400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Газ-мұнай құбырларын күрделі пайдалану әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
колледж мұғалімдеріне, Газ-мұнай құбырларын күрделі пайдалану әдістері. Монтаждау түрлерін таңдау жобалаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, себебі оған өңдеудің технологиялық маршруты және өңдеудің құны тікелей байланысты болып келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ МКҚК







Ф-П-10/6.1









ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА



Тақырыбы: «Газ-мұнай құбырларын күрделі пайдалану әдістері»















Орындаған оқытушы: Заурбеков М.Н.

«Техникалық пәндер» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: Байсалова А.Д.






Шымкент,2019ж

Ф-П-10/3.8



Сабақтың тақырыбы: «Газ-мұнай құбырларын күрделі пайдалану әдістері»

Сабақтың түрі: Лекция - семинар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: студенттерді құбырларды пайдалануға үйрету және оны қолдану жолдары туралы білімдерін өз мамандықтарымен ұштастыра отырып білім беру


Тәрбиелік : студенттерді өзі таңдаған мамандыққа, оқытылатын пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, оқуға деген ынтасын арттыру.


Дамытушылық: теориялық мағлұматтарды сауатты пайдалануға баулу, өндірістегі мән –жайдың шешімін таныстыру. Ой өрістерін жоғары ойлауға қалыптастыру


Сабақ түрі : қайталау, жаңа сабақ, толықтыру негізінде өтілетін лекция семинар сабақ.

Методикалық

жабдықтау: тақта, компьютер, плакаттар

Пән аралық байланысы : физика,газ-мұнай құбырларының машиналары мен жабдықтары


Сабақ барысы :

I . Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Студенттерді бағалау

ІV. Жаңа сабақтың жоспарын хабарлау

V. Жаңа сабақты түсіндіру

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

ҮІІ.Үйге тапсырма беру


Жоспары.


ІI. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақтарды қайталау барысында топтағы студенттерді 2 топқа бөлдік. Бірінші топ студенттеріне құбырлардың түрлерін, механикалық қасиеттері, шойыннан жасалатын құбырлар, құбырлардың қолданылатын жерлері туралы айтып өтті (оларға 10минут берілді).

Екінші топ студенттері құбырлардың тасысымалдау жолдары туралы айтты. Құбырлардың эксплуатациялық қасиеттері, олардан жасалын құралдар, қолдану аймақтары туралы қарастырды (Жауаптарын айтып берулеріне 10 минут уақыт берілді).


ІІІ. Студенттерді бағалау

Үй тапсырмаларына берген жауаптарына қарай қосымша сұрақтар қою арқылы бағалау

ІҮ. Жаңа сабақтың жоспары

  1. Құбырлардың өткізгіштік қасиеттері

  2. Оңашалау жұмыстары

  3. Құбырдың қисық сызықтық учаскелерін салу

  4. Мұнай құбырын жер үсті және жер асты салу

  5. Гидраттарға қарсы шаралар

  6. Одораттар құрамындағы заттар

  7. Коррозия ингибиторлары

  8. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

  9. Құбырларды жөндеу қызметі


Ү. Жаңа сабақты түсіндіру

Газ-мұнай құбырларын күрделі пайдалану әдістері

  • Құбырлардың өткізгіштік қасиетін зерттей отырып сұйықтың тұтқырлығын,тығыздығын бақылау

Магистралдық құбырларды құрастыру кезінде сораптық бекеттер әр 50км сайын орналасуына көңіл бөлу

Магистралдық құбырларды салу кезіндеқандай жерлерден өтетініне көңіл бөлеміз

-Жер бөлу ережелерін сақтау

-Жер бөлу кезінде ережелер сақтау керек

-Монтаждау жұмыстары

Монтаждау түрлерін таңдау жобалаудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, себебі оған өңдеудің технологиялық маршруты және өңдеудің құны тікелей байланысты болып келеді. Берілген бөлшектер үшін дайындамалар түрін таңдауда оның алыну әдісінің арналуын тағайындайды, сонымен бірге конфигурациясын, өлшемдерін, қосымшаларды, өңдеу үшін арналған қосымшаларды анықтап және дайындау үшін техникалық тапсырманы құрылымдайды. Монтаждау жұмысы кезінде басты болып дайын бөлшектің қажетті сапасын минимальды өзіндік құнда қамтамасыз ету маңызды болып саналады. Дайындамаларды алудың технологиялық процесі материалдың технологиялық қасиеттерімен, конструктивтік формаларымен және бөлшектердің өлшемдерімен және шығару бағдараламаларына байланысты болады. Дайындамаларды алудың процестері мен технологиялық әдістерін таңдауда машина құрлысының дамуының прогрессивтік үрдістері есепке алынады

  • Оңашалау жұмыстары

Аппартар мен машиналарды және оның конструктивті элементтерін дайындау үшін қолданылатын материалдарды қабылдау барысында келесі талаптарды ескеру қажет: жоғарғы беріктігі, коррозияға төзімділігі, өңдету технологиялығы, яғни пісірумен, кесумен және қысыммен өңделімділігі, жоғары температура мен қысымда жұмыс істей алу қабілеті және т.б. тиісті дәрежедегі физика- механикалық қасиеттерінің болуы.

Мұнайөңдеу және мұнайхимиялық технологиялық процестерді жүзеге асыруға арналған аппараттар терең вакууммен жүздеген МПа дейінгі артық қысымда, терең минустік температурадан бірнеше жүздеген плюстік температураға дейін, сондай- ақ түрлі коррозиялық әсері бар ортада жұмыс істейді. Мұнай технологиялық параметрлер мен жұмыс ортасының қасиеттері конструктивті материалдарға қойылатын талаптар шеңберін анықтайды.

  • Құбырдың қисық сызықтық учаскелерін салу

Жалғастырушы құбыр пайдалану кезінде газ ағынының қозғалысын қамтамасыз ететін құбырөткізгіштерінің қысымы 0,18 Мпа Әрекеттегі құбыр өткізгіштердің жұмыс қысымы-5,5 MПа. Құбыр өткізгіштердің жарылу және тесілу түзілуісебебінен қарсылық байқалмаған. Айта кетерлік жайт, жер үсті жабдықтарының жағдайларын диагностикалау қалыпты жүргізіледі. Оның ішінде құбырөткізгіштер мониторинг нәтижелері бойыпша жөндеу жұмыстары жоспарланады.

-Құбырды тау беткейінде өткізуді құрастыру

-Тау беткейіне құбыр салу кезінде тау жыныстарын мұқият зертейміз

- Аппаттық жерлерде өткізу шаралары

Сақтағыштардың технологиялық схемасын сызу үшін Кәсіпшілікте металдардың коррозиясының барлық түрі қандай да бір мөлшерде байқалады. Жер асты сақтағыштарды коррозиядан қорғау үшін пассивті және активті қорғау әдістері қолданылады. Қорғау қаптаманың қалыңдығы оның қасиеттерімен, қоршаған ортаның агрессивтілігімен анықталады. Оларға екі түрлі оқшауландыру қолданылады: қалыпты және күшейтілген. Батпақты аймақтарда өткізу. Жобаға сәйкес жер бетінің рельефін ластанған ақаба және жауын-шашын сулары жиналатындай бір жағына оптимальды еңкіштеу етіп қалыптастыру қажет және ақаба суларын тазалайтын қүрылымдарға ағызатындай етіп темір бетоннан, беті темір тормен жабылған арық жасау керек.Мұнай базасына кіретін және шығатын жолдар асфальтты бетонмен көмкерілген.Мұнай базасы I топ, II категория қоймасына кіреді. Мұнай базасы алаңы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында орналасқан. Мұнай базасы алаңына кіру жолдары батыс жақтан кіреді. Ғимараттар мен құрылыстардың жобалануы, темір жолдардың алаң ішіндегі және кірер кездегі және автомобиль жолдарының кіруіне қатысты орналасуларына байланысты шешілген.

  • Мұнай құбырын жер үсті және жер асты салу

Диаметрі 1000 миллиметрден асатын қүбырлар бірінші орын алады, мұнай және газ тасымалдаудың орташа қашықтығы - 1000 километр, ал кейбір құбырлардың үзындығы 4000-5000 километрге дейін жетеді.Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың экономикасы мұнай өндеу зауыттарының және мұнай базаларының орналасуына елеулі ықпал етеді. Мұнай өңдеу зауыттарын түтыну аймақтарының орталықтарында салу жөніндегі белгілі ой желісі айтарлықтай тасымалдауға кететін шығындардың экономикасымен анықталады. Кәсіпшіліктерден тұтыну аудапдарына дейін біртекті мұнай өнімін тасымалдау дәл сол жерге көптеген әр түрлі мұнай өнімдерін тасымалдағанға қарағанда әлдеқайда арзан шығады. Мұнай құбырларын суасты жұргізгенде арнайы суға шыдамды бетон тұрғызады оның ішінен сумен ауа сорылып алынып тастайды. Мұнай мен газды көлікпен тасымалдауғ дайындау.Кәсіпшілік құбырларды жобалау кезіндегі негізгі міндет сұйықтардың және газдардың қозғалысы кезінде туындайтын гидравликалық кедергілерді жоюға жұмсалатын арын немесе шығынсыз бақылау. Арын шығынының құбырының диаметріне, оның ішкі қабырғаларына айдалатын сұйықтың физикалық қасиетіне (тығыздық, тұтқырлық) және көлеміне, жұмыс қысымына байланысты болады.Мұнай мен газды механикалық қоспалардан тазарту

  • Гидраттарға қарсы шаралар

Гидраттарға қарсы бірнеше шарлар мұнайды жер бетіне шығарғанда қолданылады.Газдың одорнизациялануы.Газ тарату станциясында СУГ – тің технологиялық процесі келесі технологиялық бөлімдер мен тармақтардан тұрады. Блок схема ГНС:

а) СУГ- ті темір жол цистернасы арқылы темір жол құю эсткадасына құю.

б) Насостың компрессорлық бөлімге булы газды фазалы СУГ-ті компрессормен айдау.

в) Насостық компрессорлық бөлімге СУГ-тің сұйық фазасын насоспен айдау.

г) СУГ-ті сақтау базасы

д) Толтыру бөлімінде – сығымдалған газды баллондарға толтыру

е) Автоцистернаны автомашиналарды толтыру және оны толтыру

з) Қайтарылған баллондарды қабылдау, оларды жою, буландыру, жөндеу, сақтау.

и) СУГ-тағы баллондарды түсіру.

к) Сұйық қалдықтарды төгу – сұйық қалдықтарды резервуарлау

  • Одораттар құрамындағы заттар

Одораттар құрамындағы заттар ол мұнай құрамындағы кездесетн заттар Газ түссіз және иіссіз. Утечка болған кезде оның иісін сезу үшін 1 тонна сығымдалған газға 60 гр, этилмер коптан (CHSH) қосады. Сығымдалған газдың 0,4% утечка болғанда, газ жақсы сезіледі. Бұлай газдалған жағдайда ГТС-те тез арада газ беруді тоқтату керек, бұл жағдай консентрация мүмкіншілік берілген шек деп аталады. ГТС-те 0,4% концентрацияда, газдың утечкасын газанализаторлар анықтап, компрессорлар тоқтайды, газ берілуі, тоқтайды, авариялық желдеткіштер қосылады.Улы газ өте зиянды зат, қанға түскенде организімнің кислород алуын қиындатады. Ауа 1% (көлемді) улы газ болған жағдайда адам 1-минуттан кейін өліп қалады. Теріге тиген жағдайда, үciк тудырады.Тот басудың категориялары.Тот басу қандай факторларда кездесетінін зертеу.Тот басуды өлшеу тәсілдері.Тот басуды электор жолымен қорғау ол электр көмегімен іске асырылады

Катодтық қорғау есебі

(2.2)

мұндағы

= 3600с

V= 12.5 м3 - құйылудың жалпы көлемі нығыздаушы құбырдың міндетті диаметрі мына формуламен анықталады.

(2,3)

(2,4)



  • Коррозия ингибиторлары

Коррозиядан қорғау жолдары,коррозияға қарсы заттар.Мұнай өнімдерінің тығыздықтарын анықтау.Қоймаға келіп түскен өнім сапасын анықтау үшін арнайы қондырғылар қолданылады. Мысалы, мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын анықтау үшін ареометрлер қолданылады. Ол әр түрлі мұнай өніміне қарай, түрлері де алуан түрлі болып келеді. Сонымен қатар мұнай және мұнай өнімдерін өздерін қоймаларында орналасқан зертхана бөлімінде анықтайды. Жұмысшы сызбаларын игеру.Жұмысшы сызбаға бас жоспар арнайы сызбаларды жатқызамыз.Қысымды өлшеу аспаптары

Р = 1 кг/см2 =10000 мм судың деңгейі

Р=1 кг/см2 =10000 Па

Р= 1кг с/см =0,1 МПС (мегапаскаль)

Баллондағы қысым =16кг-с/см ( атм)

Температура жоғарылаған сайын, қысымы да жоғарылайды

Процестің тиімділік көрсеткіші болып мақсатты өнімдердің құрамы есептеледі. Бастапқы қоспаның
температурасын жылуа лмастырғышқа берілетін жылу тасымалдағыштардың шығынын өзгерте отырып реттейді. Қысымды колоннадан шығатын бу шығынын өзгерту арқылы жеңіл реттеуге болады. Қысым төмендеген кездерде сұйықтықтардың қайнау температурасы төмендеп және сұйықтық булана бастайды және күкіртті қосылыстар абсорбциялануға үлгерместен, және соның салдарынан колоннаның өнімділігі күрт төмендеп және күкірттен тазалау сапасы нашарлайды.Ол техникалық процестердің бір-бірімен байланыста болып объектілердің атқаратын міндетіне.байланысты зоналық орналасуына, болашақта резервуарлық парктің кеңеюін есепке ала отырып және де желдің көп болатын бағытын есепке ала отырып жобаланған. Операцияларды жүргізуде ыңғайлы және тоқтамай жұмыс істеу мақсатында және өртке қарсы, санитарлық түсініктермен барлық объектілер зоналар бойынша жинақталған.

  • Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Резервуарларды эксплуатациялау және қызмет көрсетуі бойынша жұмысқа тек жұмыс және техникалық персоналдар «Газ шаруашылығында қауіпсіздік ережелерін» оқыған және барлық инструкциясы мен танысқан, білікті комиссияда емтихан тапсырған адамдар жіберіледі.Білімді қайта тексеру, тәртібі газ шаруашылығында қауіпсіздік ережесіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Жер асты резервуарын эксплуатациялауда топырақ себусіз жіберілмейді. Резервуар эксплуатациясын барлық құрылысты монтажды жұмысты аяқтаған соң және эксплуатацияға құрылғыны тапсырған соң бастау керек.Жөндеу жұмыстарының өндірістік функциялары.Техникалық бақылау, техникалық қызмет көрсетусақтау және жөндеу бойынша графиктерді құру жұмыстары. Жұмыс пен жабдықтың, жөндеу бригадасының, цехтың нақты техника экономикалық көрсеткіштерін талдау. Техникалық жабдықта жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздіктік техника ережелері. Жөндеу жұмыстарының ерекшелігіне олардың түрлері жатады;қарапайым және күрделі.Жөндеу жұмыстарының түрлері.Әр жұмысшы жұмысқа жіберілер алдын емтизанды тәуелсіз тапсырып, жұмыс орнына келген соң қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау тапсырады, сонымен бірге барлық жұмысшылар жеке-жеке қауіпсіздік әдісі бойынша әкімшіліктен берілген инструкциясына қол қояды. Жұмысшылар жыл сайын қауіпсіздік жұмыс әдісі бойынша білімдерін қайта тапсырады. Жөндеу жұмыстарының жасалу төзімділігі.Жөндеу жұмыстарының төзімділігін жұмыс істеу түре қарай бөліп келесі жөндеу қашан болатының ескерту

  • Құбырларды жөндеу қызметі

Мұнай базалары қуатына аткаратын жұмыс көлеміне қарай мұнай базаларын жалпы кешеніне енетін ғимараттардың өндірістік және көмекші объектілерінің саны мен мипаттамасы жағынан неше түрлі болып келуі мүмкін.

  1. Құбырлардың сапасы



  1. Типтік жөндеу түрлері

Мұнай өнімдерін сақтау қабылдау және өткізу үшін құрылған қондырғылар мен ғимараттардың жиынтығын мұнай базасы деп атайды. Істейтін жұмысына қарай олар екі түрлі болады:

  1. мұнай өнімдерін сақтайтын және олармен тұтынушыларды қамтамасыз ететін дербес шаруашылық:

  2. өз қарамағында белгілі бір өнеркәсіп (автошаруашылық, совхоздар, темір жол станциялары) ғана жабдықтайтын мұнай базалары (немесе мұнай қоймалары).

Мұнай базалары өзінің меншікті температурасында орналасқан, екінші түрдегі мұнай базалары өзі қарайтын өнеркәсіптер пен шаруашылықтардың территориясында орналасқан.Сол сияқты, мұнай базалары қызмет атқарудағы шапшаңдығына өнімдерді әкелу, шығару жағдайларына қарай: қайта тиеуші мұнай базасы, шикізат мұнай базасы, шикізат және тауарлық мұнай базасы, тарату базасы болып бөлінеді. Көптеген аралас базалар да болады. Жөндеу жұмыстарына дайындық ол кезкелген құрылғының төзімділік уақыты болады,сол уақытқа жақындағанда дайындық жұмыстары жүргізіледі.Ақау шыққан жерді тауып оны істен шығарып сонан соң жөндеу жұмыстарына кірусу керек.Жер үсті резервуарлардың жер үсті резервуарлардан айырмашылығы олар көп орынды алмайды. Мұнай және мұнай өнімінің жер асты қоймалары әр түрлі табиғи және жасанды сыйымдылықтарда салынады. Жер асты қоймалары мұнай өнімінің үлкен қорларының барынша көп қамтамасыз ету және мұнай өнімін ең алдымен маусымдық тұтыну мақсатында сақтауға арналған. Қоймалардың осы үлгісі ең үнемді болып табылады. Қойма үлгі таңдауы қабаттардың геологиялық мінездемелері, географиялық және эксплуатациялық көрсеткіштер кешенінің техника – экономикалық есеп – қисаптарды еске алуында тәуелді болады. Мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын ыдыстарды резервуарлар деп атаймыз. Резервуарлар негізінен жасалған материалына , пішініне байланысты, орналасыуна байланысты әр түрлі болады. Олар темір, темір-бетон, бетоннан жасалуы мүмкін. Пішіндері цилиндірлі, тамшы тәріздес, тік төртбұрышты болуы мүмкін.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

Жаңа сабақты қорытындылау студенттермен сұрақ – жауап арқылы жүргіземіз.

  1. Құбырлардың өткізгіштік қасиеттері

  2. Оңашалау жұмыстарының түрлері

  3. Мұнай құбырын жер үсті салу

  4. Мұнай құбырын жер асты салу

  5. Гидраттар

  6. Одораттар

  7. Коррозияға қарсы шаралар

  8. Жөндеу жұмыстары

ҮІІ.Үйге тапсырма беру

Өтілген жаңа материалды оқып келу. Кітаппен және лекциямен жұмыс жасау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
823
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі