Ашық сабақ “геометриялық пішіндер”

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ “геометриялық пішіндер”

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негідері.

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға баулу. Балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, А3 сурет,сандық(интерактивті үйрену).

Сөздік жұмыс: Күз, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер.

Тәрбиеші: Балалар, біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті, қане бәріміз амандасайық.

Кәне енді балалар бәріміз амандасайық!

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз.

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым.

Күліп шыққан күнге.

Балалар, менің сиқырлы таяқшам арқылы біз бүгін пішіндер әлеміне саяхат жасаймыз.

1-2-3 сиқырлы таяқшам бізді ұшыр.

Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш туралы геометриялық пішіндермен балаларды таныстыру. Геометриялық пішіндерге сипаттама беру. Қазір сол пішіндер туралы мульттоптаманы бірге тамашалайық.

Балалар қарандаршы, тақтадан не көріп тұрмыз?

Қандай пішіндер? Кәне енді сендерге тапсырма берейін.

Балалар суретте не көріп тұрсыңдар? Бұл біздің күнделікті өмірде пайдаланатын заттар екен.

Ендеше бұл заттарды өздеріне ұқсайтын пішіндермен қосайық.

үшбұрыш – үтік

шеңбер – алма

төртбұрыш-теледидар

Жарайсыңдар балалар!

Тосын сәт: “Сиқырлы сандық”

Балалар, қарандарсай мен сиқырлы сандық тауып алдым. Ішінде не бар екен. Ішінен тапсырма шығады, сендер өздеріннің балабақшаға қайтқыларын келсе, тапсырманы орындаңдар!

Берілген заттардың көмегімен пішіндерді құрастырыңдар!


Шығармашылық жұмыс: “Пішіндерді құрастыр”

Пласталиннің және ағаш таяқшаның көмегімен пішіндерді құрастыру.


Сергіту сәті. «Бала, бала, балақан.» 

Іс-қимылдар жасап балалармен сергіту жаттығуын орындату.


Балалар, жарайсыңдар тапсырманы орындадық. Енді балабақшамызға сиқырлы таяқшаның көмегімен оралайық. 1-2-3 Сиқырлы таяқшам ұшыр.


Балалар бүгін  біз сендермен  геометрялық пішіндермен  таныстық.

Сендерге бүгінгі ашық оқу-қызметі ұнады ма? Егерде ұнаса осындай 5 бұрышты жұлдызшамен бағалаймыз иә! Жарайсыңдар балалар! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі