400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Графикалық редактордың сурет салу құралдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 18.01.2016

22.01.2016

Сыныбы: 5 а,ә,б,в

Сабақтың тақырыбы:




§ 15Графикалық редактордың сурет салу құралдары


Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Графикалық редактордың сурет салу құралдарының түрлері мен қызметтері туралы білу

Оны жүзеге асырылу тәжірибесі мен құрылымын түсіну

Компьютермен жұмыс жасағанда, графикалық редактордың сурет салу құралдары арқылысурет салуды үйрену

Күтілетін нәтиже

Графикалық редактордың сурет салу құралдарының түрлері мен қызметтері туралы біледі.

Сурет салу, сақтау және ашу ұғымын жүзеге асырылу тәжірибесі мен құрылымын түсінеді.

Компьютермен жұмыс жасағанда, графикалық редактордың сурет салу құралдары арқылысурет салуды үйренді

Негізгі сөздер мен тіркестер

Белгілеу, түс таңдау, құю, түс таңдау, қарандаш

Табыс критерийлері

Графикалық редактордың сурет салу құралдарының түрлері мен қызметтері туралы білемін.

Сурет салу, сақтау және ашу ұғымын жүзеге асырылу тәжірибесі мен құрылымын түсіндім.

Компьютермен жұмыс жасағанда, графикалық редактордың сурет салу құралдары арқылысурет салуды үйрендім.

Тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар: « Сен -маған, мен- саған»

Топтық жұмыс: «Ойлан, жұптас, бөліс»

Жұптық жұмыс: «Информатикалық диктант» жұмысы

Жеке жұмыс: «Өзіңді тексер» тест

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

2) Топқа бөлу

ІІ. «Сен -маған, мен- саған» әдісі 7-мин

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында топтарға сұрақтар беріледі.

Iтоп

1.Операциялық жүйе дегеніміз не?

2.Қандай операциялық жүйелерді білесің?

3.Утилиталар дегеніміз не?


ІІ топ

1. Файлдар, бумалар дегеніміз не?

2.Жарлық дегеніміз не?

3.Ақпараттың өлшем бірліктерін ата:

Сұрақтарға жауап береген оқушылар мұғалім тарапынан мадақтау арқылы бағаланады

Сабақтың тақырыбын айқындау үшін (ой қозғау) әдісін өткіземін. Нәтижесінде оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбын, мақсатын анықтаймыз









ІІІ. Топтық жұмыс . «Ойлан, жұптас, бөліс»10 мин

І топқа Paint графикалық редакторы

ІІ топқа Сурет салу,сақтау және ашу


Топ оқушылары мәтінді оқып, талдап топта ортақ түйін шығарады. Топ арасынан бір оқушы шығып түсіндіреді. Топтар екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.


ІҮ. Сергіту практикалық жұмыс. 7 мин

Жұмбақ. Жұмбақты шешіп, тапқан суреттерін компьютерге салу

ЖРисунок 2 аңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын


Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста.


КРисунок 4 үндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей.



Ү. Жұптық жұмыс 7 мин

Тапсырма:Информатикалық диктант


Объект 1


ҮІ. Жеке жұмыс10 мин

Тест: Өзіңді тексер

1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
В) Оқу, кітап
С) Сурет, сурет салу
Д) Музыка, ән салу.
2. Барлықрастрлықкескіндернедентұрады?
А) Кішкенетіктөртбұрыштардан
В) Нүктелерден
С) Сызықтардан
Д) Символдардан.
3. Палитраның неше түсі бар?

А) 256

В) 20

С) 30

Д) қанша керек болса да

4. Өшіргіштің қандай режимдері болады?

А) қарапайым және түрлі түсті

В) қарапайым дәне күрделі

С) стандарттық және стандарттық емес

Д) жұмсақ және қатты

5. Paint редакторында неше құрал-саймандар бар?

А) 10

В) 12

С) 15

Д) 16

6. Paint программасын қалай іске қосамыз?

А) Бастау – Барлық командалар - Стандарттық – Paint

В) Бастау – Стандарттық – Paint

С) Менің құжаттарым – Менің суреттерім - Paint

Д) Жұмыс үстелі – Қоржын - Paint

7. Терезенің үлкен бөлігі бос кеңістік қалай аталады?

А) сурет салу алаңы

В) палитра

С) терезенің атауы

Д) құрал-саймандар жиыны.

Жұптар тапсырманы орындап болған соң, келесі жұппен алмастыру арқылы тапсырманы дайын үлгі жауап арқылы өзара бағалап шығады.

V. Кері байланыс: (4 минут)

«Тізбек бойынша сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

  1. Paint редакторында неше құрал-саймандар бар

  2. Палитра түсі нешеу, оған неше түс қосаламыз?

ҮІ. Үйге тапсырма: §15 оқу, бақылау сұрақтарына жауап жазу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі