Сабақтың
тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі(97-
бет)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру,
х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге
үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, тіл
байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік.Хатшы мамандық иелерінің
еңбегін бағалай білуге, сауатты, әдемі, көркем жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: жаңа
сабақ
Сабақтың
түрі: ашық
сабақ
Сабақтың
әдісі: СТО
Сабақтың
көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер,
кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.
БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
1. Қызығушылықты
ояту. Балалар бүгін бізде ерекше
сабақ, біздің сыныпқа қонақтар келіпті.Ендеше сол кісілерге
ілтипатымызды білдіріп қояйық. Барлығымыз ортаға шығып, шаттық
шеңберге тұрамыз.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Мына жерде тұрған қызыл, көк түсті оқулықтарды таңдау арқылы топқа бөлінеміз.
1 топтың
аты: «Білімділер»
Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2 - топтың
аты: «Талаптылар»
Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз.
ІІ. Өткенді
пысықтау.(96-бет) Миға шабуыл стратегиясы. «Кім жылдам?»
ойыны.Сұрақ-жауап./16/
-Балалар қазыр жылдың қай мезгілі? /қыс/
-Ал жылдың неше мезгілі бар?/4/
-Кім атап шығады?/қыс, көктем,жаз,күз/
-Қыс мезгілінде неше ай бар?/үш/
-Атап шығыңдар?/желтоқсан,қаңтар,ақпан/
-Аптада неше күн бар?/жеті күн/
-Бүгін аптаның нешінші күні?/5/
-Қалай аталады?/жұма/
-Әріпті біз не істейміз?/жазамыз,оқимыз,көреміз/
-Дыбыс дегеніміз не?/айтамыз,естиміз/
-Дыбыс нешеге бөлінеді?/2/
-Атап шығамыз?/дауысты,дауыссыз/
-дауысты дыбыс дегеніміз не?/өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында ебір кедергіге ұшырамай еркін айтылуынан жасалады./
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?/өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап айтылуынан жасалады./
-Соңғы қандай әріпті өттік?/Б/
-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?/басында,ортасында және соңында/
-мысалдар
ІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
Сөзжұмбақ шешу. Жұмбақ шешу.
Өзі әріп әрі дыбыс,
Бірақ ауылым сөзінде кездеспейді.
Сан емес, бірақ,
Екі бірден құралған.
жоқ деп атауға болады. /х әріпі/ Ендеше бүгін біз балалар Х әрпі және дыбысымен танысамыз.
- Балалар бүгін біздің сыныпқа хатшы Хамит келіпті .Оның иті бар.Аты Хари.
- Бүгін ендеше х әрпімен
танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х - дауыссыз
дыбыс- өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап айтылады. Х -
әріптерінің баспа және жазба түрлерімен танысайық.
Суреттерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі
сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі.
Мысалы: хат, шахмат, шах,хайуан,емхана,
асхана.
Сонымен қатар адам аттарында
да көп кездеседі.
Хамит хатшы болғандықтан келген хаттарды үй- үйге таратпақшы. Ал барар жолда Хамит әртүрлі кедергілерге кездесуі мүмкін. Ендеше оған көмектесуге дайынбыз ба?
Қыс мезгілі. Күн суытып, желдетіп, боран соға жөнелді. Хамит хатты Хасан үйіне апармақшы еді. Хамитке иті Хари жол көрсетти.
Харидің тапсырмасы:
Оқулықпен
жұмыс:1-жаттығу.
- Қарамен берілген сөздерді мен бастап оқимын, одан әрі сендер
жалғастыра оқисыңдар.
- осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
- хат - хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша
мәтін.
Хайуан-ол мағынасы жануар деген сөз.
Хайуанат-дала
аңдары,жануарлары.
Дәріхана - Дәpi - дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар - жаңалық
Халат - үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Шахмат - ойын
Ұстахана - темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана - әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын
орын.
Аурухана-адамдарды емдейтін орын.
Харидің тапсырмасын орындадық.Олар келе жатып алдарынан үлкен көпір көреді.Көпірден қалай өтеді?Ендеше тапсырма орындасақ, біз оларға көмектесеміз.
Дәптермен жұмыс:Х әріпін дәптерге жазу. Партада отыру ережесін есте сақтаймыз.Дәптерді партада қалай орналастырамыз?Қандай қолға қалам ұстаймыз?/Көркем етіп,коллиграфияны сақтап, таза жазамыз. /2 жол жазу,қалғанын үйде аяқтау/
Енді есту бойынша жазу./ О,м, р, қа, гүл,көше, Хамит/
Хамит иті Харимен бірге көпірден аман-есен өтті. Одан әрі жүріп келе жатқанда , алдарынан қалың орман кездеседі. Орманда нелер мекендейді?міне,ағаштың ар жағынан не шығып келеді?/қасқыр, түлкі,барыс,арыстан сөздерді буынға бөліп,буын санын анықтау/
Аздап тынығып алайық.Аңдар туралы қандай сергіту сәт өлеңдерін білеміз?
Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен.
Теріп теріп алайық.
Орнымызға қонайық.
Орманда құмырсқалар болама?Ендеше құмырсқаларды да ренжітпейік.
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа,
Допты алып қолына,
Қойды оның жолына,
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Хамит иті Харимен бірге қалың орманнан да өтті.Енді келе жатқанда алдарынан үлкен тау кездеседі, енді таудан өтуге көмектесеміз бе?
Тақтада берілген өлеңді мәнерлеп оқу.
Халел қарап қалмайды,
Хамитке хат арнайды.
«Хоккей добы керек!»- деп,
Хабарлайды хал-жайды.
/осы өлең жазылған парақшаны
оқушыларға тарату.оқушылар қызыл,көк түсті қарындашпен х әріпі бар
сөздердің дауысты ,дауыссыз дыбыс екенін ажыратып,сызу/және
дауыстап айту.
Енді олар келе жатып, жолда
биік тауды көреді. Таудан қалай өтеді? Ендеше тағы көмектесеміз бе,
балалар?
1 топ Көп нүктенің орнына
тиісті әріптерді қойып жаз. Ша...
мат, ас... ана,... алам,... абар,... алық, /қ, х./интереактивті
тақтаға жазу
2 топ Адасқан әріптерді орнына қойып жаз. /тақтада плакатта жазулы
тұрады/ оқушылар тақтаға шығып жазу. А қ а л/қала/,п е к м т
е/мектеп/, аат м/атам/,т а х/хат/,й о қ /қой/
Сөйтіп олар биік таудан да аман-есен өтті. Енді үйге жақындап
қалған сияқты. Ал үйдің айналасы әдемі қоршаумен қоршалған екен.
Енді содан өту керек. Көмекке дайынбыз ба,
балалар?
5. «Кітапхана» ойыны. Шарты: топтан 1 адам /кітапханашы/, 2 топтан 1 адам /оқушы/ шығып , диалог құрастыру.
Кітапханашы:Салеметсиз бе!
Оқушы:Салеметсиз бе кітапханашы апай!
Сізден кітап алсам болама екен?
Әрине болады.Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?
Маған балаларға арналған ертегілер кітабы өте жақсы ұнайды.
Міне ендеше сенің ұнатып оқитын ертегің.
Рахмет сізге.Сау болыныз.
Сау бол!
Осылайша Хамит пен Хари Хамиттің үйіне де жетті. Ал біз олардың жолдағы кедергілерден өтуіне көп көмек көрсеттік.
Бекіту: Тест тапсырмалары
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
А) 42 Б) 40 В) 35
2. А дыбысы дыбыстың қай түріне жатады?
А) дауыссыз Б) дауысты В) қатаң
3. М дыбысы үн мен салдырдың қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) ашық Б) қатаң В) үнді
4. Мектеп сөзі қалай естіледі?
А) жуан Б) жіңішке В) қатты
5. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) Шахмад Б) асқана В) хабар
6. Дауыссыз дыбыстарды тап.
А) к,қ Б) а, о В) ұ, м
7. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны
А) 20 Б) 12 В) 10
8. Жіңішке дауысты дыбыстар бар сөзді тап
А) көше Б) қала В) аудан
Ендеше Хамит сендерге хат жолдаған екен.Ол хатында былай депті.Қазыр мен оқып берейін,тыңдаңдар.
Құрметті 1сынып оқушылары.Сендер маған көп көмек көрсеттіңдер.Алдағы уақытта оқуларыңды тек жақсы ,өте жақсы деген бағаға оқып,ата-аналарыңды қуантатын болыңдар. Маған көмектескендей,ата-аналарыңа,мұғалімдеріңе де көмек көрсете біліңдер.Тек сендерге сәттілік тілеймін.Сендерге көп-көп рахмет.Сау болыңдар!-деген екен.
Біз не дейміз? Сау болыңыз.
Үйге тапсырма: оқулықтың бетіндегі сөздерді оқу, дәптердің бетіндегі сөздерді жазуды аяқтау.
Кері байланыс:
Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?Бүгінгі сабақта 2 топтың да оқушылары сабаққа белсене қатыстыңдар,жарайсыңдар.Қанеки бәріміз бір-бірімізге қарап: «Жарайсың!»деп айтайық. Ал енді жақсы қатысқан балаларға мен смайлик таратамын.
«Қоштасу» Жылу
шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық. Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Мақпал негізгі мектебі
САУАТ АШУ пәнінен
ашық сабақ тақырыбы:
«Х дыбысы мен әрпі.»
1 «А» сыныбы
Өткізген: Досымова Г.А.
2017- 2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Х дыбысы мен әрпі" 1-сынып

шағым қалдыра аласыз