жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ғарыш.Қазір ғарышты қалай зерттейді? 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:жаратылыстану Сынып: 1 |
Мектеп: Барлық оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: |
||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
Жер және ғарыш |
||||||||||||||||||||||
Ортақ тақырып: |
Саяхат |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
4.2 Ғарыш.Қазір ғарышты қалай зерттейді? |
||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; |
||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
Барлық оқушылар:ғарышты зерттеуге арналған құралды біледі; Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттайды; Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізеді. |
||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу аппараттарын сипаттай алады. Жекелеген ғарыштық денелерді атап және сипаттайды. |
||||||||||||||||||||||
Құндылыктарды дарыту |
Мәңгілік Елдің, мызғымас Жеті тұғырым нығайтуға, сақтауға және ұрпақттан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. |
||||||||||||||||||||||
Ресурстар:
|
Ұшу аппараттары,Жер серіктері,ғаламшарлар макеттері мен телескоп,үрілген шар,презентация Интернет-ресурстар: телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, http://bilimland.kz/kk/#lesson=14746.; https://twig-bilim.kz/ru Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы. |
||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: |
Адамдар ғарышты қалай зерттейтінін біледі. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді; расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді. |
||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
«Ғарыш дегеніміз не?» .Ғарыш- шексіз кеңістік екенін біледі. |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, математика,сауат ашу |
||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация, таныстырылым. |
||||||||||||||||||||||
Тілдік құзыреттілік |
Телескоп, зымыран, расытхана |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2мин
|
Жылы-жылы
жүзбенен Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік. |
Жұптасу Топтасу «Зымыран» «Телескоп» «Ғаламшар» «Жер серігі»
|
|||||||||||||||||||||
5мин |
-Қане, есімізге түсірейік, қандай тақырып өттік? (Адам ғарышты қалай зерттеді? -Өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтар бар. «Ашық микрофон» әдісі Саймон Браунхилл бойынша Мақсаты:Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру. Тиімділігі:Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады -Адамдар ең алғаш қандай жаңалықтар ашты? (Адамдар кейбір жұлдыздар тобының белгілі бір бейне құрайтынын байқаған. Олар шоқжұлдыздар көмегімен кеңістікті бағдарлауды үйренді.) - Кейін адам Ай мен Күнді бақылай отырып, тағы қандай жаңалықтар ашты? (адамдар Айдың өз пішінін өзгертіп отыратынын байқаған. Алғашқы Ай күнтізбелер пайда болды.) -Күн күнтізбесі мен күн сағаттар пайда болды. -Көп жылдар бұрын адамдар аспан денелерін қалай зерттеген? (Бақылаған) Бүгін сен:
|
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 23мин
|
Телескоп. (М.К) модельдік айтылым мен оқылым. *Телескоп. Оқушылардың назарын дүрбінің суретіне аудару. –Мынау не?
Олардың жауаптарын ақпаратпен толықтыру. Ғалым Галилео Галилей алғаш рет ғарышты қарапайым дүрбінің көмегімен бақылап көрді. Осылайша алғашқы телескоп пайда болды. Суреттегі телескоптарды салыстыр.
-Алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болған? - Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма? — деп нақтылау. - Қарапайым дүрбімен кім қарап көрді? Кескін анық болды ма?
- Заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады. Телескопты қайда қоюға болады? -Телескопты қай жерге орналастырған дұрыс? -Жердің қай тұсынан жұлдызды аспанды бақылаған дұрыс болады? Неге?
Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның “бақылау” сөзінен шыққан.
Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра сытхана.
Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.
“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.
Ойлан. Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба? Есте сақта! Ұшатын аппараттар. -Жерден барлығын көруге бола ма? -Ғарышқа бару үшін адамдарға не қажет? (Зымыран) Сен білесің бе ?
|
Таныстырылым
Презентация
Оқулықпен жұмыс
http://bilimland.kz/kk/#lesson=14746.; https://twig-bilim.kz/ru
Презентация
http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/. http://bilimland.kz/kk/#lesson=14746.;
|
|||||||||||||||||||||
Сергіту сәті |
«Ғарышкерлер» биі |
Бейнеролик |
|||||||||||||||||||||
Қызықты тапсырма
Қосымша тапсырмалар
|
ҰЖ Зерттеу: Ауасы тараған шарды жіп бойымен биікке ұшыру. -Шар не себептен жоғары қарай ұшты? -Неге тоқтап қалды? ТЖ Зерттейік. Оқушыларды төрт топқа бөлу, нұсқаулық беру. 1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін түсті құммен салады. Дескриптор:
2-топ.«Ізденімпаз» -берілген дүрбімен қарап,сөздерден сөйлем құрастырып оқиды. Декриптор: -Берілген сөздерді дұрыс тауып оқиды -Сөйлемді құрастырып жазады. 3-топ. “Аппликация ” — түсті қағаздан Жер серігін құрастырады. Декриптор: -Берілген фигураларды дұрыс құрастрады -Фигураларды атайды және Жер серігі не үшін керек екенін айтады. 4-топ. “Сәйкестендір ” — берілген суреттердің не екенін дұрыс сипаттайды. Декриптор: -Берілген суреттерді дұрыс сәйкестендіреді -Қатесіз оқиды.
Топтық бағалау ЖЖ 36-жұмыс парағы. Расытхана. Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап, сәйкессіздікті анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.) Жұмыс дәптеріндегі тапсырма сабақ барысында алған білімдерін бекіте түседі. Мұғалімнің мадақтауы. ЖЖ Ос кодты пайдалан. Жасырынған сөздерді тап.
Шешуі: Телескоп,Спутник Декриптор: -Берілген кодтармен әріптерді табады -Қатесіз сөздерді құрастырады
Жұптық бағалау.« Жұлдызша арқылы» Қалыптастырушы бағалау |
Оқулық, дәптерлер.
Жұмыс дәптері |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 6мин
|
Кері байланыс «Сиқырлы сызғыш» Сұрақтарға жауап бер: 1)Қазір ғарышты қалай зерттейді?
---------------------------------------------- 2) Ғарышты зерттейтін ғылым не деп аталады? -------------------------------------------- 3)Телескоптар орналасқан ғимаратты қалай атайды?
--------------------------------------------
Жоғары-3 дұрыс жауап Орта-2 дұрыс жауап Төмен-1 дұрыс жауап
|
|
|||||||||||||||||||||
Бағалау 3мин
|
Оқушылар: ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олардың көмегімен жаңалықтар ашылатынын түсінеді. Рефлексия (+,-,?)
Мадақтау Жарайсың! Бүгін жақсы тырыстың! Мен саған ризамын!
|
Пәнаралық байланыс. Көркем еңбек. Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||||||
«Еркін микрофон» «Bilimlend.kz» ресурсы
Топтық жұмыс Жұптық жұмыс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген