400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А тырау қаласы

Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Канатова Тыныштык Сатыбалдина









Күні:2.02

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Хат-письмо

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Психологиялық ахуал. «Көтеріңкі көңіл-күй»

– Көңіл- күйлерің қалай?

  • Сабаққа дайынбыз ба?

  • Сіздерге сәттілік тілеймін.

Өткен тақырыпты қайталау. 
Ойын «Сенесің бе?» Айтқан тұжырымдарға «Ия», «Жоқ»деп жауап береді. 
Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. (ия)

Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз.(жоқ)

Әріптерді біз жазамыз, көреміз.(ия)

Б дыбысы тек сөз басында келеді (жоқ)

Жаңбыр, боран табиғат құбылысы (иа)





Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

8 минут



Жұмбақ

«Қарада» жоқ «ханда» бар

«Қағазда» жоқ «хатта» бар 
Кәне, ойланып көрейік, 
Бұл әріпті кім табар? (Х әрпі ) 

Ендеше бүгін өтетін жаңа сабағымыз Х әрпі мен дыбысы.

Х дыбысын хормен айту

Х әрпі дауыссыз, қатаң дыбыс.

Х әрпі қазақ тілінде байырғы сөздердің құрамында кездеспейді. Араб, парсы, орыс тілдерінен ен-ген сөздер мен халықаралық терминдерге тән

Х әрпі кездесетін сөздерді ата

«Х» еліне саяхат

Сонымен «Х»елінен бізге хат келіп тұр.

Хат туралы білімдерін анықтау, толықтыру, пысықтау.

Бүгінде хат жазыла ма?

Ертеде хаттың қандай қызметі болды деп ойлайсыз?

Хат - ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі.

Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға бола-ды? /Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы жібереді./

«Хат» сөзіне дыбыстық талдау

Ендеше, бүгінгі хатта тегін емес, хатта мектеп ішінде саяхаттау сызбасын жіберіпті.

1 аялдама : Кітапхана . Тапсырмасы: №1 тапсырма.

1-топ: Жазылған сөздерді оқы

хат халат хайуан

хабар шахмат хайуанат

2-топ: Сөздерге дыбыстық талдау жаса

хайуан халат хат

3-топ: Сөздерді буынға бөл

шахмат хайуанат хабар

4-топ: Сурет бойынша сөйлем құра (хат, шахмат)

Бағалау «Бас бармақ»



Хат- ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі.

Хабар - жаңалық. 

Халат -  үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм. 

Шахмат - ойын.

Хайуан – жануар.

Хайуанаттар бағы – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) мекемесі.


2-аялдама : Емхана Тапсырма

Берілген сөздерді белгі бойынша сәйкестендіріп жаңа сөз құра. Сөздерге сөйлем құра.

1 топ: Кітапхана Шеберхана

2 топ Асхана Аурухана

3 топ Шайхана Ұстахана

4 топ Емхана Дәріхана


Бағалау . Топ басшысы бағалайды



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

«Кім тапқыр» ойыны


Сергіту сәтіне арналған жинақ




Қызықты тапсырма

8 минут





3 аялдама : Асхана

"СӨЗ ОЙЛА, ТЕЗ ОЙЛА". Х әрпі бар сөздерді айту.

(хат, хабар, халық, шахмат, хайуан, хайуанат, халат. дәрі-хана, асхана, кітапхана, шеберхана, аурухана, наубайхана)

4 аялдама : Сынып

Дәптермен жұмыс


«Соңғы сөзді маған қалдыр»

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?

  • Х дыбысы қандай дыбыс?

  • Х –дан келетін сөздерді білдік.

  • Сөздің қай жерінде келеді?





Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут



Кері байланыс «Хат пен СМС»



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
1555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі