400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғұн тайпаларының бірігуі 5 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ғұн тайпаларының бірігуі 5 -сынып Ұйымдастыру кезеңі. Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін оқушыларға суреттерді көрсетіп, топтық талқылауға ұсынады. - Бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма? Тақырып кімдер туралы болуы мүмкін? - Суреттерге қарап қандай ой түюге болады? Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. Топқа бөлу. 1- топ Ғұндар. 2- топ Мөде. 3- топ Жер (1,2,3 сандарды айтып ауызша бөлемін)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5. 4 А- Ежелгі Қазақстан тарихына шолу

Мектебі:Сарыкөл ауылының негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Сапарғали Г.А.

Сынып: 5

Қатысқандар -13

Қатыспағандар -0

Сабақтыңтақырыбы

Ғұнтайпаларыныңбірігуі (1-сабақ)

Зерттеусұрағы:НегеМөдешаньюй «Жер- мемлекеттіңнегізі» деді?

Оқумақсаттары

5.3.1.1. – картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5. 3. 1. 2. – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Сабақмақсаты:

Барлығы: картадағұндардың орналасу аумағын көрсетеді және ғұндар мемлекетінің құрылуын түсіндіре алады;

Көпшілігі:тарихидеректерді талдап, ғұн тайпаларының тұрмыс- тіршілігін сипаттай алады;

Кейбіреуі: ғұндардың мемлекеттік дәрежеге жетуде жердің маңызды болғанын дәлелдей алады

Ойлаудеңгейі

Білу, түсіну

Бағалаукритерийі

  • Картада ғұндардың орналасу аумағын анықтап,кескін картада белгілейді;

  • ғұндар мемлекетінің құрылуын түсіндіреді;

  • тарихи деректерді талдап, ғұн тайпаларының тұрмыс- тіршілігін сипаттайды;

  • ғұндардың мемлекеттік дәрежеге жетуде жердің маңызды болғанын дәлелдейді.

Контекст

Тарихи концепт (фокус): дәлел

Тілдікмақсаттар

Негізгіұғымдар:шаньюй, халықжиналысы

Талқылауғаарналғансұрақтар:

Ғұнмемлекетіқалайбасқарылды?

Шаньюйшексізбиліккеие бола ала ма?

«Жер- мемлекетіміздіңнегізі мен ырысы, оны қалайбереміз?» дегенпікірдіқалайтүсінесіңдер?

Жазылымғаарналғантапсырмалар: тарихи деректерді оқып,талдап,жазып ғұн тайпаларының тұрмыс- тіршілігіне сипаттама береді.


Құндылықтарға баулу

шығармашылықжәне сын тұрғысынанойлау

Пәнаралықбайланыс

География ,дүниежүзітарихы 5-сынып

Алдыңғыбілім

Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан территориясындағы алғашқы сақ, үйсін, қанлы мемлекеттерінің тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті.

Сабақтыңбарысы

Жоспарлан

ғануақыт

Жоспарланғаніс- әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін оқушыларға суреттерді көрсетіп, топтық талқылауға ұсынады.

  • Бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма? Тақырып кімдер туралы болуы мүмкін?

  • Суреттерге қарап қандай ой түюге болады?

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Топқа бөлу. 1- топ Ғұндар. 2- топ Мөде. 3- топ Жер (1,2,3 сандарды айтып ауызша бөлемін)



Презентация




Ортасы

5 мин




10 мин





5 мин



1 - тапсырма:«Дерекпен жұмыс» 126-127беттердегі тарихи деректерді оқып,талдап, жазып ғұн тайпаларының тұрмыс- тіршілігіне сипаттама беріңіздер.(топтық жұмыс)

Бағалау критерийі: тарихи деректерді талдап, ғұн тайпаларының тұрмыс- тіршілігін сипаттайды

1-топқа: Ғұндар туралы қытай жазба деректері

2- топқа: Ғұндар туралы еуропалық авторлардың деректері

3- топқа: Ғұндар туралы заттай деректер

Дескрипторлар:

  1. Ғұндар туралы қытай жазба деректеріне сипаттама береді.

  2. Ғұндар туралы еуропалық авторлардың деректеріне сипаттама береді.

  3. Ғұндар туралы заттай деректерге сипаттама береді.

Оқушылар ортаға шығып,орындаған тапсырмаларын түсіндіріп береді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды бағалау.

2- тапсырма128 беттегі мәтінді оқу. (жеке жұмыс)

«Әріптестер » әдісі.(әр оқушыға не сұрағы бар, не жауабы бар қағаз беріледі.Оқушылар сынып ішінде үндемей жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді)

Бағалау критерийі: ғұндар мемлекетінің құрылуын түсіндіреді.

Сұрақтар:

1.Ғұн мемлекеті қашан құрылды?

2.Мемлекет негізін қалаушы кім?

3.Шаньюй деп кімді атады?

4.Ол шексіз билікке ие болды ма?

5.Мөде шаньюйдің мемлекетті басқарған жылдары

6.Ол қалай басқарды?

7.Халық жиналысы деген не?

Жауаптар:

  • Б.з.д.ІІІ ғасырда Орталық Азияда ғұн (хунну) мемлекеті құрылды.

  • Мемлекет негізін қалаушы- Мөде Шаньюй

  • Ғұндардың жоғарғы билеушісі қытай деректерінде шаньюй деп аталған

  • Шаньюй шексіз билікке ие болды.Ол өзі мемлекетті басқарды, әскерді басқарды,соғыс жариялады, бітім жасады, сот билігі қолында болды, жер тұтастығын сақтады.

  • Мөде шаньюй ғұн мемлекетін б.з.д. 206-174 жылдары басқарды

  • Ол қатал тәртіп орнатып, әскерді қайта жасақтады.Мемлекеттік аумақты әскери жүйемен оң,сол және орталық қанаттарға бөлді

  • Ғұн руларын ақсақалдар басқарды.Ақсақалдар жылына бір рет халық жиналысын өткізіп отырды.Онда жорық,салық,жер және т.б.мемлекеттік мәселелер талқыланды.

Қб: «Ауызша » Мадақтау «Жарайсың! Керемет! Тамаша!»

3- тапсырма«Аңызды талда» әдісі.(Жұптық жұмыс)

Шарты:Оқушыларға 129 беттегі мәтінді оқып,. Жұппен талқылау арқылы сұрақтарға жауап беріп, дәлелдейді.

Бағалау критерийі:ғұндардың мемлекеттік дәрежеге жетуде жердің маңызды болғанын дәлелдейді.

Дескрипторы:

  • «Бір қарыс жер туралы аңызды » оқып, жұппен талқылайды;

  • Аңыздың негізгі идеясы неде екенін анықтайды;

  • ғұндардың мемлекеттік дәрежеге жетуде жердің маңызды болғанын дәлелдейді.

ҚБ- «Мен саған, сен маған» өзарабағалау


4- тапсырма«Картаны жандандыру» әдісі (топтық жұмыс)

1. Ғұндардың орналасқан аймағын сипаттаңыз.

2. Ғұндар қандай тайпалық одақтармен көрші орналасқан?








  • Бағалау критерийі: Картада ғұндардың орналасу аумағын анықтап,кескін картада белгілейді;


Дескрипторы:

  • ғұндар орналасқан аймақты анықтайды, белгілейді;

  • ғұндардың қаңлы тайпалық бірлестіктерімен көршілес орналасқаның анықтайды,белгілейді;

  • ғұндардың үйсін тайпалық бірлестіктерімен көршілес орналасқаның анықтайды, белгілейді.

ҚБ – «Шапалақ»

Сабақты қорытындылау: Неге Мөде шаньюй «Жер- мемлекеттің негізі» деді? Зерттеу сұрағына сабақ барысында жауап алдық па?

Үйгетапсырма:«Мен Мөдеболсам...» тақырыбында ой-толғаужазу





































Сұрақ –жауап жазылған кеспе қағаздар














































Тарихи карта








Кескін карта

Аяқталуы

2 мин


Кері байланыс:

Сабақта мен үшін мына нәрсе қызықты болды.......

Сабақта мен үшін мына нәрсе қиын болды.............









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
1747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі