Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ "Гүлдер әлемі" Кіші "Балапан" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүлдердің түрлерімен таныстыру, гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Сөздік қорын молайту, ойлау сезімдерін дамыту. Гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге , күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















«Гүлдер әлемі»

Кіші «Балапан» тобы

(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)









Тәрбиеші:Оширова.М.Т







Алматы қаласы

2022 жыл



Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Гүлдер әлемі.

Мақсаты:Гүлдердің түрлерімен таныстыру, гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Сөздік қорын молайту, ойлау сезімдерін дамыту. Гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге , күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: гүлдердің суреті, көктем мезгілі бейнеленген суреттер.

Билингвалды компонент: Бәйшешек

Мотивациялық- қозғаушы

Балаларды шаттық шеңбер тұрғызып,бүгінгі күнмен амандасу.

Қуанамын, күлемін,

Жылы менің жүрегім.

Достарыма үнемі,

Риза болып жүремін.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Қуанамын, күлемін,

Жылы менің жүрегім.

Достарыма үнемі,

Риза болып жүремін.

Ұйымдастыру - іздестіру:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктем мезгілі өте көңілді. Тіршілік оянып, айналамыз жасыл желекке бөленеді. ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды , жеміс ағаштары гүлдейді.Қар ерігеннен кейін, жер бетіне бәйшешек пен жауқазын гүлдері шығады.

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Гүлдер әлемі».

Гүлдер терезенің алдына сән беріп қана қоймайды, бөлменің ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Гүлер өсіп тұрған жерде біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады.Олардың көптеген түрлері болады, түстері де әртүрлі болады.

Суретпен жұмыс:

Мынау бәйшешек гүлі.

-Ол ерте көктемде қар еріп жатқан кезде тауда гүлдейді.

Түсі қандай балалар?

Мынау қызғалдақ гүлі.

Ол қырда өседі.

Түсі қандай?

-Мынау раушан гүлі.

Барлық гүлдердің патшасы, сұлулық пен әсемдік белгісі.

Түсі қандай балалар?

-Балалар , сендер білесіңдер ме?

Гүлдер әсемділігімен көрік беріп қана қоймай сонымен қатар ауаны да тазартады. Гүлдер жайқалып өсу үшін жаңбырдың суы, күннің нұры, су қажет екен.

Шығармашылық жұмыс: Балалардың алдына ақ парақ қағаздардың тұрғанын ескерте отырып, бәйшешек гүлдерін жапсыру. Балалардың толық қағаздың бетін пайдалануын қадағалау.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Дидактикалық ойын: «Гүл жина»

Шарты: Гүлдерді түстері бойынша бөлек топтастырып жинау.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай гүлдермен таныстыңдар?

-Бәйшешек, қызғалдақ, роза.

-Гүлдердің түстері қандай болады?

-Әртүсті, қызыл, сары, көк,т.б

-Жапырықтарының түсі қандай болады?

-Жасыл.

Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне барлықтарың да өте жақсы қатыстыңдар.Гүлдің суретін де өте әдемі жапсырдыңдар. Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Қонақтармен қоштасып, бүгінгі оқу іс- әрекетімізді аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлдердің түрлерін, олардың аттарын;

Игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, гүлдің жапсыруды;

Меңгереді: түстерді ажыратуды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.08.2022
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12