жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Халқымыздың салт-дәстүрі
Мектеп:Бидайық ЖОББМ |
||||||||||||
28-сабақ. Халқымыздың салт-дәстүрі |
||||||||||||
Күні:11.11.19 |
Мұғалімнің есімі Жуманова З.Ж |
|||||||||||
Сынып 4 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау 4.2.1.2* Шығарманы іштей көзжүгіртіп шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзету |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдана отырып тақырыпқа қатысты ойларын түйіндеп айтады. Өлеңді көз жүгіртіп, шолып оқып, қажетті ақпараттарға қатысты сұрақтар қояды. Пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді. Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпқа өз бетінше сын тұрғысынан баға береді. Кейбір оқушылар: Көшбасшылық танытады. |
|||||||||||
Бағалау критерийлері: |
Сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады. Оқу түрлерін қолданады. Қатені тауып, түзетеді. |
|||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жауапкершілік, белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлес қосу |
|||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
|||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Ғаламтор желісінен бейнебаян тамашалайды. |
|||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Мақал-мәтел жайлы |
|||||||||||
Жоспар |
||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
Басталуы 3 мин
3 мин |
(Ұ) Шаттық шеңбері. Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау менің басым Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық жұмысты атқарған Топқа бөлу. Асықтармен бөлу Қызығушылықты ояту (МК)»Кір жаю » әдісі бойынша өткенді қайталауға арналған тапсырмалар алып оқушылардың жауап беруін қадағалау .Мысалы мақалдарды жалғастырып айту. 1.Көз қорқақ,.......... 2.Мектеп-білім бұлағы, 3. Көп біл, аз сөйле 4 Балалы үйдің ұрлығы жатпайды 5.Өнер алды қызыл тіл 6 .Ата баланың қорғаны 7. Дос жылатып айтады,дұшпан 8. Жері байдың- елі бай
|
Оқушылар қимыл іс-әрекетпен көрсетеді
Мақал –мәтелдер жазылған парақшалар |
||||||||||
Ортасы 4 мин
20мин |
Мағынаны тану «Тыңда» айдары: Мейрамбек Беспаевтың орындауында «Бесік жыры» әні тыңдалады. Өздері білетін бесік жыры туралы айтады. (МК, Ұ) «Суреттер сөйлейді» айдары бойынша суреттегі салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді.
Дескрипторы: -Осы дәстүрлерді қайдан көргендерін айтады. -Өздеріне ұнайтын салт-дәстүрді атайды. ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері (МК, Ұ) «Ойлан» айдары бойынша «Неліктен салт-дәстүрлерді ұмытпай жалғастыру қажет?» деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтады. (Ж) «Оқу түрлерін қолдан» айдары «Бесік жыры» авторы Сағатбек Медеубекұлы туралы дерек айту.
Сағатбек Медеубекұлы
«Мәнерлеп
оқу» оқу айдары
Сағатбек Медеубекұлының «Бесік жыры» өлеңін оқушылар оқу түрлерін қолданып оқиды. Дескрипторы: Өлеңді іштей көз жүгіртіп шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып оқиды. ҚБ: (Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша «Кластер» әдісі бойынша тақтада халық ауыз әдебиетінің бір тармағы «тұрмыс-салт жырларының» түрлерін жинақтап жазуға мүмкіндік тудырылады.Балалар кәне, есімізге түсірейік тұрмыс- салт жырларынан халықтың тұрмыс-тіршілігін,әдет-ғұрыпын танып білеміз.Кластер кұрастырайық , ол үшін мына парта үстінде қима қағаздар бар соны тақтаға орналастырайық.
(Ұ) «Өзгертіп айт» айдары бойынша
(Т) «Бірлесіп орында» айдары бойынша кестеде берілген сөйлемдерді оқып, дұрыс сөйлеу үлгісін анықтайды.
Барлық жұмыс ұжымда жарияланады. Мақсаты: Топтағы оқушылар бірлесіп, проблемалық сұрақтың ортақ шешімін табуға үйренеді. Тиімділігі: Топта ортақ шешімге келе білуге дағдыланады. ҚБ:«Шапалақтау» әдісі бойынша топтардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыруға болады. Постер қорғау екі топқа бесік суретін беру . 1 топ бесіктің құрылысын қорғайды 2-топ бесік жабдықтарын қорғайды Тақтаға іледі ҚБ: мұғ қолдау сөзі |
Кластер кестесі
|
||||||||||
Аяқталуы
7 мин
Кері байланыс 3 минут |
Рефлексия. Сонымен балалар сабағымызға қонактар келіп отыр қонақ кәде сұрайық. Ол үшін мына киіз үй ішінде жасырынған қағаздарда екі дәстүр салынған бір қонағымыз таңдап алып үзінді көрсету керек. 1.Тұсау кесер Үйге тапсырма: Үлкендерден естіген «Бесік жырының» бір шумағын сұрастырып жазып ал. Әуенімен айтуға дайындал. 10. «Бесіктен өсіп шығыпты» тақырыбына шағын эссе жазады. Дескрипторы: 1. Халыққа сыйлы адамдарды мысалға алып, тақырыппен байланыстырады. (3–7 сөйлем) «Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сандықша бесік құралдары
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады. |
||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||||||||||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген