жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Хайуанаттар бағындағы қызықтар "
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар.
Мақсаты:Хайуанаттар бағы туралы түсінік алады,жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау,аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету,ойлау қабілеттерін дамытады, жануарларды қорғауға, қамқор болуға,сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиеленеді.
Сөздік жұмыс: хайуанат,хайуанаттар бағы.
|
Іс – әрекет бөлімдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Ұйымдастыру ( ынталандыру) Топқа бөлу |
Шаттық шеңбер: Жер бар дүниеде құшағы кең, Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең. Адамзат жан- жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. Топқа бөлу(жануар. суретімен) |
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады. Топқа бөлініп отыру |
|
Қызығушылығын ояту (ізденістер) Үй тапсырмасы. Ойқозғау стратегиясы Ойын: «Хайуанаттар бағына бару.» Тапсырма Мағынаны тану Слайд Сұрақ жауап Оқулықпен жұмыс «Дауысынан таны» дидактикалық ойыны |
1.Қазір жылдың қай мезгілі?Көктемнің алғашқы мейрамын атап өттік ? (тақпақтарын айту) № 6 автобуспен Хайуанаттар бағына саяхатқа баратынын айту.Бағтарда келе жатып аялдаманы санау. Топпен жұмыс 1-аялдама. Жабайы аңдарды атау.Басқаша қалай атаймыз?Тағыда қандай жануарларды білеміз? 2-аялдама.Сергітусәті. Ерте орманға бардық .Еңкейіп жинап,саңырауқұлақ тердік.Орманда адасып қалды.Отыра қалдық. 3-аялдама.Балаларын ата. 4-аялдама.Жұмбақ жасыру 5-аялдама.Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қалай тіршілік етеді? Азықты қайсысы жинайды? (Ол жаз бойы саңырауқұлақ,жаңғақтарды) (тиін, аю) Қыста соларды қорек етеді. Қайда мекендейді? Ал,саяб. керісінше(азықтандырады,суарады,күтуші болады) Мысалы: (тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштар мен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде тығылған құрттарды тұмсығымен теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған кезінде құрттардың біразы жерге түседі. Қар бетіне түскен құрттармен шымшық, торғайлар қоректенеді. Орманнан тоқылдақтың «тоқ-тоқ» деген дыбысын жиі естуге болады.
6.Жануар ерекшелігі Тулкі қу,терісі әдемі, қоян қорқақ ,аю аңқау, табиғат санитары қасқыр т.б Торда тұрған хайуанат.суретіне әңгіме құрастыр,шытырман жолдан адаасқан көжекті хайуан .бағына жеткіз. Шарты: аудиотасападан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату.. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді: Шаттық шеңбер: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді. |
Балалар тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Балалар жануарлар туралы әңгімелейді. (орын.тұрып жүру) (алға еңкею) (отыру) (жан жағына қарау) Атайды. Шешеді. Жауап береді. Тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды. Үлгі жауап: Аю апанында қысқы ұйқыға кетеді. Тілектер айту |
|
Қорытындылау Жұлдызша(Бағалау) Кері байланыс(бағдаршам) Үйге тапсырма |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Қызыл -түсінген жоқпын Сары- түсінік толық емес Жасыл –түсіндім Ұнаған жануардың суретін салу. |
Көп жинау арқылы балалар өздерін бағалайды. |
Күтілетін нәтиже: Хайуанаттардың ерекшеліктерін ұғыну.
Білуі тиіс: Аңдарға деген қызығушылығын білдіру.
Түсінігі: Туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.
Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген