400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: География пәні 7 сынып "Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзілік мұхиттар туралы біледі. Басым оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін анықтайды. Кейбір оқушылар- Мұхиттардың бөліктерінің географиялық жағдайын түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

География



Бөлім:

Физикалық география



Мектеп:

«Даражол» лицей-интернаты



Мұғалімнің аты жөні:

Наурызбекова А.Е



Күні:

09.12.2021ж



Сыныбы:

7 а Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы:

Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.3.4 -Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды.

7.3.3.5 – мұхит және оның құрамдас бөліктерін жоспар бойынша сипаттайды.



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттар туралы біледі.

Басым оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар- Мұхиттардың бөліктерінің географиялық жағдайын түсінеді.



Сабақтың барысы:




Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушы

ның әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Оқушыларды топ бөлу

ІІ. Алдыңғы білім:

«Зымыран сұрақтар»

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейне үзінді «Мұхиттар қалай пайда болған»

Дүниежүзілік мхиттың географиялық жағдайы (Постер қорғау)

Сергіту сәті

ІV. Кері байланыс

  1. Сандар сөйлейді

  2. Кордиограмма әдісі

  3. Географиялық диктант

  4. Сәйкестендіру

V. Бағалау




Сабақтың басы


Ұйымдастыру


3 мин


Алдыңғы білімді тексеру


5 мин

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. «Шаттық шеңберін» құрып Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты тілек тілеу.

Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу

Зымыран сұрақтар: арқылы әр топқа 5 сұрақтан қойылады.

І топ. Гидросфера тобы:

  1. Планетамыздың су қабығы қалай аталады? (Гидросфера)

  2. Күн жүйесіндегі барлық планеталардың ішінде қайсы ғаламшар үлкен мұхит алабына ие? (Жер)

  3. Адам денесінің қанша бөлігі судан құралған? (2/3)

  4. Күн энергиясының әсерінен судың үздіксіз орын ауыстыруынан не пайда болады? (Дүниежүзілік су айналымы)

  5. ............өте жақсы еріткіш. (Су)

Су ресурсы тобына

1. Жалпы Жердің ауданы неше? (510 млн км²)

2. Мұхит бетінен буланған су тамшылары атмосферада конденсацияға түсіп мұхитқа қайта жауын күйінде оралады оны қандай айналым деп атайды? (Кіші айналым)

3. Дүниежүзілік мұхиттың 0,2млн км² алып жатқан бөлігі қалай аталады? (Көлдер)

4. Қазақстанда ірілі ұсақты неше өзен бар? (85 мыңнан астам)

5. Гидросфера бөліктерін ата? (Мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер, жер асты сулары, мұздықтар т.б)


Мұхиттар тобына сұрақтар

  1. Жердегі ағзалардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін бағалы қасиеттерге ие минерал? (Су)

  2. Мқхит және атмосферамен қатар құрлықты қамтитын су айналымын ......деп аталады? (Дүниежүзілік су айналымы)

  3. Жер асты сулары нешеге бөлінеді оларды ата? (Грунт сулары, артезиан сулары, минералды сулар)

  4. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзенді ата? (Амазонка өзені)

  5. Аадамның немесе антропогеннің қолымен жасалған көлді не деп атаймыз? (Су қойма)

Дискриптор

-Алдыңғы тақырыпты еске түсіріп жауап береді

  1. Қ/Б Түрлі смайликтер арқылы бағалау

Оқушылар өз тілектерін айтады








Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап береді

Мадақтау































Суреттер

Плакаттар









Оқулық, слайд, суретттер

Сабақтың ортасы


10 минут


III. Жаңа сабақ

1.Тақырыпты ашу барысында «Кинометафора» әдісі бойынша «Мұхиттар қалай пайда болған?» тақырыбында бейнеролик көрсетемін.

2.Дүниежүзілік мұхит. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді.

Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр.

Дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады (жарты шарлар картасынан байқап көріңдер).

Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида.

Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар).

Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апеннин және Лабрадор түбектерін табыңдар).

Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады.

Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа парапар. 1520 – 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді.

Мұхит пен құрлық аудандарының арақатысы

Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.

Тынық мұхитта бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м.

Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Үнді мұхиты оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл – ең жылы мұхит (жарты шарлар картасынан Үнді мұхитының қандай материктердің аралығында жатқанын анықтаңдар). Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткені оның оңтүстік бөлігіне құятын өзен аз.

Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып келеді. Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м - ден аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп.

2. Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.

Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі). Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.

Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта теңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады?). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т. б. теңіздер жатады.

Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі.

«Дүниежүзілік мұхиттарға саяхат» (Постер қорғау) топ мүшелеріне материктердің пазлы беріледі, олар оны құрап әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

  1. Гидросфера тобына теңіздерді түсіру

  2. Су ресурсы тобына шығанақтарды түсіру

  1. Мұхиттар тобына бұғаздарды түсіру

Қ/Б: "Екі жұлдыз бір тілек"

IV. Сергіту сәті

«Тәуелсіз жастар ұраны»





Дискриптор:

1.Бұрынғы уақытта жердің қандай күйде болғанын айтып бере алады.

2.Жер ғаламшарында мұхиттардың қалай пайда болғанын баяндайды.


































































Дискриптор

1.карталарды құрастыра алады.

2.Берілген нысандарды тауып түсіріп көрсете алады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі