«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Қ.Абдуллаев
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Гүлдер»
Сыныбы: 4 «ә»
Пәні: бейнелеу өнері
Күні: 20.05.2016
Мерзімі: 1000
Пән
мұғалімі: А.Султанова
Қараөзек ауылы
Сыныбы: 4 «Ә» күні: 20.05.2016ж пәні: бейнелеу өнері Сабақтың
тақырыбы:
Гүлдер Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: балалардың гүлдер туралы білімдерін
кеңейту,өлең-
тақпақтар арқылы тіл байлығын
арттыру; ә)дамытушылық:гүлдердің түр-түсін,есте сақтау қабілетін,ойлану
сезімдерін
дамыту,бейнелі ойлау машығын
қалыптастыру; б)тәрбиелік: табиғатты қорғауға,сүйе білуге,оларды күте білуге
тәрбиелеу Сабақ әдісі: әңгімелесу,түсіндіру,сергіту,мадақтау
Сабақ көрнекілігі:
бөлме гүлдері,суреттер,табиғат
бұрышы Ұйымдастыру кезеңі:
сәлемдесу,түгендеу
Психологиялық дайындық:
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды
даламыз, Жарқырайды қаламыз Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң
қонақтар!
Келген қонақтармен
сәлемдесу
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан
кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен Біздер сәлем
береміз.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. І-топ: - гүлдің
суретін салады ІІ – топ: - аппликация орындайды ІІІ-топ: - оригами
тәсілімен гүл жасайды
Үй
тапсырмасын бекіту:
-Балалар,біз өткен сабақта «Музыкалық аспаптар»
натюрморты тақырыбын өткен болатынбыз. Жалпы, натюрморт дегеніміз
не? -Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? -Сәндік натюрморт
дегеніміз не? -Натюрморт жанрында тағы нені бейнелеуге болады?
-Натюрморт бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? -Қолданбалы сән
өнерінде нені бейнелейміз? -Ия, балалар ,дұрыс айтасыңдар
қолданбалы сән өнерінде қазақтың ұлттық киімдерін,ұлттық
жиһаздарды,кілем, жалпы ою-өрнек түрлерін
бейнелейміз.
-
Балалар, мына бір қураған гүлді сендерге көрсету үшін әкелдім.Осы
гүл бар ма біздің бөлмеде? Үстел үстіне қойып,жанына 2-ші гүлді
қойып салыстырамыз.Балалар салыстырады,қураған гүлге көмек керек
екенін айтады.(жері кеуіп қалған,жапырақтары
қураған)
-Балалар, біз алдымен есімізге түсіріп
алайықшы, «гүл» -қай табиғатқа жатады? -Дұрыс, тірі табиғатқа
жатады. –Балалар, гүлдер не үшін керек? -Гүлдер қайда
өседі?
-Гүлдер нешеге бөлінеді? -Гүлдер әдемі болып өсуі
үшін не керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады. –Дұрыс ,балалар,
біз дүниетанудан өткенбіз гүл әдемі болып өсуі үшін топырақ,күннің
көзі,су қажет.
Ендеше,балалар «гүл» туралы тақпақтар айтайық.
Ұмытпай күнде, Үйде тұрып өсетін Су құямын гүлге. Әкеп гүлдің
көшетін Тұрады гүлім Топырақты салдым да, Құлпыртып түрін.
Отырғыздым қалбырға.
Сергіту сәті: Жайқалады ағаштар Біз гүлдерше
өсеміз Бетімізге жел еседі. Жапырағы жайқалған Кіп-кішкентай
балалар Сабақтары салалы Үп-үлкен боп өседі. Желмен бірге
жайқалған.
-Балалар,біз гүлдер деп жатырмыз. Гүлдер қай
кезде өседі? Қазір қай мезгіл? -Ия, көктем мезгілі. Осы көктем
сөзін үш тілде айтайық. Көктем Весна
Spring
Жұмбақ: Өзі сондай нәзік Су құйсаң
кетеді Алақанын жайып (гүл, цветок,
flower)
-Дұрыс,балалар енді мен сендерге «қызғалдақ» гүл
туралы ертегі айтып берейін.
Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Оның жар дегенде
жалғыз қызы болыпты. Қызы өте сұлу ай десе аузы,күн десе көзі
болыпты. Сиқыршы қыздың сұлулығын көре алмапты.Бір күні әлгі
мейірімсіз,қатыгез сиқыршы қызды қызғалдақ гүлге айналдырып
жіберіпті.Патшаның әйелі гүлге өте қамқорлықпен қарапты. Бір күні
патша ашуланып ,сен менің қызыма дұрыс қарамадың деп әйелін қуып
жіберіпті. Сол күннен бастап гүл сола бастайды. Патша гүлдің қасына
келіп: саған не болды? – деп сұраса, қызғалдақ гүл «менің анамды
шақырыңызшы» деп сыбырлапты. Патша дереу әйелін алдырады. Бір күні
сарайға бір жас музыкант келеді. Патша мен әйелі музыкантқа
әуеніңді біздің гүлімізге ойнап берші дейді. Музыкант
келісіп,бақшаға келіп гүлге әуен ойнайды. Әуен ойнаған сайын гүл
құлпыра түседі. Гүлдің әдемілігіне қызыққан музыкант гүлді сүйіп
алады. Міне, керемет! Гүлдің орнында қызғалдақтай сұлу патшаның
қызы тұр.Қатты қуанған патша мен әйелі қызын музыкантқа
қосып,бақытты ғұмыр кешіпті.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,гүлдің қызға айналуына
не себеп болды?
Ойын «Өз гүліңді тап»
Балалар музыка ырғағымен айнала билеп жүріп,
музыка тоқтаған кезде өз жұбын тез табуы
тиіс.
Әр
топ өз жұмысын қорғайды.
Қорытынды:
-
Гүл қай табиғатқа жатады?
-Гүлдер нешеге бөлінеді?
Бағалау:
Оқушыларды мақтай
отырып,бағалау
Үйге тапсырма: Гүлдің суретін салу