400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Графиктер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен 6-шы сыныпта өткен «Графиктер» тақырыбындағы ашық сабағымды ұсынып отырмын. Мұндағы мақсатым мұғалімдер өз сабақтарында осы жұмыстан өздеріне керекті әдіс-тісілдерді қолдануға болады, бір көмегі тиер деген ойдамын. Сабақ жаңа форматта жасалған және мұнда топтық жұмыстар, электронды оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, графикпен жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауаптар, есептер, өз бетінше орындайтын тапсырмалар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні

Математика, 6-сынып, №145 сабақ

Сабақ тақырыбы

Графиктер

Сілтеме:

Блум таксономиясы, СТО, Марта Бронсон (2002ж.) өзін-өзі реттеу

Александер, 2001,2008 Нұсқаулық 51 бет, 6-сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Графиктер ұғымы туралы терең түсінік беру, екі шаманың арасындағы байланысты график арқылы кескіндеуін үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері




-топ ережесіне бағынады;

- зерттеу, салыстыру жұмыстарын жасай біледі;

-ынтымақтастыққа үйренеді;

-тақырыптың маңыздылығын түсінеді;

-бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Негізгі мақсаттар

-Топтық жұмысқа жұмылдыру

-өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру

-өзара бағалауға үйрету

-логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ынтымақтастық атмосферасын құру

«Шаттық шеңбері» бір-біріне жақсы тілектер айтады. Координаталарымен берілген нүктелер арқылы топқа бөлу,

1 топ. Г(1;2);Р (2;6); 2 топ. А (4;6);Ф (5;2); 3 топ. И(7;2);К (8;6);

4 топ. Т(10;6);Е (11;2);Р (13;2).

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында әр топқа берілген нүктелерді координаталық жазықтықта белгілеп, кесінділер арқылы қосады. /Графиктер сөзі шығады./

Граф-латын тілінен аударғанда жазу, суреттеу деген мағынаны береді.

Білу, тану






1 тапсырма: (Сұрақтар барлық топ мүшелеріне арналған, ауызша жауап)

Интербелсенді тақтадан әр сағат сайын 4 м мата тоқитын

станок 1 сағатта, 2 сағатта, 3 сағатта, 4 сағатта неше метр мата тоқитынын көрсететін диаграмма берілген.

1. абсцисса осіне қандай шама салынған?

2. ордината осіне қандай шама салынған?

3. 4 сағатта қанша мата тоқылған?

4.станокта тоқылатын мата ұзындығы неге тәуелді?

5.АВ кесіндісінің ұзындығы нені білдіреді?

Түсіну

2 тапсырма. 1-2 топқа жеңіл 1-мысал, 3-4 топқа күрделі 2- мысал.

  1. Қарағайдың 1 дм3 көлемінің массасы 0,5 кг.Қарағайдың 2 дм,3 дм,,4 дм,5 дм көлемінің массасын тауып,оның графигін сызыңдар.

  2. Көлемі, V (дм3)

    1

    2

    3

    4

    5

    Массасы,m (кг)






  3. Саяхатшы 5 км/сағ. Жылдамдықпен 2,5 сағ. жүрген соң, 1,5 сағ. Демалып,қалған 3 сағатта 6 км/сағ. Жылдамдықпен жүрді. Саяхатшының қозғалыс гафигін сызыңдар.

Оқушылар кестені толтырады, графигін салады.

Қолдану





Сергіту сәті

3 тапсырма: /тапсырма барлық топ мүшелеріне арналған №1155 есеп/

1.С=a*n (С-заттың құны, а-бағасы, n-массасы немесе саны) формуласын пайдаланып, 1 кг алманың бағасын табыңдар.

2.150 теңгеге неше килограмм алма сатып алуға болады?

«Жұмбақ сандар»

Талдау

1-2 топқа 1-мысал, 3-4 топқа 2- мысал бойынша

графиктегі бір шаманың берілген мәніне сәйкес екінші шаманың мәнін табады,түсіндіреді,салыстырады,өмірмен байланыстырып мысал келтіреді.


Жинақтау

5-тапсырма: тақырыпқа байланысты сұрақтар./әр топ 3 сұрақтан құрастырып бір-біріне сұрақ қояды.

-Тақырыпты қорытындылап ББҮ кестесін толтырады.

-топтар өзара бағалайды.

Бағалау критерийлері

- топ ережесіне бағынуын;

-өткен сабақпен байланысын;

- график арқылы шамалардың өзгерісін анықтауын;

-қойылған сұраққа нақты жауап беруін;

- графиктерді зерттеп салыстыруын;

-бірін-бірі бағалауын;

Келесі тапсырма

6.5.Графиктер,№ 1152 есеп







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі