Материалдар / Ашық сабақ халық күйі Арынғазы

Ашық сабақ халық күйі Арынғазы

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім мекемелеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
385
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау ауданы балалар өнер мектебі







Халық күйі «Арынғазы»

(Ашық сабақ)







Домбыра сыныбының мұғалімі: Сақтағанова Б



2021жыл

Маңғыстау ауданы

Балалар өнер мектебінің

Мұғалімі:Сақтағанова Б

Сабақтың тақырыбы: Халық күйі «Арынғазы»

2-сынып оқушысы:Тлеужан Сымбат

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Тәрбиелігі

Дамытушылығы

Көрнекіліктер

Халық күйі туралы түсінік беру.Күйді еркін,шебер ойнай білуін қалыптастыру.Күйдің мағынасын ұғындыру.Өсіп келе жатқан ұрпақтың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасы күй өнерін насихаттауарқылы білімділігін жетілдіру.

Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған жерге деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Рухани жан дүниесін байыту,күйді орындаумен қатар оның шыу тарихын аңызын білуге,домбыра аспабын қастерлей білуге баулу.

Оқушыға күйде кездесетін қағыстарды,ырғақтың орындалу ерекшеліктерін меңгерту,есте сақтау қабілетін дамыту.Домбыра аспабын ойнағанда аппликатура,позиция қағидаларын сақтап ойнау.

Интербелсенді тақта,буклет,кітаптар,видео үзінділер,суреттер.





Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже


I.Ұйымдастыру

Оқушымен амандасу.Оқушының құрал-жабдықтарын тексеріп,отырысын түзету,сабақ әзірлігін тексеру.

Сәлемдесу,сабаққа назар аударып,берілген үй тапсырмасын көрсету.

Берілген үй тапсырмасын өз деңгейінде орындау.

II.Үй тапсырмасы

Оқушыдан үй тапсырмасын сұрау.Халық күйі туралы сұрау.Күйдің,шығарманың дұрыс санап ойнап,динамикалық белгілермен жұмыс жасау.Ойнау жылдамдығына мән беру.

Оқушы үйге берілген тапсырманы жатқа ойнап көрсетеді.Халық күйі «Айжан қыз» Шығармасы Иванников «Өрмекші» Шығарманы фортепианомен сүйемелдеу

Домбыра үнін таза ойнау.Шығарманың жылдамдығын,динамикалық белгілерін сақтай отырып,өз дәрежесінде ойнау.











Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

III.Жаңа сабақ

Бүгін жаңа сабағымыздың тақырыбы Халық күйі «Арынғазы» Күйдің шығу тарихына тоқталсақ,алмағайып аласапыран заманда өмір сүрген (1785-1833) Арынғазы Әбілғазизұлы.Ол елдің тұтастығы,жердің бүтіндегі үшін күрескен көрнекті мемлекет қайраткері,көреген саясаткер дәулескер күйші болған.Шежіре тілмен айтқанда Қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз-Жәнібектің ұрпағынан өрбіген батыр.Арынғазы саясаткер ретінде көрші Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанған.Әкесі Әбілғазиз дүниеден өткен соң Арынғазы хан болып сайланады.Жағалбайлы,Шекті т.б рулардың көсемдері Арынғазыны ақ киізге отырғызып төбесінен алтын-күміс теңгелер құйып таққа отыру құрметіне қымбат бағалы сыйлықтар тарту етеді.Тек Ресей патшасы ғана хан деп мойындамайды.Арынғазы ел ішінің береке-бірлігіне айрықша көңіл бөледі.Қол астындағы халқының жарастықты өмір сүруіне жағдай жасайды.Оның тегеурінді қимылдарынан секем алған Ресей патшасы,Санкт-Петербургке барған Арынғазыны қанды шеңгелінен шығармай 1823 жылы Калугага жер аударып жіберді.1833 жылы белгісіз себептермен дүние салады.Елім деп жүрген батырдың сүйегі Калуга топырағында қалады.Ресей тарихшылары Арынғазы «Халқын шын сүйген,ары таза адам» деп баға берген.Арынғазының ерекше болмыс-бітіміндей болып,оның азаттық деген асқақ рухындай болып артында «Арынғазы» күйі қалды.Ол күй аманат өсиетіндей болып қазақ халқымен бірге келеді.

Оқушының Арынғазы Әбілғазизұлының өмірімен танысады. «Арынғазы» күйін видеодан тамашалап,мұғалімнің орындауында тыңдайды.

Оқушы күйді мұқият тыңдайды,қағыстарын,әуенін,орындалуын қадағалайды.Интербелсенді тақтадан тыңдату арқылы күйді үйрену



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

IY.Музыка тыңдау

Күйді бейне жазбадан тыңдату.

Оқушы тыңдап күйден алған әсерін айтады.

Күйді мұқият тыңдап құлаққа сіңіру,күйді таза өз деңгейінде тартып үйрету.

Y.Сергіту сәті

Динамикалық белгілерін сұрақтар беру

Оқушы тақтаға динамикалық белгілерді жазып көрсетеді.

Оқушының музыкалық сауатын жетілдіру.

YI.Қорытынды

Сабақты қорытындылау үшін,бүгінгі өткен Халақ күйі «Арынғазының» шығу тарихын пысықтап сұрау

Оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.

Күйдің шығу тарихын түсіну.Қағыстарын дұрыс меңгеру.

YII.Үйге тапсырма

«Арынғазы» күйінің берілген жеріне дейін жаттап келу.Үн таспадан тыңдау арқылы өз деңгейінде әдемілеп ойнау.

Берілген тапсырманы өз деңгейінде ойнап келу керек екенін түсінді.

Күйді нотамен тиянақты дайындалуын қадағалау.

YIII.Бағалау

Оқушының жетістіктерін айту,мадақтау,бағалау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ