни барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалы.Мұғалім өмір бойы ізденіс үстінде болады.Ол өзінің кәсібіне салғырттықпен қарамау керек.Қазіргі технологиясы жақсы дамыған заман талабы осындай.Қазіргі оқушылар көп кітап оқымайды,керісінше компьютермен «достасқан»,ешкіммен тілдік қарым-қатынасқа түспейді.Сөйтіп сабағы нашарлап,дүниетанымы дамымай қалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Абжалиева Г.Е.

ТАҚЫРЫБЫ: Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы мен əрпі

Пәні:Сауат ашу

Күні: 23.01.2018ж.

Педагогтің аты-жөні:Оразова С.Ж.

СЫНЫП-ТОП: 0 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже


  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ғ дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс, ғ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ғ дыбысының орнын ажыратады.

Ғ əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ғ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ғ əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ғ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :


Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері:


Ғаламшар, ғарыш, ғарышкер,ғаламтор.




ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Өлеңді тыңдап, мазмұндайды.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? Сөзге дыбыстық талдау жаса.

Ғ дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұр?


Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем құрастыр. Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


0–2мин.















II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.Өткен сабақты пысықтау.


2–5 мин.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастау үшін мына өлең жолдарын қимылмен айтайық.


Қайырлы таң – ұстазым,

Қайырлы таң – достарым.

Шеңберге тұрайық, жылулық сыйлайық!

Доброе утро – учитель,

Доброе утро – друзья.

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра!


Good morning, Good morning, Good morning to you!

Good morning, Good morning, you glad to see you!

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бізге келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері Шаттық шеңберінде тұрып оқушылар түстермен топқа бөлінеді .

Топқа бөліну. Оқушылар түстер таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І-топ: Жұлдыз

ІІ-топ: Ай

III-топ: Күн

IV-топ: Жер



Өткен сабақта өткен әріпті сұрап ,сұрақтар қояды.

-Оқушылар өткен сабақта қандай әріп өттік?

-Й й әрпі.

-Йй сөздер құрайықшы.

-Айна, Йогурт...

-Қандай дыбыс?

-Й й үнді дауыссыз дыбыс

Сөздің басында – Ай;

Сөздің ортасында – Қой;











Ғарышкерлер портреттері.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс. Кітаппен жұмыс.

5– 23мин.

1-тапсырма.

-Балалар мына өлеңді мұқият тыңдап көрелік:

Ғаламат ерлік көп қандай,

Ғажайып неткен ел еді!

Ғарыштан келген Тоқтардай

Ғарышкер болғым келеді.

(Ұ) -Балалар өлеңде кімдер туралы айтылып жатыр?

-Ғарышкер туралы.

-Иа,дұрыс айтасыңдар қазақтың алғашқы ғарышкері Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев жəне Айдын Айымбетов туралы айтылған. Интерактивті тақтадан ғарышкерлердің суреті көрсетіледі. Тақтаға ғарышкерлердің суреті ілінеді.

Сурет бойынша балалар өз ойларын айтады.


-Ғарышқа кім ұшып барады?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар əңгімелеседі.

-Балалар Ғарышкер сөзі қандай әріптен басталып тұр?

-Ғ ғ әрпінен басталып тұр. Балаларға Ғ әрпінің суретін көрсетеді.

Балалар Ғ дыбысымен танысады. Сөздің бірінші буынында, алдында естілетін дыбыс Ғ дыбысы екенін табады.

Ғ – ұяң дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысының артикулияциясымен таныстырады.

2-тапсырма

(Т) Әр топқа сурет беріледі. Сөзге дыбыстық талдау жасайды. Ғ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

Ғарыш суретіне қарап, не көргендерін айтады.


Ғарыш, ғарышкер сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Әр топтан бір оқушы шығып постерді қорғайды.


3-тапсырма

Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен

қосады.

Тақтаға 4 топтан 4 оқушы шығып тапсырма тақтада орындалады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Шағала, ағаш, таға, шаңғы, торғай, қарға, қырғауыл

сөздерін буынға бөліп, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды.

Сөздердегі Ғ дыбысы естілген буынды табады.

(Ұ) Сергіту сəті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып,ұшып алайық

Орнымызға қонайық!!!


4-тапсырма.

Ж. Əбдірашовтың ғ əрпі туралы өлеңін оқып, ғ əрпінің

шалғыға ұқсайтынын айтады, суреттен көрсетеді. Балаларға картоннан жасалған шалғыны көрсетеді.

5-тапсырма

(Т) Әр топқа домино тастары таратылады. Ғ əрпінің бейнесін пішініне қарап отырып, домино тастарынан жасайды. Қатты қағазға берілген уақытта жапсырып болады.

Ғ əрпінің баспа түрін жазады.



Əліппе-дəптер.













Қызыл, көк дөңгелектер.























Тапсырмаға байланысты ағаштың,қарғаның,торғайдың,тағаның суреті.


















Шалғының картоннан жасалған бейнесі.





IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.


23-25 мин.


Балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылау.Бағдаршам әдісі бойынша балалардың сабаққа түсінген түсінбегендігін анықтау.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлеріне қарай бағдаршам түстерін таңдап, бағдаршам көздеріне жапсырады.

Егер саған ұнаса саусағыңды тырсылдат,

Егер саған ұнаса аяғыңды тарсылдат.

Егер саған ұнаса шапалақта жарыса

Егер саған ұнаса айтайықшы «ТАМАША!»



Əліппе-дəптер.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
1844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі