жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Гүлдер" панно жасау
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеуқұрамынақарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеужатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшағабөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екітүрліжолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;
2) кейбір септікжалғауларыныңтүбірменсіңісіп, көнеленуі арқылы.
1. Туындыүстеужасайтынжұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.
-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;
2. Кейбірүстеулер түбірге септікжалғауыныңсіңісіп, көнеленуінен жасалады:
Барыссептіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма),текке (күлме), т. б.
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.
Шығыссептіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.
Көмектессептіктің көнеленуінен: кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты).
Күрделіүстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердіңбірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіденәрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлайетіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.
Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылыжасалған күрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.
Сөздердің тіркесуі арқылыжасалған күрделі үстеулер: таңертеңненқаракешкедейін, күнібойы, таңатқанша, ала жаздай, қысбойы, т. б.
Тілімізде тұрақтытіркестер арқылыжасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздіңарасында, аяқастынан, томағатұйық, құлан таза, т. б.
Үстеу мағынасына қарай жеті түргебөлінеді:
1. Мезгілүстеуіқашан? қашаннан? дегенсұраққажауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттіңмезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгілүстеуіетістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
2. Мекенүстеуіқимылдың, іс-әрекеттіңорындалатынорнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалайқарай? сұрақтарынажауапбереді. Мысалы: Тауғақарай (қалайқарай?)өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуііс-әрекеттің, қимылдыңамалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б.
4. Мөлшерүстеуіқанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? дегенсұрақтарғажауапбереді.Мөлшерүстеуі сынныңнемесеқимылдың көлемдікдәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшерүстеуі етістікпентіркесіпкелгендеқимылдың шама-шарқын, мөлшерінбілдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіпқалды, недәуір(қалай?) өскенекен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшерүстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынныңмөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткішүстеуіқимылдың, іс-әрекеттің, сынныңсапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалтаалмады. Соныменбірге күшейткішүстеуге сын есімніңкүшейтпелі шырайын жасайтын ең(биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсатүстеуі не мақсатпен? қалай? дегенсұраққажауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдыңорындалумақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіпқалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдарүстеуі не себепті? қалай? неге? дегенсұрақтарғажауапбереді. Себеп-салдарүстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдарүстеуіне: құрбосқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздеріжатады. Бұлсөздер етістікпентіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеудіңмағыналықтүрлерініңкестесі
ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
СҰРАҚТАРЫ
МЫСАЛДАРЫ
1.Мезгіл үстеуі
Қашан? Қашаннан? Қашаннанбері?
Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстанбері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таңсәрігедейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.
2.Мекен үстеуі
Қайда? Қайдан? Қалайқарай?
Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрменқарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.
3.Сын-қимыл (бейне) үстеуі
Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?
Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.
4.Мөлшер үстеуі
Қанша? Қаншама? Қаншалық?
Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.
5.Күшейткіш үстеуі
Қалай? Қандай?
Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.
6.Мақсат үстеуі
Қалай? Не мақсатпен?
Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.
7.Себеп-салдар үстеуі
Не себепті? Неге?
Құрбосқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.
Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұлжыл – биыл,бұлкүн – бүгін, жаздыңкүні – жаздыгүні, ендігіденәрі – ендігәрі, қыстыңкүні – қыстыгүні ,күздіңкүні – күздігүні;
Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылыжазылады. Мысалы: анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен, т. б.
Тіркесу арқылыжасалған күрделі үстеулер бөлек жазылады. Мысалы: қысбойы, таңсәріде, келе сала, төменқарай, жоғарыжаққа.
Үстеудіңсөйлемдегінегізгіқызметі – пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?)жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін. Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?),тапсырманыорындайалмайсың.
Үстеулертүрленіпкеліп, басқа сөйлеммүшелерінің де қызметін атқарады.
Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметіндежұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.Күшейткішүстеулер сапалық сын есімментіркесіп келіп, күрделіанықтауыш қызметінатқарады. Бәйгеге өңшеңжүйрік, кілеңсәйгүлік (қандай?) аттарқосылды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген