400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Геометриялық пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары мектепке дейінгі жастағы балаларды геометриялық пішіндермен таныстыруға бағытталған. Сабақтың мақсаты – балаларға шеңбер, төртбұрыш және үшбұрыш сияқты негізгі пішіндерді көріп, олардың түстерін ажыратуды және санауды үйрету. Сабақ барысында көрнекі құралдар, ойындар және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту көзделген. Мұғалім балаларды ойын арқылы пішіндерді тануға және оларды дұрыс орналастыруға ынталандырады. Сонымен қатар, сабақта балалардың жауапкершілігін арттырып, топпен жұмыс істеуге үйрететін жаттығулар мен сергіту сәті енгізілген. Бұл материал тәрбиешілер мен мұғалімдерге балаларды танымдық іс-әрекеттерге тартуға және олардың оқу процесіне қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақтың құрылымы қарапайым, қызықты әрі тиімді, сондықтан оны түрлі жастағы балалармен өткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"№46 "Балбұлақ" бөбекжайы" МКҚК





"Келісілді"

Әдіскер__________А.Р. Кобланова

15.05.2024 жыл










Тақырыбы: " Геометриялық пішіндер "

№6 «Айгөлек» ортаңғы тобы













Дайындаған:

Аршеева Ж.Х.














Ақтау қаласы, 2024ж


Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты:Шеңбер және төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геметриялық пішіндерді көру,және түстерін тануды және санауды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Пішіндер, көрнекіліктер, денсаулық жолдары.

Ұымдастырылған іс- әрекет:

Тәрбиеші:Қане балалар!Шаттық шеңберімізді айтайық!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті гүліміз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң қонақтар!!

Балалар бүгін таңмен бір торғай құсы ұшып келіп біздерге көптеген тапсырмалар беріп кетіпті,сол тапсырмаларды орындауымыз керек!Ендеше балалар торғайдың тапсырмаларын орындайық.

Балалар не көріп тұрсыңдар?

Балалар бұл не?

Балалар:Пішіндер.

Жарайсыңдар балалар.

Бұл қандай пішіндер екенін екенін білеміз бе?

Үшбұрыш – үшбұрыштың неше бұрышы бар? Үшбұрыш неге ұқсайды?

Төртбұрыш-төртбұрыштың неше бұрышы бар? Төртбұрыш неге ұқсайды?

Дөңгелек-Дөңгелектің бұрышы барма балалар? Дөңгелек неге ұқсай

-Жарайсыңдар балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Балалар орындарына барады.

Балалар біздің балабақшамыздың ауласында нелер өсіп тұр?

Балалар:Ағаштар.

Ендеше балалар сол ағаштарымызға орналасқан пішіндерге дөңгелек қақпақшаларды түстеріне қарап орналастырайық.

1-ойын:Ағаштарда орналасқан пішіндерге түстеріне қарап қақпақтарды орналастыру.

Тәрбиеші:Балалар сендер қандай түсті қақпақшаны қандай пішінге орналастырдыңдар?.

Рустам:Сары түсті қақпақшаны төртбұрышқа орналастырдым.

Ұлболсын::Көк түсті қақпақшаны дөңгелекке орналастырдым.

Рамазан:Қызыл түсті қақпақшаны үшбұрышқа орналастырдым.

2-ойын:Төртбұрышпен үшбұрыштан үйшік құрастыру.

Тәрбиеші:Қане балалар төртбұрыш пен үшбұрыштан үйшік құрастырып қарайық!

Өркен:Төртбұрышты пішіннің үстіне үшбұрышты пішінді орналастырғанда үйшік шықты.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.Балалар сіздер ойын ойнап шаршап қалған жоқсыздарма? ендеше бір серігіп алайық!

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Оңға бір қарады,солға бір қарады

Кішкене ғана допты

Үлкен тау деп ойлады.

Тәрбиеші:Балалар жарайсыңдар,сендерге ұнадыма?

Балалар:Ия

3-ойын:«Пішіндерді топтастыру»

Тәрбиеші:Айқын қане айта қойшы, біз қандай пішіндерді топтастырдық?

Бала:Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Тәрбиеші:Балалар үшбұрыш неге ұқсайды?

Жания:Үйдің шатырына ұқсайды.

Тәрбиеші:Ал төртбұрыш неге ұқсайды балалар?

Нұрайша:Үйдің қабырғасына ұқсайды.

Тәрбиеші: Ал дөңгелек неге ұқсайды балалар?

Абылай:Допқа, машинаның дөңгелегіне, шарға ұқсайды.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. өте ақылды, білімдісіңдер. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балаларды мадақтау.

Тәрбиеші:Сіздерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші:Олай болса балалар біз бүгін қандай тақырыпта сабақ өткіздік?

Балалар:Геометриялық пішіндер туралы білдік.

Жарайсыздар балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.(Мадақтайды)

Тәрбиеші:Балалар сіздерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнағанына қуаныштымын. Қонақтармен қоштасайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
29 тамыз
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі