400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ғұндар қалай өмір сүрді 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабағым жоғары дәрежеде өткен соң жас мұғалімдерге пайдасы болар деп жарияладым. Ашық сабағымда жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты түрлі әдіс-тәсілдер, ойындар пайдаландым. Ашық сабағымды слайдпен өттім. Оқушылар қазіргі заманмен ерте кездегі заманды салыстырып суреттер салып, әр топтан интервью алып, көрініс көрсетіп, үштілділікті қоса ғұндардың немен айналысқанын білді. Сынып оқушылары белсенділіктері үшін, ұйымшылдықтары үшін қатысқан оқу басшыларынан алғыс алды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Мектеп. С.Сейфуллин

Күні: 12.02.18ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқасымова Ш

Сынып

2 «а»

Қатысқандар. 24

Сабақ тақырыбы:

ҒҰНДАР ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРДІ ?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1. көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау

2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


Ғұндар және олардың қозғалысын анықтайды, ғұндардың көшпелі тайпа екеніне көз жеткізеді. Тарихта болған ғұндар жайлы анықтайды. Қазіргі елімізбен салыстыра алады. Айналысқан шаруашылығын айта алады. Ғұн тайпасының билеушісін біледі.


Көптеген оқушылар:


Оқушылар Ғұн тайпасының символын, туын, картиналарын/ фотосуреттерін ескерткіш-жәдігерлерін біледі. Картадан көрсете алады, олардың жұмыс құралдарын сипаттай алады,қазіргі елімізбен салыстыра алады.


Кейбір оқушылар:


Ғұндардың немен айналысқаны айта алады, құрал-саймандарын біледі, сұрақтар дайындай алады. Сурет сала алады. Суретпен жұмыс жасай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар :



ғұндар – гунны – huns;

көшпенді ел-кочевники- nomads

қоныс аудару – переселение – мigration.


Бағалау критерийі

Бағалау парақшасы, топты бағалау, «Басбармақ» әдісі. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарды дарыту.

Бірі-бірін құрметтеу, тыңдау, сыйлау, көмектесу, өзара тіл табысу

Пәнаралық байланыстар.

Қазақ тілі, музыка, көркем еңбек, әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары

Сабаққа қатысты слайдтар.

Бастапқы білім

Мемлекеттік мерекелер, Ежелгі қалалар.


Сабақ барысы

Жоспар

Сабақ жоспарланған кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы

6 МИН

  1. Сәлемдесу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік баршаңызға, Құрметпенен біз.

2. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері: Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз!

Кілең бестік аламыз Бүгінгі сабаққа сәттілік

3. Топқа бөліну.

Оқушылар қима қағаздар бойынша

4. 4-топқа бөлініп отырады.

Топтарға сабаққа байланысты ат берілді. 1-топ: «БАҒДАРШАМ» 2-топ: «МЕЙРАМДАР»

3-топ;«ҚАЛАЛАР»

4-топ; «ҒҰНДАР»

5.Топ ережесімен танысу.

  1. Уақытты үнемдеу.

  2. Бір-бірін тыңдау.

  3. Тыныштық сақтау.

  4. Бір-бірінің пікірімен санасу.

6.Топ басшыларын сайлау. Бағалау парақшаларын тарату. Топтық бағалау.

«Басбармақ» әдісі.

7.Өткенді пысықтау.

«Бес қадам» ойыны арқылы өтілген

тақырыпты бекіту:

Ежелгі қалалардың атын атау. Отырар,Түркістан, Сайрам,Тараз, Жетісу.

Алматы,Астана,Шымкент,Атырау, Ақтөбе.

9. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС.

«ЖЕЛПУІШ» ӘДІСІ.

І-топқа: БАҒДАРШАМ.

Қауіпсіздік ережесін қалай сақтауға болады?

Бөлмеде, мектепте ток көздерін ажыратып жүру. Газ құрылғыларына жоламау. Басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті, ұқыпты болу.

ІІ-топқа: МЕЙРАМДАР.

Ұлттық мерекелерді атаңдар.

Наурыз мерекесі, Тәуелсіздік мерекесі.

ІІІ-топқа: ҚАЛАЛАР

Көне қалаларды атаңдар.

Отырар, Түркістан, Сайрам, Жетісу, Тараз.

ІV-топқа: ҒҰНДАР.

Сақтарды кім басқарды?

(Томирис ханшайым басқарды, есімі тарихқа белгілі болды, Парсы патшасы Кирді жеңді, сұлу өжет болды, ақылды-парасатты болды.)

«Топтық» бағалау.


Сабақтың ортасы .

20 мин



Сабақты бастамас бұрын видеоролик көрсетемін.

-Балалар роликтен кімдер жайлы көргенін айтады.

-Ғұндар.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Ғұндар қалай өмір сүреді?

ОЙ ҚОЗҒАУ» 1-сыныпта өткенді еске түсіру.

ОҚЫЛЫМ. Кітаптағы мәліметпен бөлісу.

Балалар мәтінді тізбектеп оқиды.

Біз бұл тақырып туралы білеміз бе?

-сұрағына жауап беру,

Ғұндар сөзінің мағынасын ашу.

Ғұндар (түркі тілдес көшпелі тайпалар ) ІІ-ІV ғасырларда өмір сүрген ежелгі көшпенді халық. Ғұн тайпасы Альпі мен Балтық теңізінен бастап, Шығыста Каспий теңізіне дейінгі жерді басып алған жауынгер, ержүрек халық болды. Олар мал шаруашылығымен, көбіне жылқы өсірумен айналысты. Ғұндарда тұрақты баспана болмады, олар өз мал-жандарымен бірге қоныс аударып отырды.



Ғұн билеушісі Атилла

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады.

Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Қазақстан аумағына сақтардан кейін ғұндар келді. Олар мал жайылымына қарай көшіп-қонып жүрді. Жылқыны үйірімен, сиырды табынымен, қойды отарымен бақты.

Ғұндардың баспанасы киіз үй болды.

Кейбір ғұндар отырықшылықпен қатар егіншілікпен де айналысты.

Ғұндар немен айналысты?

  • Ғұндардың батысқа қарай орын ауыстыруы неге алып келді?

  • Ғұндардың немен айналысқаны жайлы ролик көреді.

  • Ғұн билеушісі Аттилла жайлы біледі.



Сергіту сәті. «МЕН ҚАЗАҚПЫН» 2 МИН.


«Түртіп алу» әдісі.

Жазылым. Дәптермен жұмыс.

1-ТОП.«ВЕНН ДИАГРАММАСЫ» ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС.

ОРТАҚ ҰҚСАСТЫҚТАРЫН ТАБУ.

2-ТОП.КАРТАМЕН ЖҰМЫС.

ҒҰНДАРДЫҢ ҚОНЫС АУДАРУЫ.

3-ТОП. ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ»

(КІМДЕР? ҚАЙДА? ҚАШАН?).

4-ТОП. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА.

БҰРЫН, ҚАЗІР, БОЛАШАҚТА»

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

АКТ,плакат,

маркер,

Тапсырмалар

Сабақтың соңы

7 МИН






Кері байланыс

3 мин


Үйрендім



Слайд

Дескриптор

1. Ғұндар өмірі жайлы біледі.

2. Ғұндар жайлы дереккөздерден біледі, танысады.

3. Ғұндар немен айналысқан сипаттайды, айтады, біледі







Саралау.

1.«Бес қадам» ойыны.

2.Топтық жұмыс.

3.«Ой қозғау»

әдісі.

4.Түртіп алу

5.Шығармашылық тапсырма

«Бұрын, Қазір , Болашақта»

Бағалау 2 МИН

«БАСБАРМАҚ», «ЖҰПТЫҚ» БАҒАЛАУ, «ТОПТЫҚ» БАҒАЛАУ


Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелері

АТК-мен байланыс

Сабақ бойынша рефлексия

Ғұндар өмірін, қазіргі өмірмен байланыстыра білді.



Өз пікірім.

Бүгінгі сабақ барысында оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Сабақ өте қызықты өтті. Барлық балалар сабаққа қатысып, жұлдызшаларға , ауызша қолдауларға ие болды.

Жалпы баға.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Оқу барысында тізбектей жүргізіп оқи алды. Бастапқы білімдерін айта алды. 2. Шығармашылық тапсырманы жақсы орындай алды. Бұрынғы мен қазіргіні ажырата алды. Болашақты өз ойларымен жеткізе білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Бейнефильм жаңа сабақты түсінуге жақсы ықпал етті. 2. Оқушымның «ата-баба салт-дәстүрін біз жалғастырамыз, олар жасай алмағанды біз жасаймыз» деп, Нұрасыл өз ойын айтты. .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
3650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі