400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Халқым менің қонақжай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ елінің қонақжайлылығы туралы мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



Ашық сабақ

Тақырыбы:

Халқым менің қонақжай





Пән мұғалімі: Султанова Айгуль



























Сабақтың тақырыбы: «Халқым менің қонақжай»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға «сыйластық», «достық», «туыстық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- қонақ күту дәстүрі туралы түсінік беру;

- қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;

- қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:оқулық,үнтаспа,сюжетті суреттер.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік, сахналық ойын.

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады.Көңілді ән шырқайды.

Қонақжайлылық белгісі

Сырттан келген мейманға Сәлем беріп қол алсаң, Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз»- деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, Екінші еткен қызметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп құп алсаң, Үшінші еткен құрметің. Мейман риза болғаны- Құрметпен үйге қонғаны.

-Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету туралы айтылған?

Әңгімелесу: -Қонақ деп кімді айтамыз? -Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қонақ дегеніміз – үйге келген сыйлы кісілер.Қазақ кез-келген қонағына мал соя бермеген,бірақ әрқашан «сыбаға» сақтаған.Малды алыстан келген қонаққа сойған.

-Қонақжайлылық- бұл қонақты сыйлай білу,оған құрмет көрсету.

Мәтінмен жұмыс: Қонақасы. (аңыз)

-Қалай ойлайсыңдар,данышпан қарт өзінің еншісін нешеге бөледі?

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,қарт төртінші бөлігін кімге қалдырады?

-Сыбаға дегенді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. –Дұрыс айтасыңдар, балалар. –«Сыбаға» - құрметті қонаққа немесе өздерінің жақындарына арнап сақтаған кәделі тағамдары.

-Қонақасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Ия, балалар ,- «қонақасы» - сөзі «қонақ» және «ас» деген екі сөздің бірігуінен құрылған. «Қонақасы» ұғымы келген қонаққа арнайы дайындалатын ас деген түсінікті білдіреді.

Қонақ күтуден адамдар арасындағы сыйластық,мейірімділік, сүйіспеншілік,жылы шырай танытушылық ,кең пейілділік,жылы жүректілік байқалады. Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады.Киінуіне, шешінуіне көмектеседі,көңілін аулауға тырысады. Ал , жомарт адамның дастарқаны мол болады.Былғап қояр,сындырып қояр демей ойыншықтарын,кітаптарын көрсетеді.Қонағының неғұрлым көңілді отыруын қалайды.

  • Міне сонда ғана сені қонақжай адам деуге болады. Тапсырма: Балалар үш топқа бөлінеді. 1.«Суреттерде берілген дастарқан мәзірлерін кімдерге,қалай ұсынар едіңдер»? – деген сұрақпен 3 топ 3 сурет бойынша әңгіме құрастырады. 2.Ойын: «Қонақты қарсы алу» І - топ: конаққа келген достарын, ІІ – топ: қонаққа келген жақын туыстарын, ІІІ – топ: ата-аналары үйде жоқ уақытта қонаққа келген туыстарын күтуді рөлдерде ойнап көрсетеді.

І –топ: дастарқанға қонаққа ұсынылатын тағамдардың суретін салады

ІІ-топ: Дастарқанға қойылатын тағамдар бірнеше бөлікке бөлінген.Соларды құрастырады. ІІІ - топ: «Мені жалғастыр» берілген мақалды ары қарай жалғастырады және берілген сөзден бірнеше сөз құрайды.

Жаңа ақпарат: Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық.Қонақжайлылық адамдар арасындағы сыйластықты,бір-біріне деген құрметті,қамқорлықты көрсетеді.

Дәйексөз: «Жақсы қонақ – құт, береке». –« Жақсы қонақ – құт,береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Иә, ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе,сонымен бірге үйге қуаныш,бақыт,жақсылық келеді, деп қуанатын болған. «Құтты қонақ келгенде қой егіз табады» - деп жақсылыққа жорыған.Өйткені жақсы адам қонаққа жақсы ниетпен ,жылы тілекпен,мейірімді жүрекпен барады.Дастарқан басында жақсы сөздер айтып,көңілді отырады,айналасына қуаныш,күлкі сыйлайды.Халықтың «Жақсы қонақ – құт,береке» деп айтуы осыдан қалған.

Дәптермен жұмыс орындалады:

Күн құрастыру. Қонақжайлылық белгілерін жазу.

«Дастарқанға бата»

  • Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады. Дастарқанға батаны төрде отырған ең сыйлы қонақ береді.Бата қонақжай үй иесіне арналады. Бата арқылы үй иесіне деген ризашылық білдіріліп,жақсы тілектер айтылады.Бата қазақ халқы үшін қасиетті де қастерлі тілек.Жасы үлкеннен,қариядан,сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылықтарға жетеді.



-Балалар, сендер қандай бата білесіңдер?

І-топ: Асқа байлық, Денге саулық берсін, Дастарқаның берекелі болсын, Әр күнің мерекелі болсын. Бақытың мол болсын, Абыройың зор болсын.

ІІ-топ: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын ! Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін!

ІІІ-топ: Ұзақ болсын ғұмырың, Биік болсын тұғырың! Ақиықтай қыран бол, Абылайдай ұран бол! Өнегелі,өрісті, Елін сүйген ұлан бол! Деп аталар өрелі Баталарын береді.

Қорытындылау. -Міне, балалар, қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталатынын және батаның түрлерін де білдік.Ендеше,бүгінгі өткен сабағымыздан алған білімдеріңді жүректеріңде сақтап ойларыңды қорытындылай отырып,келген қонақтарымыздан,жасы үлкен ұстаз болса ,бата-тілек сұрап сабағымызды аяқтайық.

Қазақы дастарқан.

Ей,халайық,халайық, Бар өнерге салайық. Уайым қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын.

Қайырмасы:

Дастарқан-ау,дастарқан, Мерекелі дастарқан, Берекелі дастарқан,ей(2 рет)

Жақсы келсе,құт болар, Жаман келсе,жұт болар. Жолаушымыз біз деген Асыл мұра іздеген.

Бағалау: Сабақта белсене қатысқан оқушыларды мадақтау,мақтау,бағалау.

Үйге тапсырма:

№28 сабақ. «Күн мен гүлдер» оқып келу.

Қаралды : № 12 15.01.2015ж

ӘБ жетекшісі: Ж.Идрисова.




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1099
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі