жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Глобус және карта"
|
Мектеп: №7ЖББОМ |
|||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Глобус және карта. |
|||||||||||||||
Күні:02.03.2020 |
Мұғалімнің есімі:А.С.Токтибаева
|
||||||||||||||
Сынып:4 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны:
|
|||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын түсіндіру, олардан негізгі нысандарды көрсете білу. 4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсету |
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсетеді. Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады. Кейбір оқушылар: Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады. |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
•адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды; •табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды; •нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды, •глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады. |
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Оқушылар: •адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды; •табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды; •нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды, •глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады. |
||||||||||||||
Терминология: •шаруашылық іс-әрекет; •табиғи апаттар; •нысандар, бағдарлау; •глобус, параллель, меридиан. |
|||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: •Табиғи құбылыстар адамның іс-әрекеті мен шаруашылығына қалай әсер етеді? •Табиғи апаттардың болу себептерін түсіндір. •Ұсынылған аймақта қандай табиғи апаттар туындау ықтималдығы бар? •Паралельдер мен меридиандар не үшін керек? Жазуға арналған кеңестер: •«Жер-ана» тақырыбына шығарма жазу. •«Табиғатқа мен қалай көмектесемін» тақырыбында эссе жазу. |
|||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек. |
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу. |
||||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Оқушыларқоршаған орта туралы біршама түсініктермен 4- сыныптың «Табиғи құбылыстар» тарауында оқып танысқан.Табиғи жағдайлар,климат, жер бедері ерекшеліктері, олардың адамның шаруашылығындағы маңызы туралы біледі.Картамен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан. Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтап, бағалай алады. |
||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||
Жоспар ланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||||
Басталуы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалімнің қолында музыка қобдишасы. Мұғалім оқушылармен музыка қобдишасының əуенін қосып сəлемдеседі. – Сəлеметсіңдер ме, балалар! Жүздеріңде еріксіз күлкі пайда болады.Ал күлкі деген адамдарды бір-біріне жақындастырып,жағымды қарым-қатынасқа алып келеді. (-Тақтаға назар аударыңдар. Осы қасиеттердің қайсысын өз бойыңнан кездестіре аласың?
Мұғалім айтылған сын есімдердің жанына белгі қойып отырады. -Бүгінгі сабақта сендердің мұқият, белсенді, білімқұмар,парасатты болуларыңды қалаймын,сол кезде сабағымыз қызықты, əсерлі жəне нəтижелі өтеді. Жұмыс ережесін келісу -Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! -Уақытты үнемдейміз! -Нақты,дәл жауап береміз! -Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! -Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз. «Ыстық доп». Мұғалім суретті жабады жəне балалардан суретте оқушыдан бөлек тағы не бейнеленгенін естеріне түсірулерін сұрайды. - Суреттегі қандай бейне сендердің қызығушылықтарыңды тудырды? -Сабағымыздың тақырыбын кім айта алады? -Иə, біз бүгін глобус тақырыбын қозғайтын боламыз. Бірақ алдымен үй тапсырманы қалай орындағандарыңды тексеріп алайық. ҚБ.«Жеңімпаз жалғастырады» əдісі. -Қандай экологиялық мəселеге талдау жүргіздіңдер? Бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы орнында қалады жəне келесі бəсекелесімен жарысты жалғастырады. -Осы мəселені шешудің жолдары бар ма?» Қалған оқушылар өздерінің «Менің өлкемнің экологиялық мəселелері» шағын жобаларын қорғайды. «Піл» ойыны. - Пілдің қалай түшкіретінін білесіңдер ме? Білгілерің келе ме? Оқушылар қатар бойынша өздеріне берілген сөзді жаттайды. Бірінші қатар – жəшіктер. Екінші қатар – шеміршектер. Үшінші қатар – сүйрелеу. Сосын мұғалімнің қол сермеуімен барлығы бір сəтте айқайлайды,бірақ əр топ өзінің сөзін айтады. -Міне, піл осылай түшкіреді. Ал сендер піл туралы не білесіңдер? -Пілдердің өмір сүретін елін немесе құрлығын қайдан көруге болады? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. - Сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білесіңдер. Сабағымыздың мақсаттары қандай болмақ? 1. Глобустың қолданыс аясы туралы білу. 2. Əртүрлі нысандағы жер бетінің бейнесін салыстыру. 3. Глобус пен картадан негізгі географиялық нысандарды көрсету жəне атау. Міне, Білім кемесі! Толқынмен жүзіп келеді. Өзінің тобын біріккен Жеткізер жағаға керекті! Алдарыңда жетістік парағын көріп отырсыңдар. Сабақта танытқан ынталарың, белсенді жұмыстарың жəне өз алдына шығарған шешімдерің үшін берілетін əр кемені теңізге жапсырасыңдар. Сабақтың соңында «Мақсаттар» аралына кімнің бірінші болып жеткенін көретін боламыз. |
Суреттер.
Кесте
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма лары |
|||||||||||||
Ортасы |
Жаңаны ашу Мұғалімнің түсіндіруі.
Карталар
Жер туралы ғылыммен, яғни географиямен
тығыз байланысты. География Жердің
табиғатын, ондағы халықтар мен
шаруашылықтарды зерттейді. Географтармен
бірге біздің ғаламшарымызға саяхатқа
шығайық. Негізгі географиялық нысандар
– құрлықтар және мұхиттармен танысамыз.
Біздің саяхатымызға глобус пен карта
көмектеседі. Глобус – Жер шарының
кішірейтілген моделі. Глобус – біздің
ғаламшарымыздың дәлме-дәл үлгісі.
Онда географиялық нысандардың барлығы
бейнеленген. Дескрипторы: •адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды; •табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды; •нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды, •глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады. Бейнебаян көрсету. Оқулықтағы «Глобус пен картадағы түстер қандай мағына береді?»тапсырмасымен өз алдына жұмыс. ҚБ. Оқушы дəптеріндегі А1-тапсырма. Пікірлермен алмасу. Глобус жəне картамен тəжірибелік жұмыс. 1. Оқушылар глобус пен жартышар картасын салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. 2.Оқушылар глобустармен және атластармен тəжірибелік жұмыс жүргізеді. – Глобустан құрлықтарды көрсетеді жəне олардың атауын атайды, сосын осы құрлықтарды картадан тауып, атауын тексеруді ұсынады. – Глобустан мұхиттарды көрсетеді жəне олардың атауын атайды,сосын осы мұхиттарды картадан тауып, атауын қайталауды сұрайды. -Алған білімдеріңді бекітуде сендерге оқулық көмектеседі. ҚБ.Оқушы дəптеріндегі А2-тапсырма барлығы үшін, В1-тапсырма кейбір оқушылар үшін. Оқулықтағы «Сұрақтар мен тапсырмалармен» жұмыс. «Төртбұрыш» стратегиясы. Сыныптағы Төртбұрыш «Толықтай келісемін», «Келісемін, бірақ...», «Келіспеймін», «Үзілді-кесілді қарсымын» дегенді білдіреді. Əр топ кезекпен өз сұрақтарына жауаптарын айтады. (Жауап бір сөйлемнен тұру керек). Басқа топтардағы оқушылар өздерінің пікірлеріне сəйкес келетін бұрышқа барып тұрады. Содан кейін оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді. Мұғалім талқылауды тыңдайды жəне кім өзінің пікірін негіздей алатынын, ал кім негіздей алмайтынын анықтайды. Оқулықтағы мəтінді оқу. Оқушы дəптеріндегі В2-тапсырманы орындау. Жұппен жұмыс Жұмыс аяқталған соң, оқушылар бір-бірін топта бағалайды. -Жұмыс дəптеріндегі С2-тапсырма орындау. Жұмыстарды көрсету. (Қ)«Сауалнама» құрастыр. Оқушылар сауалнама сұрақтарын құрастырады.Бір –бірінен сауалнама алады. Кері байланыс. «Шеңбердегі доп» Оқушылар дөңгелене отырып, бір-біріне доп лақтырады. Доп қолына тиген бала сабақ жайлы бір сөз айтады. |
Оқулық
Бейнебаян
Белсенді оқу тапсырма лары
Жұмыс дәптерлері |
|||||||||||||
Аяқталуы
|
Сабақтың соңында « Мақсаттар» аралына кімнің бірінші болып жеткенін анықтайды. (Ж) Кері байланыс«Аяқталмаған ой» әдісі Мен .....................білдім. Маған.................... қызықты болды. Маған...................... қиындық тудырды. Мен мынандай тапсырмаларды орындай алдым.............. Мен ................. түсінбедім. Мен енді ............. білдім. Мен ......................сезіндім. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім гүлі» кері байланыс.
|
Түрлі түсті суреттері бар журнал дар, флипчарт, желім
Кері байланыс парағы |
|||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
|
||||||||||||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
Бағалау парақтары |
||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Қысқа мерзімді жоспар құру барысында оқу мақсаттарына сай сабақ мақсатын тиімді құра білдім. Тапсырмаларды оқу мақсаты мен бағалау критериді басшыққа алып құрдым.Сараланған тапсырмаларды сабақ барысында жүзеге асыра алдым. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді оқушылар қажеттілігіне қарай өзгерту керектігін түсіндім. Дискрипторлар құру кезінде нақтылығына назар аудару керектігін ұғындым. |
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген