400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Графикалық натюрморт 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Графикалық натюрморт

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. 

б) дамытушылығы: Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту;

в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу,

затқа қарап сурет салу

Қажетті технологиялар: Компьютер, интербелсенді тақта.

Сабақтың көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары, презентация,

графикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

  • Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

II.Өткен материалды қайталау:

Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )

  • Оқушылар қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер? 

  • Кескіндеме,графика,мүсін,қолөнер,сәулет өнері.

  • Жарайды,енді бейнелеу өнерінің жанрларын атайық.

  • Пейзаж,портрет,натюрморт.

  • Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?


  • 1-суретте портрет жанры. 2-суретте пейзаж.3-суретте натюрморт.

(Оқушылар жанр түрлерін ажыратады)

−Натютморт дегенді қалай түсінеміз? (мұғалім натюрморт туралы сұрайды)

−Натюрморт дегеніміз – өлі табиғатты,қозғалмайтын денелерді бейнелетін бейнелеу өнерінің жанры.

-Өте дұрыс.



III.Жаңа материалды меңгерту:

Оқушылар біз бүгінгі сабақта «Графикалық натюрморт» тақырыбында

жұмыстанамыз.

−Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Графика дегеніміз − тырнау, жазу, салу деген мағынаны береді. 19 ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады.

Графика өнері 

Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада сызықтар, штрихтар,ашық және қара дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады.Салынатын бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен

тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға немесе тасқа бедерленіп, содан қағазға  басылады.Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында,кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай,композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне  Балқаш,  Түркістан, Маңғыстау, т.б.

жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.

Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

.

−Графикамен натюрмортты бір − бірімен байланыстырып қарайтын болсақ, «Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті» − болып табылады.

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін график– суретшісіңдер. График – суретші болу үшін график қарындашымен натюрморт салып үйренуіміз керек.

−Алдымыздағы бірнеше натюрморттарға қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша натюрморттардың бірін саламыз .


Сергіту сәті

Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында орындалады. Түстердің пайда болуына байланысты оқушылар көз және дене жаттығуларын орындайды.


IV.Сарамандық жұмыс: 
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады. (затқа қарап сурет салу) Сурет салудың кезеңдері айтылады. 
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.

  1. Қойылған заттарды салу симметрия сызығын сызудан басталады. 

  2. Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсас,сол геометриялық денелердің көмегімен заттарды жұмыс дәптерге орналастырады. 

  3. Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз. 

V. Бекіту

Сөзжұмбақтың сұрақтары: 
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма.

2. Түстерді зерттейтін ғылым?

3. Бейнелеу өнерінің жанры?
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы?
4. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады?
5. Мата бетіне сурет салу қалай аталады?  
6. Табиғатты бейнелейтін жанр.

Графика

DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1



VI. Қорытындылау.

«Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті»


VII .Үйге тапсырма: 
Графикалық натюрмортты аяқтау. 

«Графика өнері» тақырыбын оқып келу

Оқушыларды бағалау: 








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1720
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі