400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Халуа"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге Қазақстан халықтарының ұлттық өнімдері және шығыс тәттілерінің құнарлығы, пайдалығы жасалу жолдары туралы жалпы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: «Кондитерлік ұн өнімдерін дайындау технологиясы»

Топ: ОП-21

Күні:

Тақырыбы: «Қазақстан халықтарының ұлттық өнімдері және шығыс тәттілері. Халуа»

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Студенттерге Қазақстан халықтарының ұлттық өнімдері және шығыс тәттілерінің құнарлығы, пайдалығы жасалу жолдары туралы жалпы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойын дұрыс жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру. Студенттердің жылдамдықтарын, тапқырлықтарын, іздемпаздықтарын бақылау.

  3. Тәрбиелік: Үй шаруашылығына икемді болуға, ас мәзірін дайындауда тиянақтылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу, білімді саналы азамат болуға шақыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Ақпарат бере отырып дамыту

Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: Интерактивті тақта, сұрақ карта, слайд, суреттер, видео, плакат.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу

  2. Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу

ІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.

  1. Слайд пен видео көрсету.

  2. Дәптермен жұмыс.

  3. Тапқырлар алаңы (сұрақ жауап).

  4. Кім жылдам шешеді (ребус)?

  5. Жұмбақтар әлемі

ІІІ. Қорытындылау:

Ойлы болсаң, озып көр?

ІV.Бағалау:













ІІ.Кіріспе нұсқау. Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:

Студенттер жасырынған ұлттық және тәттілер бейнеленген сурет карточкаларын тандап, 2 топқа бөлінеді, әр топта 4 студенттен.

1-топқа – Қазақ ұлттық өнімдері

2-топқа – Шығыс тәттілері

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

«Қазақстан халықтарының ұлттық өнімдері және шығыс тәттілері. Халуа». Мақсаты: Студенттерге Қазақстан халықтарының ұлттық өнімдері және шығыс тәттілерінің құнарлығы, пайдалығы жасалу жолдары туралы жалпы түсінік беру.

Жаңа тақырыпты баяндау (конспект). Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін презентация және видео көрсетіледі. Барлығымыз назарымызды интерактивті тақтаға аударамыз.

Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар.

Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады.

Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама(рулет), вафли, т.б жатады.

Халуа – Орта және Қиыр Шығыс елдерінде кеңінен таралған шығыс тәттісі. Араб тілінен аударғанда «тәтті» деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет бұл десерт б.ғ.д. V ғасырда Иран елінде дайындалған. Халуаны дайындайтын аспаз-кондитерлерді «кандалатчи» деп атайды.

Халуа – қоректілігі жоғары өнім, оның құрамында (%) қант – 45, май – 33, ақуыз – 18 мөшерінде болады. Халуа өндірісінде негізгі шикізат: қант (немесе бал), мия тамыры, майлы дәндер. Сонымен қатар халуа құрамына какао ұнтағы, кептірілген жемістер, жаңғақтар, шоколад қосылуы да мүмкін.

Пайдаланылатын дәнді-дақылдарға байланысты халуа тахинді (күнжіт), күнбағысты, жаңғақты және құрама((комбинирленген) жаңғақ немесе дәндердің бірнеше түрінен жасалған) болып бөлінеді.

Негізгі құрамы күнжіт тұқымынан дайындалатын халуа түрі тахинді деп аталады.

Тахинді халуа құнарлылығы жоғары, ақуыз 13 г, май 30 г, көмірсу 51 г, 100 г өнім 516 ккалды құрайды. Сүтпен немесе кофемен ұсынылады. Тахиндік халуа құрамы Е, В витаминдеріне бай. Сонымен қатар құрамында кальций, фосфордың болуы буын ауруларына бірден бір ем.

Жаңғақты халуаны дайындау үшін грек, бадам жаңғақтарын уатылған және тұтас күйінде пайдалану арқылы алады.

Құрама халуа дегеніміз құрамына күнжіт, түрлі жаңғақтарды, күнбағыс дәндерін қосып дайындалатын халуа түрі. Мысалы, сауда орындарында жаңғақты тахинді халуа, жемістермен жаңғақты халуа, бадам тілімдерімен күнбағыс халуасы көбінен кездеседі.

Халуа 2 түрлі әдіспен дайындалады: үгітілген майлы дәндерден және құрамына көкөністер мен ұн қосылып. Көкөніс халуасы Пәкістан, Бангладеш, Үнді аспаздық өндірістерінде кеңінен таралған. Үгітілген майлы дәндерден дайындалатын халуаның негізгі құрамы – ақуыз массасы, қант сиропы және майлы дәндер.

Өндірістік мекемелерде халуа өлшемелі және қапталған күйінде сатылымға жіберіледі. Өлшемелі халуаның оң әсеріөнімнің балғындығын сыртқы түріне қарап таңдап алуға көп мүмкіндік береді. Қапталған халуадан өнімнің құрамы, өндірілген жері, құндылығы туралы мәлімет алуға болады, сонымен қатар өлшемелімен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзағырақ.

Шығыс елдерінде кеңінен таралған халуа түрі күнбағыс халуасы. Оның басты құрамы ұсақталған күнбағыс дәндері.

Дайындау үшін қажетті шикізаттар:

1. Күнбағыс дәндері

Сироп үшін:

2. Су

3. Қант

4. Ақуыз

5. Ваниль ұнтағы

Күнбағыс халуасының дайындалу технологиясы:

1. Күнбағыс дәндерін қуыру. Қуырылған күнбағыс дәндерін блендер көмегімен біртекті масса болғанға дейін уату.

2. 70 мл суға 200 г қантты салып сиропты толықтай қайнату.

3. Ақуызды миксер көмегімен үлпілдек масса болғанға дейін қопсыту.

4. Дайын болған сиропқа ақуызды, ванилинді қосып араластыру

5. Әбден уатылған күнбағыс дәндерін сироптың үстіне салып жақсылап араластыру

6. Дайын өнімді ыдысқа тегістеп салады да, тоңазытқышқа қатыруға қояды.

7. Күнбағыс халуасы дайын.

Мультимедиялық тақтадан оқытушының күнбағыс халуасын дайындалуын көрсеткен видеосабақ көрсетіледі.

Сапасына қойылатын талаптар: Халуаның сапасын анықтау үшін 2 әдіс қолданылады. Органолептикалық және зертханалық. Дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштері МЕМСТ 6502-94-на сәйкес дәмі, иісі, сыртқы түрі, консистенциясы анықталады. Толық дайын болған халуа кеуекті, аздап қытырлақ, консистенциясы тығыз болады.

  • Түсі: бірыңғай бір түсті;

Түріне сәйкес тахиндік халуа үшін - сірне түстес, жаңғақты -ашық сары, күнбағысты - сұр түстен қоңыр түске дейін.

  • Дәмі: тәтті, аздап майлы дәм, бөтен дәмсіз. Халуаның дәмі түріне байланысты

өзгеріп отырады. Тахинді халуада ащылау дәм болады.

  • Консистенциясы: Халуа тым құрғақ та, не жұмсақ та болмауы керек. Кесу кезінде

үгінділінеді. Бөлінген халуа арасы кеуекті болады.

Халуаның ылғалдылығы 4% көп емес, қант мөлшері 27-ден 45%, май мөлшері 30% кем емес, ал жаңғақты халуа май мөлшері 25%-дың кем емес. Консистенциясы нығыз, құрғақ, беткі жағы қарайған, ашқылтым дәмі бар халуа сатылымға жіберілмейді.

Сақталуы: Халуаны тоңазытқышта әйнек ыдыста сақтағанда өзінің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Егер халуа беті ашық қалатын болса, өнім құрғайды, сақталу уақыты кемиді. Балғын өнімді 18°С жоғары емес температурада 70% дейін салыстырмалы ауа ылғалдылығында тахинді және шоколадты глазурьмен - 60 күн, ал халуаның жаңғақты,күнбағыcты, құрама түрлері – 45 күн сақталады.

Пайда болатын ақаулар:

  • майдың ағуы, ашуы;

  • бетінің ылғалдануы;

  • қараюы;

  • өнім созылмалы, жабысқақ.

Пайдасы: Халуаның қай түрін алып қарасақ та құрамына байланысты әрқайсысының өзіне тән пайдалы қасиеттері бар. Күнбағыс халуасының құрамында кальций, магний, калий, натрий, фосфор, темірдің және В1 витаминінің (тиамин) болуы нерв, жүйке жүйесі, буын аурулары және асқорыту жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.

Жағымсыз әсерлері: Халуа құндылығы жоғары болғандықтан артық салмақтағы адамдарға күніне 20-30 г-нан артық мөлшерде жеуге болмайды. Ұзақ сақталу салдарынан күнбағыс дәндері адам өміріне аса қауіпті кадмий элементін өзіне сіңіріп отырады.

Қарсы көрсеткіштері:

  • Май басу кезінде;

  • Қант диабеті кезінде;

  • Панкреатит кезінде;

  • Бауыр ауруларында;

  • Асқазан ауруларында қолдануға болмайды.

  • Сонымен қатар кроссворд құрастырылды. Кроссворд сұрақтары оқылып, тапқан студент плакатқа жауабын жазады.

Кроссворд сұрақтары:

  1. Қатпарлы қамырдан дайындалатын шығыс тәттісі ?

  2. Козинак тәттісінің шыққан жері ?

  3. Шығыс тәттілерінің ассортименті алуан түрлі. Құрамы мен қасиеті бойынша оларды үш топқа біріктіреді? Соның бірі?

  4. Түркия сұлтандарының бірінің арқасында пайда болған. Ол аспазшыларына жаңа өнім ойлап табуды бұйырады. Патшасының көңілін аулау мақсатында сарай аспазшысы тәтті тағамды ойлап табады? Қандай шығыс тәттісі?

  5. Кремдерді дайындаудың ең негізгі тәсілі ?






п

а

Х

л

а

в

а





к

А

в

к

а

з


к

а

р

а

м

е

Л

ь



Р

а

х

а

т

-

л

У

к

у

м







ш

А

й

қ

а

у




Тапқырлар алаңы (сұрақ жауап).

2 топқа алма кезек 5,10,15,20 ұпайлық сұрақтар қойылады. Әрбір студент

өзінің қалаған ұпайын тандап, сол сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

1.Ұнның дымқылдығын қандай әдіспен анықтауға болады?

Ұнды електен өткізудегі мақсат? (5ұпай)

2.Қамыр түрлері? (20 ұпай)

3.Желатин дегеніміз? (10 ұпай)

4.Пектинді заттар дегеніміз? (20 ұпай)

5.Сорбит дегенміз? (15ұпай)

6.Тосап дегенміз? (15ұпай)

7.Повидло дегеніміз? (10 ұпай)

8.Кәмпиттер дегеніміз? (5ұпай)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі