Материалдар / Ашық сабақ Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі Мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі Мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру. Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету. Заттарды пішіні мен көлеміне, түсіне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
1002
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Кубжасарова Динара Жанабирдыновна

Павлодар облысы Павлодар қаласы КМҚК № 7 сәбилер бақшасы тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математика.

Тақрып: Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

Мақсаты:

Білімділік: Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, сопақша тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру. Заттың пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету. Заттарды пішіні мен көлеміне, түсіне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, ой – өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, зеректікке баулу. Шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сергіту сәті.

Билингвальды компонент: Пішін – фигура.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, қағаз, желім, карточкалар, сурет үлгісі.

Сабақ түрі: Саяхат.

Пәнаралық байланыс: Әлеумет, қатынас.

Қолданылатын технология: Ойын.

Шаттық шеңбер;

-Қане балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар, менің қолымда күннің суреті.

-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

-Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма?

Қане, бізде қайырлы таң тілейік.

-Қайырлы таң күн ана,

-Қайырлы таң жер ана

-Қайырлы таң көздерім,сендер де ояныңдар!!!

-Қайырлы таң құлақтарым,сендер де ояныңдар!!!

-Қайырлы таң саусақтарым, сендер де ояныңдар!!!

-Жарайсындар , балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырайық.

-Балалар,бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті.

Ұйымдастыру кезең:

- Балалар, біз бүгін сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.

- Балалар, бұл саяхат бізге ерекше болайын деп тұр. Алдымызда қолдың бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман - тілекті орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып іштей ғажайып пішіндер әлеміне апар десек, біздің арманымызды орындайды екен. Олай болса, бәріміз орнымыздан тұрып, алақанға қолымызды қояйық. Қане, балалар біз сиқырлы пішіндер әлеміне келдік.

- Сәлеметсіздер ме, балалар. Ғажайып пішіндер әлеміне хош келдіңдер!

-Біз бұл әлемде геометриялық пішіндермен танысамыз!

- Балалар, бұл шеңбер пішіні,шеңбер дөңгелек оның бұрыштары болмайды.

- Балалар,бұл ұшбұрыш, оның үш бұрышы бар сондықтан ұшбұрыш дейміз.

- Келесі пішін шаршы, шаршының төрт бұрышы, төрт жағы бар.

- Балалар, келесі пішін сопақша , сопақшаның бұрыштары болмайды.

- Келесі пішін тіктөртбұрыш, тіктөрбұрыштың төрт бұрышы және төрт қабырғасы бар.

Балалар, бүгін сендер геометриялық пішіндер жайлы көп нәрсе білдіңдер!

-Балалар бұл не сандық ,қанекей ашып көрейікші! Ішінде хат бар екен.

Бұл хат пішіндер ханшайымынан екен.

Салеметсіңдер ме, балалар! Бұл сандық ішінде сыйлықтар бар.Бірақ бұл сыйлықтарды алу үшін ең бірінші менің сендерге дайындап қойған белсенділік орталықтарында тапсырмаларды орындау керексіңдер! Тапсырмаларды дұрыс, мұхият орындау керек. Балалар сәттілік сендерге!!!

Тәрбиеші:Балалар біз қазір белсенділік орталықтарында жұмыстар жасаймыз.

1.Әдебиет орталығында сурет бойынша пішіндерге ұқсас затты табамыз.

2. Өнер орталығында балапанды жапсырамыз әдемілеп.

3. Үстел үсті ойындар оталығында сәйкес пішіндерді орналастырамыз.

Сергіту сәті;

Ал балалар тұрайық

Қолдан шеңбер құрайық,

Дөңгелектей дөңгелеп ,

Шыр айналып тұрайық,

Қолды аспанға созайық

Түзу болып тұрайық,

Бір-біріне қостаңдар,

Ұшбұрышты құрайық.

Қорытынды:

Тәрбиеші; Балалар сендер қайда бардыңдар?

-Геометртялық пішіндер әлеміне!

Сендер қандай пішіндермен таныстыңдар?

-Дөңгелек, ұшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш,шаршы!

Керемет! Жарайсыңдар балалар!

Дидактикалық ойын: Пішіндердің көлеңкесін тап.

Ойынның мақсаты; Берілген пішіндердің көлеңкесін дұрыс тауып жабыстыру.

























Қарапайым математика

Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

















Тәрбиеші:Кубжасарова Д.Ж









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!