жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Гидросфера"
ЗАМАНАУИ САБАҚ
Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырылған география сабағы
Тақырыбы: «Гидросфера –Жердің су қабығы»
5- сынып
Өткізген: Ермуханова Т.А.
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Жданов орта мектебі»ММ
Өзін-өзі тану және география
пәнінің мұғалімі
Ермуханова Тогжан Алимбаевна
АННОТАЦИЯ
«Тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы»
Әл - Фараби
Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңарулар жас жеткіншектерді жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты тұтастығында тәрбиелеуді нысана тұтады. Жастардың бойында әлемдік мәдениетті бағдар ұлттық мәдениетті сезімін ұлғайту әлеуметтік белсендігі дамытады. Сол себепті, оқыту құндылықты беруге назар аударылып, білім мазмұынына дүниетанымдық және рухани-адамгершілік сипаттары айқын мәселелерді көбірек қамту мәселелері қажеттігі туындайды. Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр. Бұл іс ізгілікке жол ашады.
«Өзін – өзі тану» рухани – адамершілік білім беруді пәндермен ықпалдастыру – бұл білімді жандандыру, оның рухани – адамгершілік мәнін ашу, жалпыадамзаттық құндылықтарға және әр түрліліктен ұқсастықты ажыратуға негізделген, барлық пәндердің синтезі, тұтас білім.
"Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру" тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Георгафия пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда "Ай, Күн, Жер, деген бөлімдерді өткен кезде оқушылар тақырыптың мазмұнын былайша жеткізіп, ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай тақырыптар, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде қалыптастыруды көздемей, там - тұмдап осылай өздері ойлап жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.
«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру мен мектептегі басқа пәндерді ықпалдастырудың дүниетанымдық негізі адамның әлемді биологиялық және әлеуметтік тұрғыда меңгеруі ғана емес, қоршаған әлемдегі өмірмен, қозғалыспен, даму және тәртіппен үйлесімділікте, адамның санасында мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде байқалатын жоғарғы рухани табиғатпен тұтастай түсінуімен, байланысты. Әр сабақтың құндылықтық әлеуетін арттыру ғана ізгілікке жол ашады. Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді.
-«Мен математиканы оқытамын» немесе «Мен әдебиетті оқытамын» деудің орнына:
«Мен өскелең ұрпақты оқытамын» деп айтқан жөн.
-Бастысы – пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту.
-Оқыту үдерісіндегі ең маңыздысы – белгілі бір білім қорын жинақтау емес, жақсы мінез-құлықты, ішкі ар-ұждан даусымен сәйкес келетін лайықты тұлға болу.
Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған география сабағының жоспары
Мектеп: «Жданов орта мектебі» ММ
Мерзімі --------------------
Тақырып: «Гидросфера –Жердің су қабығы»
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ұқыптылық, әділеттілік
Мұғалім: Ермұханова Т.А.
Сынып 6
Оқушылар саны 10
|
Сабақмақсаты: Оқушылардың Жердің су қабаты -гидросфера туралы білімдерін кеңейту, дұрыс әрекет жасай білуге үйрету. Міндеттері:
|
Ресурстар: Слайдтар, әндер жинағы, түрлі –түсті қағаздардан жасалған жапырақтар, стикерлер, постер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру (іс -қимылмен көрсету)
Сыртқы интеграция Тыңыштық сәті Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Топқа бөліну Сыныпты 2 топқа бөліп отырғызу Күзгі ағаш жапырақтарын алып, жапырақта жазылған сандар арқылы тақ сандар бір топ, жұп сандар бір топ болып бөлінеді. Әр бала өзі алған санның сырын айтады. Мысалы 7- қасиетті сан, жеті ата, жеті жоқ, 4- төртеу түгел болса төбедегі келеді, төрт түлік мал, 8- жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болу керек, т.с.с. (1,2,3,4,5,7,8,13,100,1000)
1
материктер
2
мұхиттар
(Әр топ бірін- бірі тақтада ілулі тұрған топ аттарына стикер жапсыру арқылы бағалайды.
Қызыл
гүл –қанағаттанарлық, жасыл жапырақ- жақсы, сары алма –өте
жақсы)
Ой-толғау әдісі
Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3 екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96,5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға – 1,7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0,06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2,5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады. Слайд көрсете отырып түсінік беру. Ішкі интеграция - Рухани –адамгершілік тәрбие- су таза, мөлдір бізде судай көңіліміз таза, ешкімге жамандық тілемейтін мейірімді , таза болуымыз керек. Су үнемі айналымда болып отырды, сол судай ізденіп білімімізге біліп қоса беруіміз керек, таза суды ішу арқылы санамызды, ағзамызды тазартамыз. Қазақта «Судың да сұрауы бар» деген су мол деп оны ысыраппен пайдалануға болмайды, үнемдеп, тазалығын сақтай отырып, пайдалануымыз керек.
Видео көрілім көрсету «Су айналымы» Географиялық диктант Оқушылар дәптерлеріне орындайды. 1 -топ 1-нұсқа 2-топ 2-нұсқа (Атласты пайдалана отырып, кескін картаға түсіру.) 1-топ Мұхиттар мен теңіздер түсіреді 2-топ Көлдер мен өзендерді түсіреді Сыртқы интеграция - Қосылып ән айту «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Үй тапсырмасын тексеру. Гидросфера туралы ұғым. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Кескін картаға Қазақстан өзен, көлдерін түсіріп келу. Бағалау Стикер арқылы бағалау қорытындысын шығару Сабақтың қорытынды сәті Кері байланыс: «Менің бүгінгі сабақта алған орным» (Оқушылар өз жауаптарын жүрекшелерге жазып, күзгі ағашқа жапырақтың орнына жапсырады.). |
Ескерту
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген