15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Геометриялық пішіндер"
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Ертаева Жазира Абдумажитовна
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№ 3 облыстық балалар оңалту
орталығының логопед – Монтессори педагогы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Балаларды геометриялық пішіндердің түрлерімен таныстыру, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.
2. Түзете-дамытушылық. Баланың байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру, саусақтардың қимыл-қозғалысын, сөздік-логикалық ойлауын, белсенді және енжар сөздік қорын дамыту, жазу дағдыларын, сөйлеу барысында дұрыс тыныстауды қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық материалдары : Геометриялық пішіндер , карточкалар, пойыз, пазлдар, сабынсу, слайд, Монтессори материалдары, түрлі түсті қағаздар т.б
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Баламен сәлемдесу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар.Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
II. Артикуляциялық жаттығулар жасау.
Ал,енді, балалар сабағымызды бастайық. Бүгін мен сендерге «Көңілді тіл» туралы ертегі айтып берейін.Тыңдағыларың келеді ме?
Ия (балалардың жауабы)
«Көңілді тіл» әңгімесі. Слайдпен көрсету.
Бір күні тіл таңертең ерте тұрып, орманға қарай серуенге шықты.
Тілді оңға қарай бағыттап созу.
Орманнан көп саңырауқұлақтарды көріп жинай бастады.
«Саңырауқұлақ» - Күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып ұстап тұру.
Саңырауқұлақтарды теріп алып, үйіне қайтты.
Тілді солға қарай бағыттап созамыз.
Үйіне кіріп терезесін ашып, тіл қолын аспандағы күнге созды.
Тілді жоғарғы ерінге қарай созамыз.
Содан соң тіл жердегі гүлге қолын созды.
Ауызды кең ашамыз. Тілімізді жіңішке қылып шығарып, төменге қарай бағыттаймыз.
Содан соң көшеде өтіп бара жатқан күшікке қарады.
Тілді алға қарай созамыз.
Үйде отырып жалыққан тіл далаға шығып атпен шапқысы келді.
«Ат шауып келеді» - Күлеміз, аузымызды ашамыз, тілдің ұшын таңдайға апарып тақылдатамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгін біз геометриялық пішіндердің түрлерімен танысамыз. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Табуға дайынсыңдар ма?
Үшбұрышты үш жағы бар,
Ол пішінді кім табар?! (үшбұрыш)
Үшбұрыш- үш бұрышы, үш қабырғасы болады.
Бұл пішіннің бұрышы жоқ,
Өзі күнге ұқсайды
Бұл қай пішін? (шеңбер)
Шеңбер– бұл пішіннің бұрыштары болмайды, қабырғасы доғал болып иілген.
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар
Бұл қай пішін? (төртбұрыш)
Төртбұрыш – бұл пішіннің төрт бұрышы, төрт қабырғасы болады.
Төрт бұрышы да бірдей,
Тұрып қалма білмей.
Текшелерге ұқсайды,
Бұл қай пішін? (Шаршы)
Шаршы – бұл пішіннің төрт бұрышы да, төрт қабырғасы да бірдей көлемде болады.
(Монтессори педагогикасындағы III – кезеңдік сабақ)
Балалар, осы пішіндердің сендерге арналған тапсырмалары бар екен. Олай болса, сол тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
Үшбұрыштың тапсырмасы.
Фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған «Кім тапқыр» ойын- жаттығуы
Ойын шарты: балалардың алдына пойыздың вагондары және соған тиелуге қажетті пішіндер беріледі. Бала пішінді орнына салмас бұрын мына буындарды айтуы тиіс.
Ыш-ыш-ыш – қызыл түсті үшбұрыш,
Аш-ош-ыш – сары түсті үшбұрыш
Уш-аш-ыш – көк түсті үшбұрыш
Шы- шы-шы-шы – сары түсті шаршы
Ша-ши-шо-шы – көк түсті шаршы
Шу-ши-ша-шы – қызыл түсті шаршы
Ше – көк түсті шеңбер
Ша-ше- қызыл түсті шеңбер
Шо –ше – сары түсті шеңбер
Рыш –рыш – жасыл түсті төртбұрыш
Ыш – Рыш – көк түсті төртбұрыш
Аш – рыш – қызыл түсті төртбұрыш
Шаршының тапсырмасы
«Кім жылдам» ойыны
Ойын мақсаты: баланың сөздік-логикалық ойлауын, белсенді және енжар сөздік қорын дамыту.
Құрал –жабдығы: түрлі пазлдар.
Ойын шарты: баланың алдына көптеген пазлдар беріледі. Соның ішінен пішіндерге сәйкес заттарды тауып қоюы қажет.
Төртбұрыштың тапсырмасы
«Суреттерді топтастыр» ойыны
Ойын мақсаты: баланың бейнелік-логикалық ойлауын,сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылымын дамыту, жетілдіру.
Құрал-жабдығы: суреттер, пішіндер.
Ойын шарты: баланың алдына көптеген суреттер беріліп, суреттерді пішініне қарай топтастырып жинақтауы қажет.
Шеңбердің тапсырмасы
Жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған ойын жаттығуы
Ойын шарты: балаға пішіндердің бөліктері бейнеленген сызба беріледі. Сол сызбаны қаламсаппен қайта басып шығуы керек.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Біз тынығып алайық.
IV. Бекіту.
«Ойлан тап» ойыны
Ойын мақсаты: баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, белсенді сөздік қорын молайту.
Құрал-жабдықтары: қағаз, пішіндер,қоян, желім
Ойын шарты: бала алдына берілген пішіндерден қоянға үй, ағаш құрап жабыстыруы қажет. Содан соң оны қалай жасағанын айтып береді.
Қорытынды. Балаларды мақтап, мадақтау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген