Ашық сабақ Геометриялық пішіндер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Естияр топқа арналған ашық сабақ математика негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

БРисунок 1 ілім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге үйрету.
Ой қабілеттерін дамыту.Мұқияттылықты тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, слайд үйрету, ойын, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: суреттер

Барысы:
Тәрбиеші: Кәне, балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым!
(Балалар шеңберге тұрып, өлең сөздерін қайталайды)
- Балалар, бір-бірімізге «сәлем» дейміз(балалар бір-бірімен амандасады)

Ғажайып сәт:
Қонаққа Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: - Сәлем, балалар, қалдарын қалай?
Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе, Сайқымазақ. Бізде бәрі жақсы. Өзін қалайсың?
Сайқымазақ: - Менде бәрі жақсы. Міне осы сендерге қонаққа келдім. Бірақ бос қол келген жоқпын. Карло әкей менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші: - Кәне көрейік, ол қандай сәлемдеме болды екен. Балалар, бұл хат екен, ол хатта не жазылып тұр екен оқиық.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарын қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмаларды жібердім. Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай қойдым. Маған көмектесіңдерші. Карло әкей.»
Тәрбиеші: - Балалар, Карло әкейге көмектесеміз бе? (Иә)
Ендеше балалар Карло әкейдің 1ші тапсырмасын орындайық.
1 тапсырма: Жұмбақ шешу.

1. Төрт бұрышы бар,

Т өрт қабырғасы бар,

Бұл қандай пішін.

Балалар: (төртбұрыш ).

- Төртбұрыш неге ұқсайды?(терезеге, есікке, тақтаға)
- Менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай екен?
- Көк төртбұрыш.
- Енді тағы бір жұмбақ жасырсын.

2. Үш бұрышы бар

Үш қабырғасы бар,

Бұл қандай пішін?

Б алалар: (үшбұрыш ).
- Бұл – үшбұрыш. Неге үшбұрыш деп атаймыз?

- Оның үшбұрышы бар.
- Үшбұрыштың түсі қандай екен?
- Күлгін үшбұрыш.
- Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемі қандай?
- Үлкен, кіші.

- Үшбұрыштар неге ұқсайды екен?(үйдің шатырына, тұмарға)


3 .Допқа өзі ұқсайтың,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар...
Балалар: (Шеңбер.)
- Түсі қандай екен?
Тәрбиеші:Дөңгелек неге ұқсайды?
- Допқа, алмаға, күнге ұқсайды.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар, ал енді
- 2 тапсырма Салыстыру

Шарты: Үлестірмелі материалдарды алдарына таратып, салыстыру амалын жасату.

- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар шаршаған шығарсыңдар, ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт:

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға,оңға түзу тұр!

Солға,солға түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



- Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Бізде тағы бір тапсырма бар. Біз қазір ойын ойнаймыз.
3тапсырма: «1 -10 дейін тура және кері санау»

1ден 10ға дейін тура және кері сану, ағылшынша.Сосын сандарды өрнектеу.


-Балалар, жарайсыңдар. Енді бізде Карло әкейдің соңғы тапсырмасы бар.Соны орындап тастайық.

4 тапсырма: «Көлеңкесін тап?»

Шарты: Үлестірмелі материалдар арасынан әр пішіннің көлеңкесін тауып орналастыру.


Сайқымазақ: - Балалар, қандай кереметсіңдер. Көп рахмет! Карло әкейге көп көмектерің тиді. Ал ендеше мен кетейін. тапсырмалардың жауаптарын Карло әкейге жеткізейін. Сау болыңдар!
- Сау бол, Сайқымазақ!

Қорытынды:
- Балалар, бізге бүгін кім келді? (Сайқымазақ)
- Тапсырмаларды кім беріп жіберді? (Карло әкей)
- Дөңгелекке не ұқсайды? (алма, доп)
- Ұшбұрышқа ше? (пирамида)
- Шаршыға ше? (Терезе)
- Бұл барлығы геометриялық пішіндер. Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Ал енді айтыңдаршы, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? (Иә)
- Ал енді менде сендерге кішкене ғана сыйлығым бар – Бұл геометриялық пішіндер. Оларға қарап сендер пішіндерді ұмытпағайсыңдар.
(Қонақтарға сыйлықтарды таратып беру және балаларға)
- Балалар, қонақтарға «сау болыңыздар» деп айтамыз.
- Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2021
3583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі