400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Гук заңы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Гук заңы" 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2

Мектеп: Ш. Мұртаза атындағы ШЖМГ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:Ерғалиева Л

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Серпімділік күші. Гук заңы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

Гук заңын түсіндіріп бере алады.

Көптеген оқушылар істей алады:

Гук заңындағы деформацияның түрін атай алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Гук заңына байланысты есептерді өз бетінше шығарады.

Бағалау критериі


1.Серпімділік күші туралы толық біліп алады

2.Гук заңы нені анықтайтынын түсінеді

3.Эластик деформация құбылысын өмірде қолдануы туралы мәліметтерге ие болады

Тілдік мақсаттар


Оқу үдерісін жетілдіріп отыру мақсатында сирек қолданылатын сөздерден сөздік қорын жасау.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Гук, эластик, деформация, зияткерлік, механика, серіппе, қатаңдық құбылысы

орыс тілінде: сила упругости, ағылшын тілінде: elastic force

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Эластик деформацияның бізге берер пайдасы туралы не айта аламыз?

Гук заңын өмірде алар орны қандай болады деп ойлайсыңдар, шынында бізге Гук заңы керек пе?

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды əлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық жəне өмірлік əлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркəсіпте, ауыл

шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік жəне корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Пән аралық байланыс

География пәні: Ауа райлары, климаттар тақырыбы: «жел тұрғанда ағаштар иіледі, кейде сынады»

Технология (еңбек) пәні: Ағаш және темір шикі затын өңдеу тақырыбы: «ағаш және темір материалдарды өңдеуде олардың қаттылығын есепке алу керек»

Қазақстан тарихы пәні: Отырар апаты тақырыбы: «садақтар барынша тартылып атылғанда оқтар қалқандарды тесіп өтіп жатты»

АКТ-ны қолдану дағдылары

Проектор арқылы тақырыпқа сай слайдтар көрсетіледі, серіппе туралы бейнематериал

Қосымша білім

1-2 қосымшалар, https://interneturok.ru/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/sila-uprugosti







Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Басталуы

(3 мин.)

















(5 мин.)



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, амандасу, ыңтымақтастыру атмосферасын құру арқылы планшет, смартфон және ноутбук атты топтарға бөлу. 3 топ құрастыру. Тобымызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайық. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

№

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы






Үй тапсырмасын тексеру жне оқушылардың қажеттіліктерін анықтау (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

«Егер 5 минутыңыз болса …» әдісі.
1 топ:
1. Зат неден тұрады? /молекуладан/
2. Бізді қоршаған орта? /табиғат/
3. Молекулалардың бір - біріне өту құбылысы? /диффузия/
4. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суда тезірек еруі неліктен? /температура артқан сайын диффузия тез жүреді/
5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? /Күш/

2 - топ:
1. Аспан денелері туралы ғылым? /астрономия/
2. Диффузия қай күйде тез өтеді? /газ/
3. Денелердің жүріп өткен жолы? /траектория/
4. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? /3 минут/
5. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы? /инерция/

3 - топ:
1. 360 минутта неше сағат бар? /6 сағат/
2. Судың қатты күйі? / мұз/
3. Айдың бетінде тұрып «аққан
жұлдыздарды» көруге бола ма? / жоқ, өйткені онда атмосфера жоқ/
4. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама? / заттың тығыздығы/
5. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді? /орын ауыстыру/

А4 қағазы, маркер Тест тапсырмалар

Оқулықтар

(2 мин.)

Қызығушылықты ояту

7-сыныптарға арналған электронды слайдтардан «Гук заңы, серпімділік күші» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. «Неліктен серіппе шарикті лақтырды?» Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Графопроектор, планшеттер, ноутбук

Ортасы (15 мин)















(8 мин)

Сабақтың негізгі бөлімі

Денотатты граф əдісі.

Тірек сөзі «Гук»

Берілген сөз арқылы бүгінгі тақырыпты ашу оқушыларға түсініктемелер беру. Сөзге байланысты жүйе құру.

Ғ-түсірілген сыртқы күш,

-дененің созылу немесе сығылу шамасы.

-серіппе қатаңдығы. Өлшем бірлігі .

.

Күшті өлшеу үшін динамометрлер қолданылады.


Практикум. «Серпімділік күші. Гук заңы» тақырыбымен танысып тест тапсырмалары және тақырыпқа кіші тажірибелік жұмыс беріледі

А4 қағазы, маркер Тест тапсырмалар

Аяқталуы

(5 мин.)





Қорыту. Күтілетін нәтиже

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» бойынша

1

Білу

Гук заңы дегеніміз не?

2

Түсіну

Гук заңының формуласы, өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз

3

Қолдану

100 Н Күштің әсерінен серіппе 10см-ге созылды. Серіппе қатаңдығын табыңдар.

4

Талдау

Қатаңдықтары 200 Н/с және 150 Н/м серіппеге жұмсалатын күшті салыстыр.

5

Жинақтау

Техникада Гук заңының қолданылуын түсіндір.

6

Бағалау

Гук заңын білу біздің өміріміз үшін маңызы неде?



Бағалау парағы, стикер

Рефлексия

(2 мин.)

Дифференциация (саралау) – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

«Көңілді бармақтар» әдісі

Балалар, сендердің алдарында қағаз парақтары тұр, осы параққы қолдарынның суретін салыңдар

Әр бармаққа сабақ бойынша өз ойларынды жазасыңдар

Бас бармаққа – сабақта маған қызықты болғаны

Сұқ саусақ – қиындық туғызған сәт

Ортаңғы саусақ – маған жеткіліксіз болғаны

Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім

Кішкентай саусақ – менің ұсыныстарым

7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Тәжірибелік жұмыс барысында серіппенің атылып кетуінен абай болу, мұғаілм көмегіне жүгіну.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты SMART-қа сай құрылды.

Оқушылар серпімділік күші және Гук заңы тақырыбын ашуға белсене атсалысып тиімді шараларды қолдана алады.

Берілген уақыт ішінде үлгердім, сабақтың мақсатына сай нәтижеге жеттім.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

1.Серпімділік күші туралы толық біліп алады


Серпімділік күші қағыдаларын оқиды, біледі

1

2.Гук заңы нені анықтайтынын түсінеді

Р.Гук өмірбаянын үйренеді, Гук заңын түсініп алады

2

3.Эластик деформация құбылысын өмірде қолдануы туралы мәліметтерге ие болады

Эластик деформация құбылысын тәжірибелік жұмыс арқылы қолданып көреді

2

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қоямыз.

Үйге тапсырма: 13 жаттығу, тақырыпы оқып келу.


5

Сабақта пайдаланылған дереккөздер: жаңартылған оқу бағдарламасы, оқулықтар, интернет материалдары



Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1667
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі