400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздер мен сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау, сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қою, мәтінді түсіну, Хх дыбысы мен әрпін басқа әріптерден ажырату;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Серикова Мадина Боранбаевна

Қарағанды қаласы «№48 жалпы білім беретін орта мектебі » КММ, бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 12.02.

Сынып: 1

Пәні: сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

Сабақтың мақсаттары

Сөздер мен сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау, сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қою, мәтінді түсіну, Хх дыбысы мен әрпін басқа әріптерден ажырату;

Барлық оқушылар: Хх дыбысы мен әрпін таниды, оқиды, жаза алады,

Оқушылардың басым бөлігі: Сөздерге сөйлем құрайды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Кейбір оқушылар: Мәтіннің мазмұнын айтып береді, сұрақтарға толық жауап береді

Жетістік критерийлері

Білу, түсіну: әріптерді таниды, дыбыстарды бір-бірінен ажырата алады,

Қолдану: сызбаға сәйкес сөйлем құрай алады; суреттердегі заттарды атап, буынға бөледі

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Слайдтар , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Хат-письмо, кітапхана-библиотека, асхана-столовая, емхана – поликлиника

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Өткенді қайталау.

1. Дыбысты не істейміз? Әріпті не істейміз?

2. Буын неден құралады?

3. Сөз неден құралады?

4. Сөйлем неден құралады? Сөйлем дегеніміз не?

5.Балалар қазақ алфавитінде неше әріп бар ?

6.Неше дыбыс бар?

7. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

8.Неше дауысты дыбыс бар ?

9. Неше дауыссыз дыбыс бар ?

10. Балалар біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ?

11. Х дыбысы қандай дыбыс?

ҚБ: «От шашу»





Шаттық шебері



Сабақтың ортасы

8 минут



Әріпті жұмбақ.

Сәлем алып алыстан,

Туысыңнан, таныстан.

Келетұғын «хат», «хабар»,

Қай әріптен басталған? (Х)

  • Дұрыс айтасындар, балалар! Ақылдыларым менің!

  • Х әрпінен келетін сөздерді атап шығайықшы?

Хабар, хор, Халел, халат, хайуанат.

  • Сөзде неше буын бар?

  • Осы сөздерге сөйлем құрайықшы.

Оқылым.

№2. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Халел қарап қалмайды,

Хамитқа хат арнайды.

«Хоккей добы керек!»-деп,

Хабарлайды хал-жайды.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

Автор туралы мәлімет.

Жазушы,ақын Ермек Өтетілеуұлы 1938 жылы 1- қаңтарда Ақмола қаласында туған. 2006 жылы дүниеден өткен.


Слайдтар








Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Көзге арналған жаттығулар

Видеоролик

Аяқталуы

16 минут










Қызықты

тапсырма

8 минут


№3 Сұрақтардың жауабын болжа. Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.

-Сен кітапханада болдың ба?

-Қандай кітаптар алдың?

-Кітаптарды таңдауға кім көмектесті?

-Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?

ҚБ: «Мадақтау»


Сен білесің бе?

Әлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болған.Қазақстанда кітапхана алғаш рет  Павлодар облысында 1892 жылдан бастап ашылған.


Жазылым.

Сөздерді әдемі, көркем жазады.


1-тапсырма. Сөйлемдерді аяқта.

Атама Алматыдан хат ... . ... бағында түрлі аңдар бар. Әжем газеттен жақсы хабар .... . Халел мен ... хоккей ойнады.

2-тапсырма. Кестеден хат, хабар, хор, халат, Хамит, Халел, хайуанат сөздерін тап.

з

Х

ш

п

р

о

т

л

Х

х

а

х

а

л

а

т

д

а

о

м

в

с

м

ь

б

ж

л

р

и

ы

ф

т

а

х

о

е

т

т

ц

г

д

ж

у

д

л

и

п

г

х

а

б

а

р

з

с

р

к

ә

і

ғ

ө

қ

э

т

а

н

а

у

й

а

х

ә


ҚБ: «Үш шапалақ», «Мадақтау».

Кітапхананың суреті, қызықты кітаптар топтамасы,






Слайд




Дәптерлер.



Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

  • Балалар, бүгін қандай жетістікке жеттіңдер?

  • Нені үйрендіңдер?

Жетістік баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

  • Хх дыбысы қандай дыбыс?

  • Хх әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  • Хх дыбысынан келетін сөздерді айт және сөйлем құрап айт.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі