400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Гүлдердің пайдасы.Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған оқу іс әрекеті Қоршаған ортамен таныстырудан ересек топтарға арналған конспект.Бұнда гүлдердің түрлері,олардың пайдасы туралы балалар мағлұматтар алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Топ: «Қарлығаш» ересектер тобы

Күні: 3.04.2018ж

Тәрбиеші: Нарикбаева З.О

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Оқу іс – әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Гүлдердің пайдасы»

Мақсаты: Емдік гүлдердің шипалы, қасиеттері жайлы,

балалардың түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге,

әрқайсысын дұрыс атауға және қалай пайдалану жолдарын

үйрету, дұрыс жинау, сақтау ережелерін білуге

дағдыландыру. Балаларды қоршаған ортаны, өсімдіктерді

қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Амандасу:

Қуан шаттан, алақай!

Күліп

шықты күн бүгін,

Қайырлы

таң қонақтар!

Қайырлы

таң достар!

Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір – біріңе сәлеметсің бе, амансың

ба, саумысың деген ғажап сөздерді айтып жатасыңдар. Ал, бұл

сөздер неліктен ғажайып екенін білесіңдер ме? Амансың ба

деген бұл адамдарға ұзақ өмір тілеу.

Денсаулық деген не балалар?

Балалар: Ауырмай, сырқамай көңілі көтеріңкі болу.

Тәрбиеші: Ауырып қалғанда біз не істейміз?

Балалар: Дәрі ішеміз.

Дұрыс айтасыңдар, дәріні де өз мөлшерімен ішеді. Дәрімен қатар

біздің ата – бабаларымыз емдік шөптерді пайдаланған. Бүгін біз

сабақта қасиеті бар көптеген өсімдіктермен танысамыз.

Балалар, бүгін бізге қонақ келіп отыр. Бұл қонақ кім?

Танисыңдар ма?

Балалар: Дәрігер

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар бұл дәрігер

Тәрбиеші: Балалар, оқу іс – әрекетін бастамас бұрын, мына

сұрағыма жауап беріңдерші?

- Қандай гүлдерді білесіңдер атап беріңдерші?

- Балалардың жауаптары

«Дәрілік өсімдіктер» екіге бөлінеді. Бөлме және дала

өсімдіктері. Бөлме өсімдіктері адамның көмегімен бөлмеде өседі,

олар алуан түрлі. Ал, қазір табиғат бұрышындағы емдік

өсімдіктерді атап шығайық.

Кактус, алоэ, түймедақ.

Түймедағы: ангина ауыз қуысының ауруларының қабынуға қарсы

антисептикалық зат ретінде. сондай ақ гастритте, асқазан, ішек ауруларына

қарсы қолданылды.

Алоэ: Бұл Оңтүстік Африкадан тараған, сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі.Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.

Алоэ – шырынды өсімдік. Ел іші «жүз жылдық» деп атайды.

Оның шырыны сағақсыз жапырақтарына жиналады.

Жапырағының пішіні сәл иілген қылышқа ұқсайды. Жиектері

тікенектермен көмкерілген, өркенге кезектесіп орналасқан.

Алоэ жапырағын кескенде, дәмі ашқылтым, сарғыш түсті

шырын ағады. Осы шырынның емдік қасиеті зор. Медицинада

түрлі дәрілер жасайды. Абайсызда қолыңды кесіп алсаң, алоэ

жапырағының ортасын қақ жарып бөліп жараға таңса, қанның

тезірек ұйып, тоқтауына көмектеседі және іріңді жараларды

дененің күйген жерін, тері ауруларын емдеуге қолданады.

Итмұрын: Жемісінің құрамында емдік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Ал, кактус– бойындаемдік қасиетітері мол өсімдіктердің бірі

болып табылады. Оның тікенектеріне қарап, адамдар суық

қабылдайды, алайда кактусты үйдегі

теледидар,компьютерлердің жанына қойсақ, олардан шығатын

зиянды сәулелерді өзіне сіңіріп, жойып отырады да, адамның

көз жанарын сақтауға септігін тигізеді.

Түймедақ – бұл гүлде де емдік қасиеті бар гүл. Адамдар суық

өткен кезде осы гүлдің тұнбасын ішіп емделеді екен.

Тәжірибелік жұмыс:

\Тәрбиеші балалардан осы гүлдерді суару, күту, жапырағын

тазалау жұмыстарының қалай жүргізілетінін сұрай отырып,

бірлесе тәжірибе жүргізу.\

Балалар тәжірибелік жұмысты жүргізе отырып, тақпақтарын

айтады.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Еңбек бәрін жеңбек.

Орманға бару

Тәрбиеші: Балалар далада да өсетін дәрілік шөптер бар. Қазір біз

орманға барып дәрілік шөптерді себеттерге жинап әкелуіміз

керек. Әкелген дәрілік шөптерден гербари жасаймыз. Ал қалай

ойлайсыңдар орман балабақшадан алыс қандай көлік түрімен

барған дұрыс, сендер немен барғыларың келеді?

Қане ендеше барлығымыз ұшақпен ұшып барайық, сонда біз тез

жетеміз. Орындыққа жайғасып мықтап отырыңдар, ұшақтың

жүргізушісі мен боламын, сендерді мен орманға алып барамын

және бізбен дәрігер барсын.

Тәрбиеші: Балалар біз орманға келдік ормандағы құстардың

аңдардың дауысын құлақ салып естіп көрейікші?

Балалар қараңдаршы мына жерде қандай әдемі гүлдер өсіп тұр?

Бақбақ

Қане кім айтады: көктем мезгілінде біз ауладан қандай гүлдерді

тереміз?

Бақбақ гүлін тереміз. Дәрі – дәрмек жасау үшін бақбақтың гүлі,

жапырағы, тамырын қолданады. Ауырғанда дене қызуын басып,

тер шығарады, тыныш ұйықтауға көмектеседі. \бақбақ

гүлінің түсіне назар аударту, гүл өскенде дөңгелек пішінді,

жұмсақ шарға ұқсайды, оны үрлесең жан – жаққа ұшып кетеді.\

Қане қолымызға алып үрлеп көрейікші

Бақбақ туралы кім тақпақ айтып береді?

Сән беріп жазға,

Үлбіреп бақбақ

Шалғынды сазда

Өседі қаптап.

Ақ ұлпа қардай

Басында гүлі

Жел соқса қалмай

Ұшады түгі.

Жусан – түсі боз, иісі ащы, қышқыл емдік өсімдік. Бұл емдік

өсімдік жусанның пайдасы өте зор. Оны «тазалықшы өсімдік»

деп те атайды. Жусанды суға батырып, бөлмеге сепсе, оның

иісіне бүрге жоламайды.

Адыраспан– улы, жағымсыз иісті жұмыр, шөп тектес өсімдік.

Жоғарғы жағы көлбей, төменгі жағы жер бауырлап өседі. Ақ

түсті бес жапырақшасы бар гүлі жапырақ қолтығында дара

өседі. Жемісі – шар тәріздес домалақ келеді. Жол жағасында,

шөлейтті, әрі құрғақ жерлерде өседі. Осы шөппен үйдің ішін

аластайды. Кейде жұқпалы аурумен ауырған адамның бөлмесін

аластайды. Халықтық медецинада адыраспан шөбін қышыма

мен өзге де тері ауруларына пайдаланады.

Тәрбиеші: Ал балалар қайтатын уақыт жетті. Қане барлығымыз

ұшағымызға отырып балабақшаға ұшайық. Екіге үстелге бөлініп

гербари жасауға кірісейік.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай - былай ойнат.

Ойын: «Гүл мен жаңбыр»

Дала өсімдіктері дала да жаңбырмен өседі

«Гүл мен жаңбыр» деген ойын ойнайық.

Ойынның шарты: Күн шықты деген кезде, гүлдер жайнап өседі.

Ал қатты жел соға бастағанда, жан – жаққа шайқалады, бір

мезгілде аспандабұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастағанда,

гүлдер тоңып, бүрісіп, қолшатырдың астына жиналады.

Өте тамаша ойынды тамаша ойнадыңдар.

Қорытынды:

Гүлдер жайында тиым сөздер білесіңдер ме?

1. Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады

2. Көк шөпті жұлма

Көк алман үзбе

Өзі үзілер күзде

3. Өсімдік – өмір сыйлайды.

Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін немен таныстық?

  • Емдік гүлдермен таныстық.

  • Олардың қандай пайдасы бар?

  • Денсаулыққа пайдасы өте көп

Балалар сабақ аяқталды сендерге

көп рахмет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі