400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптың биология пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс


Мектеп: «Шетпе гимназиясы»КММ

Күні: 21.02.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенбаева Э.Б

Сынып:

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау

8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау

Сабақтың мақсаттары

  • Гиподинамия салдары мен алдын алу шараларын сипаттау;

  • Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • Гиподинамияның салдарын сипаттайды

  • Гиподинамияның алдын алу жолдарын түсіндіреді;

  • Сымбаттың бұзылуы мен жалпақтабандылықтың даму себептері мен салдарын сипаттайды;































Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі\Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. «Бағалау сағатының» түсін таңдау арқылы топтарға бөлу

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Оқулық, ДК экраны



Білу

3 мин

«Миға шабуыл» әдісі. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

1.Адам денесінде қанша сүйек бар?

2.Қол сүйектерін ата.

3.Аяқ сүйектерін ата.

4.Қандай жалпақ сүйектерді білесің?

5.Ми сауыты неше бөліктен тұрады?

6.Қандай түтікті сүйектерді білесің?

7.Кеуде қуысын құрайтын сүйектерді ата.

8.Адамда қанша омыртқа бар және неше бөлімге бөлінген?

9.Адамдағы бұлшық еттер саны қанша?

10.Қысқа сүйектерді ата.

Дескриптор:

Жалпы -2 балл

-Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Түсіну

7 мин

Бейнеролик көрсету.

Мұғалім сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.


Бейнероликті тамашалайды.

Мұғалім түсіндірмесін тыңдайды.


Оқулық, бейнеролик

Қолдану

14 мин

1-тапсырма.

Оқулықтан мәтін 3 топқа бөліп беріледі, тапсырманы жоспар бойынша сипаттау

І топ – Бұлшық ет гигиенасы

ІІ топ – Дене сымбатының бұзылуы

ІІІ топ – Жалпақтабандылықтың алдын алу

Жоспары:

1.Анықтау жолдары

2.Бұзылу белгілері

3.Пайда болу себептері

4.Алдын алу жолдары



Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып өз білімдерін тереңдете алады.

Оқушылар топпен өз жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар жасаған жұмыстарын сыныпта таныстырады.

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл

-Оқулықтағы мәтінді пайдаланады;

-Қосымша ақпарт көздерін пайдаланады;


Оқулық, мәтіндер, слайд

Талдау

5 мин

2-тапсырма.

Әр оқушыға үйден табан іздерін ақ қағазға түсіріп келу тапсырылған еді, сол табан іздерінен жалпақтабандылықты анықтау

Сергіту сәті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі «Дене сымбатын түзететін » жаттығулар жасап көрсетеді (оқушылар қайталайды)

Оқушылар оқулықтағы қалыпты және жалпақтабандылық кезіндегі қаңқа іздерін өздерінің табан іздерімен салыстыру арқылы жалпақтабандылықты анықтайды

Дескриптор:

Жалпы – 2 балл

Жалпақтабандылықты анықтайды

Оқулық , слайд

Жинақтау

5 мин

3-тапсырма.

1.Аз қозғалу – бұл:

А. Сколиоз

В.Гиподинамия+

С.Кифоз

Д.Лордоз

2.Тыныс алу, қоректену және т.б.сияқты ағзаның табиғи қажетсінуі қалай аталады?

А. Отыру

В.Енжарлық

С.Қозғалу+

3.Жалпақтабандылық неден пайда болады?

А.Жазу үстелінде ұзақ уақыт қисайып отыру

В. Салмағы ауыр жүк кқтеру

С.Үстел мен орындық биіктігінің сәйкес келмеуі

Д.Тар, қысып тұратын немесе үлкен аяқ киім кию+


4.Сымбатты болу үшін не істейміз:

А.Жазу кезінде дұрыс отырмау

В. Ұзақ уақыт тік тұру немесе отыру

С.Дене шынықтыру белсенділігі жоғары болу керек+

Д.Салмағы ауыр жүк көтеру






Оқушылар сабақта түсінгендерін қорытындылап, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

Жалпы – 4 балл

-Тақырыпты толық түсінеді;

-Сұрақтарға жауап береді

Wordwall қосымшасы

Бағалау

1 мин

Мәтінмен жұмыс.

(Жазбаша, жеке жұмыс)

Әр оқушы берілген мәтіндегі сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

Жалпы – 1 балл


Презентация

Сабақтың соңы кері байланыс

2 мин

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.


Кері байланыс парақшасы таратылады











Бағалау.

4-тапсырма.

Берілген мәтін ішінен гиподинамияның салдарын (себептерін) анықтаңдар.

АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз , үй тағамдарын жеуге тырысыңыз. Спортпен айналысыңыз. Спортпен шұғылданбау, қозғалмау және т.б. себептер түрлі ауруларға ұшыратады. Ол семіздікке де әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда организмнің зат алмасуының бұзылуы және сүйек пен буынға салмақ түсуінің өсуі тірек-қимыл аппараттарында өзгерістер тудырады. Қатты семіру тыныс алу және жүрек –қантамырлар жүйелерінде де өзгерістер туғызып, өкпе мен жүрек қызметін әлсіретеді. Артық салмақ қант диабетінің, гипертония ауруларының, стенокардия мен миокард инфарктісінің , өтке тас байлану, т.б. аурулардың пайда болуына әсер етеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі