Материалдар / Ашық сабақ: Халқының мақтанышына айналған домбыра 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Халқының мақтанышына айналған домбыра 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды музыка сабағы кезінде немесе тәрбиелік шара ретінде де өткізуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
934
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка. Сабақ тақырыбы: «Халықтың мақтанышына айналған домбыра».Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы –домбыра туралы түсінік беру,оның құрылысымен танысу,аңыздарға тоқталу;2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру,өз ойын еркін айтуға баулу.Ән айту қабілетін дамыту;3. Тәрбиелік: Музыканы түсінуге, ұлттық өнерді, домбыраны қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас.Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап.
Дереккөздері: Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған қосымша материалдар, бағалау парақтары мен смайликтер.
Көрнекілігі: аспаптардың суреттері, слайдпен жұмыс,баян,домбыра аспаптары.І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сынып назарын сабаққа аудару.
Амандасу:Үлкенге де «Сіз»Кішіге де «Сіз»Мұғалімге құрметпенБас иеміз біз.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сыныпты топтастыру,топ жетекшісін тағайындау: І –топ: «Үрмелі аспаптар», ІІ –топ: «Ұрмалы аспаптар» , ІІІ -топ : «Үшекті аспаптар».Әр топқа сұрақтар қойылады.
  • Үрмелі аспаптар қалай орындалады?
  • Ұрмалы аспаптар қалай орындалады?
  • Ішекті аспаптар қалай орындалады?
  • Балалар, осы аталған топтар бойынша қандай аспаптар білеміз,осы аспаптарға ұқсас басқа халықтарда қандай аспаптар бар,сол аспаптарды қағаз бетіне түсіріңдер(Ассосация әдісі бойынша).
Жауаптарын әр топтың жетекшісі шығып,таныстырады.Топты бағалау.
  • Кәнекеи,балалар,енді ойынға кезек береміз.»Кім тапқыр» ойыны.
(Сурет бойынша аспапты сипаттау. Дауылпаз, сыбызғы, жетіген, қобыз, сазсырнай, ең соңында домбыра көрсетіледі).
  • Осы аспаптардың ішінде қай аспапты жиі көріп,пайдаланамыз?
  • Кімнің үйінде домбыра бар? Ол туралы не білеміз?
(Оқушы жауабын тыңдау,толықтыру).

ІІІ. Жаңа сабақ.
  • Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.Нағыз қазақ,қазақ емемс,Нағыз қазақ домбыра. –деген өлең жолдарында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі ұлттық музыкалық аспабымыз-домбырамен танысатын боламыз. Ертеде қазақтың домбыра аспабы әрбір үйдің төрінде ілулі тұрған.Домбыраны кез-келген қазақ баласы ойнай білген. Көшпелі қазақ халқы домбыра аспабын жансерігі етіп,өзімен бірге тастамай алып жүрген. Домбыра қазақ халқының арасында кең тараған қос ішекті,шертіп ойнайтын аспап.(Слайд көрсете отырып домбыраның жасалу жолдарымен, құрылысымен таныстыру). Домбыра қазақтың атақты әнші,күйші,ақындарының да жан серігі болған. Олар домбырамен ән салып,күй тартып,сайысқа түскен.(Суреттерін көрсету)



Қазақтың домбырасын қырғыздың қомыз, орыстың балалайка аспаптарымен салыстырып,ортақ тұстарын табу.
  • Қырғыз халқы домбыра тектес аспабын қомыз деп атайды.Қомыз-қырғыз халқында кеңінен таралған аспап.Домбыра аспабынан айырмашылығы, қомыз үш ішекті және мойнына перне тағылмайды.


Орыс халқының ең танымал аспабы-балалайка.Ертеде бұл аспап балаларға арналып жасалған.Сондықтан оның атауы бала сөзінен шыққан екен.Көңілді мерекелерде балалайкамен ән айтып,би билеген. (Слайдта қомыз, балалайка аспаптарының суреттері көрсетіледі).

Топтық жұмыс. Домбыра, қомыз,балалайка аспаптарының суреттері бар парақты үш топқа үлестіреміз.Топ мүшелері аспаптар туралы түсінгенін баяндайды. Топты бағалау.
  • Халқымыздың көнеаңыздарында домбыра талай жанды өлімнен құтқарып, өмір силаған.Сондай аңыздардың бірі «Ақсақ құлан» аңыз күйі. «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихымен таныс болайық.
Ертеде бір ел билеген ханның жалғыз ұлы болған екен.Бір күні ханның ұлы нөкерлерімен аң аулауға шығып,жазық далада жайылып жүрген бір топ құланға кезігіпті.Аңшылықтың қызығына берілген жігіттің садақтан атқан оғы үйірді бастап жүрген құланды жаралайды.Жанына батқан жарақатын ауырсынған құлан ызаланып,аңшыға қарсы шауып келіп,тұяғымен теуіп өлтіреді. Баласын бірер күн күтіп,аңшылықтан оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген хан: «Кімде-кім ұлым туралы жаман қайғылы хабар жеткізетін болса, көмейіне қорғасын ерітіп құямын»,-деп халыққа жар салыпты. Бұл хабарды естіген халық ханның алдына барып ,көңіл айтудан да қаймығады. Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі атақты күйшіге келіп,қолқа салыпты. Күйші еңсесі түсіп,күйзеліп отырған ханның алдына келіп,оның рұқсатын алған соң,домбырасын алып,бір күйді ойнай жөнеледі. Күңіренген күйдің сазымен ханның көз алдынан аңшылық көрініс ,ашулы құландардың тұяқтарының дүрсілі, жалғыз ұлының ғайып болып, көз жұмғаны өтіп жатады.Күйдің құдыретінің арқасында хан болған жайды түсініп,егіліп жылайды.Бір мезгілде есін жиған хан: «Ұстаңдар,мына күйшіні!»,-деп уәзірлеріне әмір береді.Сонда күйші: «Дат тақсыр!Мен емес, мына домбыра ғой сізге естірткен»,-депті. «Олай болса, домбыраның шанағына құйыңдар қорғасынды!»,-дейді хан.Міне,содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты.Бұл күйді естірткен күйші Кетбұға деген күйші екен. («Ақсақ құлан» күйін тыңдау, мултьфильмнен үзінді көрсету).- Балалар, күйді тыңдай отырып, нені түсіндіңдер?- Күй дегеніміз не?- Күйші дегеніміз кім?- Қандай күйшілерді білесіңдер?Домбыра аспабында тек күй ғана емес, ән мен терме де айтуға болады екен. Қане, оқушылар айтып жіберіңдерші: Домбыраны қолына алып ән айтатын қандай әншілерді білесіңдер? (М.Беспаев, М.Жүнісова, Қ.Байбосынов суреттерін көрсету).IV. Ән үйрену: муз.И.Нүсіпбаевтікі «Домбырасыз ән қайда».СӨЗЖҰМБАҚ «ДОМБЫРА»


д









о













м

















б













ы











р

















а











  • Құрманғазыдан бата алған күйші. (Дина)
  • Қобыз атасы. (Қорқыт)
  • «Қайран шешем» күйінің авторы. (Құрманғазы)
  • Қамыстан жасалған аспап. (Сыбызғы)
  • Қазақтың үрлемелі аспабы. (Бұғышақ)
  • Тәттімбеттің күйі. (Саржайлау)
  • Орыс халқының ішекті аспабы. (Балалайка)


V. Бекіту .- Домбыра қандай аспап?- Домбыра қандай ағаштардан жасалады?- Домбыра туралы қандай аңыз күйді білесің?- Күй дегеніміз не?- Күйші дегеніміз кім?- Домбыра аспабын өзіне серік еткен әнші,күйшілерді ата.VI. Бағалау. «Бағдаршам»Мұғалім оқушыларға бағалау критерий мен бағдаршамның көздері туралы түсінік береді.Қызыл түс-түсінген жоқпынСары түс-әлі де практика қажет/сұрақтар барЖасыл түс-барлығы түсінікті

VII. Үйге тапсырма. И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» жаттауДомбыраның суретін салып,құрылысын жаттап келу.

Мұқыр орта мектебінің жоғары санатты музыка пәні мұғалімі : Ә.Есенғалиев.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!