400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ғұлама ғалым. Сағыныш сазы (аңыз) 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ғұлама ғалым. Сағыныш сазы (аңыз) 3 сынып Сабақтың барысы: - шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау - өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін оқыту, дереккөздерден іздеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

Туребекова Меруерт Жумабековна

Күні:

16.02.2021 ж

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғұлама ғалым. Сағыныш сазы (аңыз)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу;

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың барысы.

3.2.1.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау

3.2.4.1 - өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін оқыту, дереккөздерден іздеу.

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Қызығушылығын ояту


Психологиялық ахуал

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды берілген сөздерді таңдау арқылы талдау.

«Ғұлама»

«Ұстаз»

«Ақын»

«Ойшыл»

Оқушылар сөздерді таңдап, ол туралы өз ойларын ортаға салады

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)


Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.






Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.





ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.


Сөздер жазылған парақшаларинтербелсенді тақта

Слайд №1-3

Қосымша 1


Ортасы

  1. 1-тапсырма

(МК, Ұ,) суретпен жұмыс «Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы берілген сұрақтарға мұғалім көмегімен жауап береді.

1. Әл-Фараби кім болған?

2. Оның өмір жылдары қандай?

3. Әл-Фараби қайда туды?

4. Ол қандай отбасыда туды?

5. Әл-Фараби қайда оқыды?

6. Оны қалай атаған?

7. Ол кімнің ізін қуған?

8. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?

9.Балалар жақында ғұлама Әл-Фарабидің неше жылдық мерейтойын атап өттік?

Қосымша мәлімет: Әбу Насыр әл- Фараби- Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген. Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен. Әл- Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған. Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген. Грекше, латынша білген. Дүние жүзінің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Фишбоун» әдісімен «Сағыныш сазы»

Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.

-шығарма аңызға жататынын дәлелдейді. (аңыз дегеніміз не? анықтамасын айтады);

- жанрлық ерекшелігін түсіндіреді;

Аңыз мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Әл-Фараби өлең жазды, сонымен қатар бос

уақытында немен айналысты?

  1. Бақшаны суреттеп бер.

  2. Ол бақшада жатып жазған өлеңін неше жасында

жазды және ол қандай сезімнен туды?

Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Аңыздағы бақшаны көркем - бейнелі сөздерді қолдана отырып өз сөзімен суреттеп айтады.

Дәптермен жұмыс Сөздік:

Шаһар – қала

Ынтызарлық – сағынып

Үрмет – атақ, баңқ, құрмет.

Шайып – түркі халықтарында суырыпсалма ақын

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • аңызды түсініп оқиды, мазмұндай алады;

  • мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқи алады;

  • аңыз мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

  • аңызға қатысты өз ойын айта алады;

  • шығарманың жанрын ажыратады және салыстыра алады.

3-тапсырма

(ЖЖ, ОТ) «Суреттеу» әдісіне сүйеніп оқушылар аңыздағы бақша суреттелген бөлікті тауып оқиды.

Бақша суреттелген бөлік:

Бақшадағы хауыз жанында, бағдат кілем төселген кілемше үстінде құс жастықты шынтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұр.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, аңыздың кейбір тұстары түсініксіз болды.

Қызыл түс – оқып үлгермедім, аңызды түсінбедім

Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім

4 - тапсырма

(МК, Т, ЖЖ) «Бір минуттық әңгіме» тәсілімен ұжымда әңгімелесіп, Әл-Фараби туралы ой қорытады.

Берілген тірек сөздер: Ғалым, Ақын, Ойшыл

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.





























Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)

суретпен және мәтінмен жұмыс








Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Форматив

ті бағалау.




















ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Оқулықтың 41-бетіндегі Әл-Фараби суреті,

қорап,

сұрақтар жазылған парақша

лар

Қосымша 2




Слайд 4
























Оқулық 44-45-беттер, түсіндірме сөздік,

слайд 5





Слайд 6

оқулық,

қосымша 3












Слайд 7





Соңы

(Ұ) Кері байланыс:«Өсімдік бейнесі» әдісі.

Діңгегіне-сұрақтарыңызды жазасыздар.

Бұтақатарына-бүгінгі сабақтан алған білімдеріңіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
2105
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі